Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларын бекiту туралы (2024.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.18.04. № 142 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.18.04. № 142 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 5) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 6) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тізім бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|