|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1737 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн. 2. № 1-қосымшаға сәйкес қол қойылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын. 3. № 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң 1997 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 465 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер 1. ҚР Үкіметінiң 2004.27.12. № 1406 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2. ҚР Үкіметінiң 2005.04.03. № 205 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінiң 1999.27.08. № 1268 қаулысымен алып тасталды 4. ҚР Үкіметінiң 2005.09.02. № 124 қаулысымен күшін жойды (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 465 қаулысына № 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI 1. Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1989 жылғы 13 ақпандағы № 28 өкімі. 2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 11 мамырдағы № 643-22-с қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 шiлдедегi № 966 қаулысының үшiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 24, 277-құжат). Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 465 қаулысына № 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI 1. "Қазақ мемлекеттік басқару академиясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 мамырдағы № 426 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 18, 222-құжат). 2. ҚР Үкіметінiң 1997.17.06. № 982 қаулысымен алып тасталды 2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қазақ мемлекеттік заң институтын ұйымдастыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 26 мамырдағы № 564 қаулысының 8-тармағының екiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, № 23, 245-құжат). 3. "Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 тамыздағы № 927 қаулысының 3-тармағы. 4. "Қазақ ұлттық техникалық университетi мен Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы № 1488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 49, 559-құжат). 5. "Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару мектебi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 11 қаңтардағы қаулысының 1-тармағының екiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 2, 19-құжат). 6. "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы қаулысының 53-тармағы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |