Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері (2021.18.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2011.24.08. № 142 Жарлығымен тақырыбында және мәтінінде «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылды (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2017.05.05. № 471 Жарлығымен тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы туралы» 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 31, 471-құжат); 2) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1994 жылғы 20 қазандағы № 1949 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 42, 454-құжат); 3) Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1997 жылғы 24 қазандағы № 3716 жарлығы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 47, 435-құжат). 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|