|
|
|
Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялард қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамасының 2002 ж. 23 желтоқсандағы N 508 қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.03 ж. N 229 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау ж/гі агенттігі төрағасының 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. 3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны кредиттік серіктестіктерге және ипотекалық компанияларға жіберсін. 5. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін. Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мынадай нормативтік құқықтық актілерінің: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 17 шілдедегі N 217 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 909 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйек-10 қазанда жарияланған); 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 436 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1046 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 24 сәуір-7 мамырда жарияланған); 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1093 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 27 наурыз-9 сәуірде жарияланған); 4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысымен бекітілген Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 387 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1331 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 18-31 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысымен бекітілген Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық банк заңдарына сәйкес әзірленген және кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді. 2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың Ұлттық Банкке беретін қаржылық есебі мен қаржылық есепке қосымша мәліметтеріне бірыңғай талаптар белгілеу болып табылады. 3. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есебі мен қаржылық есепке қосымша мәліметтері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп жөніндегі заңдарында белгіленген талаптарға және осы Нұсқаулыққа сәйкес жасалады. 4. Ұлттық Банктің банк заңдарында көзделген операциялар жүргізуге берілген лицензиясы бар барлық кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялар есеп береді. 2-тарау. Есеп беру 5. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есебіне: 1) бухгалтерлік баланс - N 1 нысан (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы); 2) кірістер мен шығыстар туралы есеп - N 2 нысан (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы); 3) ақша қозғалысы туралы есеп - N 3 нысан (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасы) кіреді. 6. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есепке қосымша мәліметтеріне мыналар жатады: 1) баланс - 700-НО нысаны (осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасы) мен оған қосымшалар; 2) берілген заемдар мен қаржы лизингі туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасы); 3) салымдар және ағымдағы шоттар туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасы); 4) ипотекалық заемдарға қызмет көрсету туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасы) - тек қана ипотекалық компаниялар береді. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.03 ж. N 229 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялар орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына (бұдан әрі - Ұлттық Банктің филиалдары) мынадай кезеңділікпен қаржылық есеп және қаржылық есепке қосымша мәліметтер (бұдан әрі - есеп) береді: 1) ай сайын - есепті айдан кейінгі айдың 8-інен кешіктірмей - 700-НО нысаны және 700-НО нысанына 1-5 қосымшалар; 2) тоқсан сайын - есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей - N 1 нысан, N 2 нысан, осы Нұсқаулықтың 5, 6 және 7-қосымшалары; 3) жыл сайын - Ұлттық Банктің Басқармасы белгілеген мерзімдерде - N 3 нысан. 8. Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялар Ұлттық Банктің филиалдарына есепті электрондық тасымалдауышпен және қағаз түрінде береді. 9. Қағаз түріндегі есеп электрондық тасымалдауышпен берілген есепке сәйкес болуға тиіс. 10. Қағаз түріндегі есеп үш данада жасалып, есептің екі данасы Ұлттық Банктің филиалына беріледі, үшінші данасы кредиттік серіктестікте немесе ипотекалық компанияда қалады. Қағаз түріндегі есепке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олардың қол қою құқығы бар орынбасарлары қол қояды және кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның мөрімен расталады. 11. Есеп Ұлттық Банктің филиалына жіберілген кезде есептің барлық парақтары нөмірленіп, ілеспе хатта олардың жалпы саны көрсетіледі. 12. Есептің деректері ұлттық валютамен - теңгемен көрсетіледі. 13. Есеп жасағанда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есептегі бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғарғы сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді. 14. Түзетілген және өшірілген қағаз түріндегі есепті Ұлттық Банктің филиалы қабылдамайды және кері қайтарады. 15. Есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, кредиттік серіктестік немесе ипотекалық компания есеп берген күннен бастап үш күндік мерзімде өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіріп, Ұлттық Банктің филиалына жазбаша өтініш хат жібереді. 16. Ұлттық Банктің филиалы қағазбен берілген есептің дұрыс ресімделгенін және толықтығын тексереді, қағаз түріндегі есептерді электрондық тасымалдауышпен берілген есептермен сәйкестігі тұрғысынан салыстырады. 17. Ұлттық Банктің филиалы кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның ұсынған есебінде дәлсіздіктер немесе қателер анықтаған жағдайда, оны пысықтау үшін қайтаруға құқылы. 18. Ұлттық Банктің филиалы есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, Ұлттық Банкке кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның тексерілген есебінің қағаз түріндегі бір данасын және есепті электрондық тасымалдауышпен жібереді. 19. Ұлттық Банк өзінің өкілеттігі шегінде және өздерінің бақылау және қадағалау функциясын атқару мақсатында жекелеген күндерге тиісті қосымшаларымен және нысандарымен берілген есеп, сондай-ақ растайтын құжаттар талап етуге құқылы. 20. Кредиттік серіктестік немесе ипотекалық компания есеп бермегені немесе осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген есеп беру мерзімін бұзғаны, сондай-ақ толық емес және шынайы емес ақпарат бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді. 3-тарау. Қорытынды ережелер 21. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы Нұсқаулыққа 1-қосымша ┌────────────────┐ │РНН нөмірі │ │ОКПО коды │ │ББК │ │ЖБК │ │Тіркеу нөмірі │ ├Қызмет түрі │ │Орналасқан жері │ └────────────────┘ N 1 нысан "Бухгалтерлік баланс" __________________________________________________________________ (кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның толық атауы) ___________________жылғы жағдай бойынша мың теңгемен
Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы Нұсқаулыққа 2-қосымша ┌────────────────┐ │РНН нөмірі │ │ОКПО коды │ │ББК │ │ЖБК │ │Тіркеу нөмірі │ ├Қызмет түрі │ │Орналасқан жері │ └────────────────┘ N 2 нысан "Кірістер мен шығыстар туралы есеп" __________________________________________________________________ (кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның толық атауы) ____________ жылғы "___" жағдай бойынша мың теңгемен
Бас бухгалтер _______________ Орындаушы ___________________ телефон Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы Нұсқаулыққа 3-қосымша ┌────────────────┐ │РНН нөмірі │ │ОКПО коды │ │ББК │ │ЖБК │ │Тіркеу нөмірі │ ├Қызмет түрі │ │Орналасқан жері │ └────────────────┘ N 3 нысан "Ақша қозғалысы туралы есеп" __________________________________________________________________ (кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның толық атауы) ____________ жылғы "___" жағдай бойынша мың теңгемен
Бас бухгалтер _______________ Орындаушы ___________________ телефон Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы Нұсқаулыққа 4-қосымша ┌────────────────┐ │РНН нөмірі │ │ОКПО коды │ │ББК │ │ЖБК │ │Тіркеу нөмірі │ ├Қызмет түрі │ │Орналасқан жері │ └────────────────┘ Баланс (700-НО нысаны) __________________________________________________________________ (кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның толық атауы) ____________ жылғы "___" жағдай бойынша мың теңгемен
1003 Айырбастау пункттеріндегі қолма-қол ақша 1050 Корреспонденттiк шоттар 1051 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот 1052 Банктердегі корреспонденттік шоттар 1053 Банктердегi корреспонденттiк шоттар бойынша оқшауланған берешек 1100 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі талаптар 1102 Қазақстан Pecпубликасының Ұлттық Банкiндегi талап ету бойынша салымдар 1103 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi мерзiмдi салымдар 1200 Бағалы қағаздар 1201 саудаға арналған бағалы қағаздар 1202 Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар сатып алған бағалы қағаздар бойынша мерзімi өткен берешек 1203 Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар сатып алған бағалы қағаздар бойынша оқшауланған берешек 1204 Бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (провизиялар) 1250 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар 1251 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар (бip түнге) 1252 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған талап ету бойынша салымдар 1253 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған қысқа мерзiмдi салымдар (бір айға дейiн) 1254 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған қысқа мерзiмдi салымдар (бір жылға дейін) 1255 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған ұзақ мерзiмдi салымдар 1256 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған шартты салымдар 1257 Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салымдар бойынша мерзiмі өткен берешегі 1258 Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салымдар бойынша оқшауланған бeрешегi 1259 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар бойынша арнайы резервтер (провизиялар) 1300 Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар 1302 Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |