|
|
|
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198 Заңы (ҚР Президентінің 31.09.95 ж. N 2447; 05.10.95 ж. 2489; 26.01.96 ж. N 2824 Заң күші бар Жарлықтарымен; ҚР 15.07.96 ж. N 30-1; 19.06.97 ж. N 132-1; 22.04.98 ж.; 10.07.98 ж. N 282-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 23.03.00 ж. N 39-II; 23.03.00 ж. N 40-II; 18.12.00 ж. N 128-II; 05.01.01 ж. N 135-II; 02.03.01 ж. N 162-II; 24.12.01 ж. N 276-II; 29.10.02 ж. N 348-II; 13.03.03 ж. N 394-II; 10.07.03 ж. N 483-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 18 наурыздағы N 537-II ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара ҚР 05.01.01 ж. N 135-II; 29.10.02 ж. N 348-II Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестiгiн тексерудi, оларға тiркеу нөмiрiн бере отырып мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берiлуiн, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзудi қамтиды. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып есептік тіркеу туралы куәлік берілуін, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді филиалдар мен өкілдіктер тізіліміне енгізуді қамтиды. ҚР 23.03.00 ж. N 40-II; 29.10.02 ж. N 348-II Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудiң және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің мақсаты Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу: заңды тұлғаның құрылу, қайта ұйымдастыру және таратылу фактiсiн куәландыру; Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды есепке алу; заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктер тізілімін жүргізу; заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттан басқасын) монополияға қарсы орган белгілеген тарифтер бойынша өткiзу мақсатында жүзеге асырылады. ҚР 29.10.02 ж. N 348-II Заңымен 3-баптың тақырыбы өзгертілді 3-бап. Тiркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады. Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады. ҚР 23.03.00 ж. N 40-II; 29.10.02 ж. N 348-II Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші органдар) жүзеге асырады. ҚР 23.03.00 ж. N 40-II; 02.03.01 ж. N 162-II 29.10.02 ж. N 348-II Заңдарымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру кезiндегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң құзыры Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi: осы Заңға сәйкес заңды тұлғаларды тіркеуді; заңдарда белгіленген тәртіппен Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізуді; заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметке әдiстемелiк басшылық жасауды; Әдiлет министрлiгi аумақтық органдарының осы Заң талаптарының орындалуын бақылауды; заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi өзiнiң аумақтық органдарының iс-қимылына шағымдарды қарауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, бақылау және қадағалау міндеттері жүктелген мемлекеттік органдарға олардың сұратуы бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері туралы ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 3 бұйрығын қараңыз ҚР 19.06.97 ж. N 132-1; 22.04.98 ж. N 221-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 23.03.00 ж. N 40-II; 18.12.00 ж. N 128-II; 05.01.01 ж. N 135-II; 24.12.01 ж. N 276-II; 29.10.02 ж. N 348-II; 13.03.03 ж. N 394-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi Заңды тұлғаны тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша арыз берiледi және оған осы Заңның 7-бабында көрсетiлген, мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылып, екi дана етiп берiлетiн құрылтай құжаттары қоса тапсырылады. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, банк және сақтандыру қызметi нысанасы болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты, ал банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын есептiк тiркеу үшiн аталған органның келiсiмi қосымша талап етiледi. Банктердiң, филиалдар және өкiлдiктер болып табылмайтын аумақтық оқшау бөлiмшелерi банк заңдарында белгiленген тәртiппен құрылады және есептiк (мемлекеттiк) тiркелуге жатпайды. Зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қызмет нысанасы болып табылатын заңды тұлғаларды тiркеу үшiн оны ашуға қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты қосымша талап етiледi. Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болған жағдайда, онда тіркеуші органға құрылтай және басқа құжаттармен бірге құрылтайшыда заңды тұлғада салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі. Тиісті тауар рыногында устем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерін, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады. Арызға құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды. Бұған заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттары қосылады. Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу кезiндефилиалдар мен өкiлдiктер туралы ережелердi, сондай-ақ оларды құрған заңдытұлғалардың тiркелген құрылтай құжаттарының көшiрмелерiн түсiру талап етiледi. Шетел қатысатын заңды түлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Осы тәртіппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша: құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа да заңдастырылған құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса; құрылтайшының - шетелдік жеке тулғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс. Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi тiркеу "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Заңның осы бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Сонымен бiр мезгiлде тiркеушi органға заңды тұлғаның, оның филиалы мен өкiлдiгiнiң орналасқан жерiн куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн бюджетке алым төлегенi туралы квитанция немесе оны растайтын құжат табыс етiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерiнiң орналасқан жерiн куәландыратын құжат табыс етпейдi. Тiркеушi орган заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеген күннен бастап он күн iшiнде заңды тұлғаның тұрған жерi бойынша салық органына тіркеудің жүргізілгендігі туралы хабарлайды. Осы Заңда және өзге де заң актілерінде көзделгеннен басқа қандай да болсын құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады. ҚР ҚР 29.10.02 ж. N 348-II Заңымен 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу тәртібі Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтінішке филиалды немесе өкілдікті құрушы заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол кояды. Өтінішке заңды тұлғаның филиал (өкілдік) құру туралы заңды тұлғаның мөрі басылған шешімі, заңды тұлға бекіткен мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған филиал (өкілдік) туралы ереженің екі данасы, заңды тұлға жарғысының (ережесінің) және оны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері, филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін және филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін растайтын құжаттар қоса беріледі. Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Филиал (өкілдік) құрушы шетелдік заңды тұлғаның құжаттары мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариаттық расталған аудармамен ұсынылады. Тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу күнінен бастап он күн ішінде жүргізілген тіркеу туралы филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері бойынша салық органына хабарлайды. ҚР 22.04.98 ж. N 221-1; 10.07.98 ж. N 282-1 Заңдарымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Өздерiн заңды тұлғалар ретiнде тiркеу үшiн субъектiлер табыс ететiн құрылтай құжаттары Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, тiркеушi органға жарғы табыс етiледi. Құрылтай шарты жарғысы заңды тұлғалардың ассоциациялар (одақтар) нысанындағы шаруашылық серiктестiктерi, акционерлiк қоғамдар мен бiрлестiктерiнiң құрылтай құжаттары болып табылады. Бiр адам (бiр қатысушы) құратын шаруашылық серiктестiктерiнiң, акционерлiк қоғамдардың және Заңның осы бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген заңды тұлғалардың басқа түрлерiн қоспағанда, жарғы не ереже құрылтай құжаттары болып табылады. Коммерциялық ұйымдар болып табылмайтын заңды тұлғалар заң актiлерiнде көзделген реттерде, осы түрдегi ұйымдар туралы жалпы ереже iс-қимыл жасай алады. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады. ҚР 05.01.01 ж. N 135-1; 29.10.02 ж. N 348-II Заңдарымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Құрылтай құжаттарының мазмұны Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген деректер болуға тиiс. Филиал (өкілдік) туралы ережеде филиалдың (өкілдіктің) атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы, басқару тәртібі және басшысының құзыреті, сондай-ақ филиалды (өкілдікті) құрушы заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы, оны тіркеу туралы деректер қамтылуға тиіс."; ҚР 23.03.00 ж. N 39-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда 9-бап. Мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу мерзімдері Мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу қажетті құжаттарымен қоса арыз берілген күннен бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қоғамдық бірлестіктер үшін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу және қайта тіркеу қажетті құжаттарымен қоса арыз берілген күннен бастап 15 күн ішінде жүргізілуге тиіс. ҚР 24.12.01 ж. N 276-II Заңымен 10-бап жаңа редакцияда 10-бап. Мемлекеттiк тiркеуге ақы төлеу Заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құруды және қызметiн тоқтатуды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу кезiнде, сондай-ақ олардың мемлекеттiк (есептiк) тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн алуы кезiнде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады. ҚР 05.01.01 ж. N 135-II Заңымен 11-бап жаңа редакцияда; ҚР 24.12.01 ж. N 276-II Заңымен 11-бап өзгертілді; 29.10.02 ж. N 348-II Заңымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Мемлекеттiк тiркеу мен қайта тiркеуден бас тарту Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу мен қайта тiркеуден бас тартуға заңды тұлға құрудың заңмен белгiленген тәртiбi бұзылған немесе оның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген немесе құрылтайшыда - заңды тұлғада салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешек болған немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ретте монополияға қарсы орган келiспеген жағдайларда жол берiледi. Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға филиалды (өкілдікті) құрудың заңдарда белгіленген тәртібі бұзылған, есептік тіркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда жол беріледі. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден немесе қайта тіркеуден немесе қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмде оған жазбаша түрде нақты заңға сәйкес келмеуiне сiлтеме жасалған дәлелдi бас тарту құжатын бередi. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн төленген алымды қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген реттерде жүргiзiледi. ҚР 05.01.01 ж. N 135-II Заңымен 12-бап өзгертілді; 29.10.02 ж. N 348-II Заңымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік Заңды тұлғалардың құрылтай және басқа да құжаттарының Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестiгiн тексеру нәтижелерi бойынша тiркеушi орган жаңадан құрылған заңды тұлғаға мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, қайта тіркеуден өткен заңды тұлғаға қайта тіркеу туралы куәлік береді. Филиалдар мен өкілдіктерге есептік тіркеу туралы куәлік, олар қайта тіркеуден өткен жағдайда есептік қайта тіркеу туралы куәлік береді. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк табыс етiлген жағдайда ғана банкте есеп шоты ашылуы мүмкiн. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялар алуды талап ететiн қызметтi бастау үшiн негiз болып табылмайды. Заңды тұлғаның лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабiлетi тиiстi лицензия алған сәттен бастап пайда болады және заң актiлерiмен белгiленген тәртiпте оның алып қойылған, қолданылу мерзiмi бiткен немесе жарамсыз деп танылған кезiнен бастап тоқтатылады. ҚР 15.07.96 ж. N 30-1 Заңымен 13-бап толықтырылды; ҚР 19.06.97 ж. N 132-1 Заңымен 13-бап жаңа редакцияда 13-бап. Статистикалық есеп Мемлекеттiк статистика органдары мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң негiзiнде мемлекеттiк тiркеу деректерiн және заңды тұлға туралы өзге де қажеттi мәлiметтердi, оларға бiрiздендiрiлген теңдестiру және басқа да жүйелiк-есептiк кодтарын бере отырып, заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк статистикалық тiркелiмiне енгiзуге және статистикалық карточка беруге мiндеттi. Есептiк тiркеу деректерiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы басқа да мәлiметтердi Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмге енгiзу нақ сондай тәртiппен жүргiзiледi. ҚР 16.07.99 ж. N 436-1; 23.03.00 ж. N 40-II; 05.01.01 ж. N 135-II; 24.12.01 ж. N 276-II; 29.10.02 ж. N 348-II; 13.03.03 ж. N 394-II (бұр. ред. қара ) Заңдарымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті қайта тіркеу Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға қайта тiркеуден өткiзу туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтiнiш беруге мiндеттi. Бұл орайда тіркеуші органға мынадай құжаттар табыс етіледі: заңды тұлғаның мөрі басылған құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өкілетті органның шешімі не шешімінен үзінді, заң актілерінде көзделген жағдайларда нотариат тәртібімен куәландырылған өзгерістер енгізілген құрылтай құжаттары, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн бюджетке алым төлегенiн растайтын құжат. Заңды тұлғаға қатысушылар (жабық акционерлік қоғамның акционерлері) құрамына жаңа қатысушы-заңды тұлға кірген жағдайда, тіркеуші органға құрылтай құжаттармен бірге жаңа қатысушының-заңды тұлғаның салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі. Табиғи монополиялар субъектілерін қайта тіркеу үшін монополияға қарсы органның келісімі талап етіледі. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда тiркеушi органға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның мiндеттемелерi бойынша мұрагерлiк туралы ережелердi көрсете отырып, беру актiсi немесе бөлу балансы да табыс етiледi. Заңды тұлғаны қайта тiркеуден өткiзу үшiн алым Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткiзу үшін алынады. Тiркеушi орган мемлекеттiк қайта тiркеу жүргiзiлгендiгi туралы, сондай-ақ заңды тұлғаның орналасқан жерiнiң өзгергендiгi туралы 10 күн iшiнде мемлекеттiк статистика органына және заңды тұлға орналасқан жердегi салық органдарына хабарлайды. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісінше Қазақстан Республикасының банк заңдарында, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады. ҚР 24.12.01 ж. N 276-II; 29.10.02 ж. N 348-II Заңдарымен 15-бап өзгертілді 15-бап. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және филиал мен өкілдікті есептік тіркеу туралы куәлiктiң дубликатын беру Тiркеушi орган заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша үш жұмыс күні iшiнде мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы куәлiктiң дубликатын берудi жүзеге асырады. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы куәлiктiң дубликаты берiлгендiгi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртіппен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу үшiн алым алынады. ҚР 23.03.00 ж. N 40-II; 05.01.01 ж. N 135-II; 29.10.02 ж. N 348-II Заңдарымен 16-бап өзгертілді және толықтырылды 16-бап. Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асырушы орган заңды тұлғаны тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешiмдi алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тарату немесе қайта ұйымдастыру тәртiбiнiң сақталуын тексередi. Егер тексеру барысында таратудың немесе қайта ұйымдастырудың белгiленген тәртiбiнiң бұзылғандығы анықталмаса, тiркеушi орган 10 күн iшiнде заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығын тiркейдi. Акционерлiк қоғамның қызметiн тоқтатуды тiркеу уәкілетті органның осы акционерлiк қоғам акцияларының барлық эмиссияларының күшiн жою туралы хабарламасы болған кезде жүзеге асырылады. Тиісті тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектісінің, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің қызметін тоқтатуды тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады. Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы 10 күн iшiнде мемлекеттiк статистика органына хабарланады. Заңды тұлғаны таратудың немесе қайта ұйымдастырудың белгiленген тәртiбi бұзылғандығы анықталған жағдайда тiркеушi орган тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарады. Заңды тұлға өз қызметiн тоқтатқандығы туралы заңды ұйымдардың бірыңғай мемлекеттiк тiркелiмiне жазба енгiзiлгеннен кейiн ол өз қызметiн тоқтатқан болып есептеледi. Басқа заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде құрылған заңды тұлғаны тіркеу осы Заңның 6-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Акционерлiк қоғамды қайта ұйымдастырған жағдайда тiркеушi органға, бұған қоса уәкілетті органның осы акционерлiк қоғам акцияларының барлық эмиссияларының күшін жою туралы хабарламасы табыс етіледi. ҚР 29.10.02 ж. N 348-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды 16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеуден шығару Филиал (өкілдік) филиалдың (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы заңды тұлға шешімі, есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің және филиал (өкілдік) туралы ереженің түпнұскалары, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені үшін алым төлегенін растайтын квитанция немесе құжат негізінде есептен шығарылуға жатады. Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, филиал (өкілдік) орналасқан жер бойынша салық органының салық органдарындағы есептік тіркеуден шығарылғаны туралы анықтамасы талап етіледі. 17-бап. Дауларды қарау Мемлекеттiк тiркеуден бас тарту, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтару заңды тұлға құрылтайшылары мен тiркеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк орган арасындағы өзге де даулар бойынша сотқа шағым жасауға болады. ҚР 05.01.01 ж. N 135-II; 29.10.02 ж. N 348-II Заңдарымен 18-бап өзгертілді 18-бап. Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Мемлекеттiк тiркеусiз заңды тұлға ретiндегi қызметке жол берiлмейдi. Мемлекеттiк тiркеуден өтпей жасалған қызметтен алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне алынады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |