|
|
|
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысы (ҚР Үкiметiнiң 21.01.02 ж. N 72; 20.11.02 ж. N 1223; 03.03.04 ж. N 267 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысының 5-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысымен бекiтiлген Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы Ереже I. Жалпы ережелер. 1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады. ҚР Үкiметiнiң 03.03.04 ж. N 267 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған. ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. N 72; 03.03.04 ж. N 267 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен, пайдаланумен және көрсетумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi. ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. N 72; 03.03.04 ж. N 267 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді 5. Комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады (осы министрлiктердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны шегiнде), оған Комиссияның қызметiн ұйымдастыру және оның шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жүктеледi. 6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келiсiп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық сақтау министрлiгiне ғана берiледi. ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. N 72 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Төтенше жағдайларда халықаралық iзгiлiк көмек көрсетiлгенде материалдық құндылықтарды бөлу жөнiндегi жедел шешiм қабылдау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң өкiлiне жүктеледi. II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу; iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 9-тармақ өзгертілді 9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай қызметтердi орындайды: Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөнiндегi ұсыныстарды қарайды; адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушыларды айқындайды; алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң лимиттерiн белгiлейдi. халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi мақсатты пайдалануын бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 267 қаулысымен 9-1-тармақпен толықтырылды 9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады. III. Комиссияның құқықтары ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 10-тармақ өзгертілді 10. Комиссияның: iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға; тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз кiруге; iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен түсiнiктер беруге; лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар енгiзуге құқығы бар; ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізуге; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына қосымша Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның Құрамы ҚР Үкiметiнiң 21.01.02 ж. N 72; 20.11.02 ж. N 1223 (бұрынғы ред. қара); 03.03.04 ж. N 267 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді Келімбетов - Қазақстан Республикасының Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға Белоног - Қазақстан Республикасының Анатолий Александрович Денсаулық сақтау бірінші вице- министрі, төрағаның орынбасары Шәмшидинова Күләш - Қазақстан Республикасының Білім Ноғатайқызы және ғылым вице-министрі Хамзин - Қазақстан Республикасының Рүстем Назымбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар департаментінің директоры, хатшы Сармұрзина Раушан - Қазақстан Республикасының Энергетика Ғайсақызы және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік активтерді технологиялық дамыту және басқару департаментінің директоры Ержанов Аманияз - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау Қасымұлы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Шығанбаев Ерғали - Қазақстан Республикасы Кедендік Әбдімомынұлы бақылау агенттігінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаменті бастығының орынбасары Ким Афанасий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы департаментінің директоры, Астана қаласындағы өкілетті өкілі Әбусейітов Қайрат - Қазақстан Республикасының Сыртқы Қуатұлы істер бірінші вице-министрі Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлік Юрий Иванович және коммуникациялар бірінші вице-министрі Смағұлов - Қазақстан Республикасының Болат Советұлы Индустрия және сауда вице-министрі Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек Батыржан Зайырқанұлы және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы Азамат Рысқұлұлы вице-министрі Пак - Қазақстан Республикасы Денсаулық Лариса Юн-Боевна сақтау министрлігінің Фармация, фармацевтік және медициналық өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Евниев - Қазақстан Республикасының Ауыл Арман Қайратұлы шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің директоры Дүйсенбекова - Қазақстан Республикасының Гүлжан Зайроллақызы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі Әкімшілік-қаржы департаментінің директоры Байшолақов - Қазақстан Республикасының Әділет Алмат Мұратұлы министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |