<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Сот приставтары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі № 150-I Заңы (2025.22.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Сот приставтары туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi № 150-I Заңы

(2025.22.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1-бап. Сот приставтарының құқықтық жағдайы

2-бап. Сот приставтарының мiндеттерi

3-бап. Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары

4-бап. Сот приставтарының қызметін ұйымдастыру және оларды тағайындау тәртібi

5-бап. Сот приставының құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылы

6-бап. Сот приставына қойылатын талаптар

7-бап. Сот приставының құқықтары мен мiндеттерi

8-бап. Атыс және электрлік қаруын, арнаулы құралдар мен күш қолдану тәртібі

9-бап. Сот приставтарының жауапкершiлiгi

9-1-бап. Сот приставының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

10-бап. Сот приставтарын әлеуметтік қорғау шаралары

11-бап. Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру

12-бап. Сот приставтарының қызметін бақылау

 

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Сот приставтарының құқықтық жағдайы

  • Показать изменения

1. Сот приставы - мемлекеттік қызметте тұратын және өзiне осы Заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

2. Сот приставына нысанды киім (погонсыз), сәйкестендіру картасы және жетон беріледі, олардың үлгілерін сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітеді.

  • Показать изменения

Сот приставтарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Сот приставтарының мiндеттерi

Сот приставтарының мiндеттерi:

2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

1) сот отырысы кезiнде залда қоғамдық тәртiптi сақтау;

  • Показать изменения

2) 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу;

2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

4) сот үйлерін күзетуді қамтамасыз ету, судьяларды және процестің басқа да қатысушыларын күзету болып табылады.

  • Показать изменения

5) 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары

Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара)  ҚР Заңдарымен 4-бап жаңа редакцияда; 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.27.12. № 367-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді

  • Показать изменения

4-бап. Сот приставтарының қызметін ұйымдастыру және оларды тағайындау тәртібi

2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Уәкілетті орган Жоғарғы Сотта және облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерде (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) сот приставтарының бөлімшелерін құрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық етуді уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

  • Показать изменения

3. 2010.27.12. № 367-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Аумақтық бөлімшелерде сот приставтарын тиісті аумақтық бөлімшелердің басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарын уәкілетті органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Сот приставтары бөлімшелерінің штат санын уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін штат саны шегінде бекітеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Сот приставының құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылы

1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде iшкi iстер органдары қызметкерлерiнен, ал әскери соттың сот приставы әскери қолбасшылықтан көмек сұрауға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi өздерi заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру шегiнде сот приставына көмек көрсетедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Сот приставтарының құқық қорғау органдарының және әскери бөлiмшелердiң қызметкерлерiмен өзара iс-қимылы аталған органдардың басшылары бекiткен өзара iс-қимыл жөніндегі тиiстi заңға тәуелдi актiде көзделген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Сот приставына қойылатын талаптар

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

1. Кемiнде жиырма бiр жасқа толған, орта (орта білімнен кейінгі) білімi бар, өзiнiң iскерлiк және жеке қасиеттерi бойынша, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi және арнаулы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам сот приставы болып тағайындала алады.

  • Показать изменения

Сот приставтары арнаулы даярлықтан өтiп, содан кейiн табельдiк және электрлік атыс қаруын сақтау және алып жүру, арнаулы құралдарды пайдалану құқығына ие болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай емес адам сот приставы бола алмайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді

7-бап. Сот приставының құқықтары мен мiндеттерi

1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:

1) азаматтардан сот қызметiнiң белгiленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы iс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге;

  • Показать изменения

1-1) 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

2) соттың үй-жайында (көшпелi отырыс өткiзiлген жағдайда - сот отырысы өткiзiлiп жатқан үй-жайда) құқық бұзушыны әкiмшiлiк жолмен ұстауға;

3) заңдарда белгiленген тәртiппен жауапқа тарту үшiн құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға;

4) құқық бұзушыны құқық қорғау органдарына жеткiзуге;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен атыс және электрлік қаруын арнаулы құралдар мен күш қолдануға құқылы.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Сот приставы:

1) өзiне берiлген құқықтарды қатаң заңға сәйкес пайдалануға және өз қызметiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге жол бермеуге;

2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2) судьяларды және сот процесіне қатысатын өзге де тұлғаларды күзетуді жүзеге асыруға;

3) кеңесу бөлмелерiн, соттың басқа да үй-жайлары мен үйлерiн күзетудi қамтамасыз етуге;

  • Показать изменения

4) 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

5) сот отырысы залында және соттың үй-жайында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;

6) судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық iс пен заттық айғақтарды жеткiзудi және соттың тұрақты орналасқан жерiнен тыс сот талқылауын жүргiзу кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз етуге;

7) судьяның сот талқылауын жүргiзу тәртібін сақтауға байланысты өкiмдерiн орындауға;

2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

8) сотқа келуден жалтарған адамдарды күштеп алып келудi жүзеге асыруға;

9) қамауға алынған адамдарды қорғау және олардың қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша қарауыл қызметi қызметкерлерiмен өзара iс-қимыл жасауға мiндеттi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен  (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді

  • Показать изменения

8-бап. Атыс және электрлік қаруын, арнаулы құралдар мен күш қолдану тәртібі

  • Показать изменения

1. Сот приставының атыс және электрлік қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдануы осы Заңның 2-бабында аталған мiндеттердi орындауға ғана байланысты болуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Сот приставтарының атыс қаруын:

1) судьялар мен сот талқылауына қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнгенде оларға жасалған шабуылға тойтарыс беру;

2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2) сот приставының қызмет мiндеттерiн орындауы үстiнде оның өмiрi мен денсаулығына қауiп төнсе, оған жасалған шабуылға тойтарыс беру;

3) қаруды немесе арнаулы құралдарды иелену әрекетiн тыю;

4) сотқа және соттардың үйлерiне топтасып немесе қару қолданып жасалған шабуылға тойтарыс беру мақсатында қолдануға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Сот приставы күш жұмсауды, соның iшiнде ұрыс тәсiлдерiн, сондай-ақ электрлік қаруды, тiзбесi арнаулы заңдармен белгiленетiн арнаулы құралдарды:

1) судьяларға және соттың талқылауына қатысушыларға жасалған шабуылға тойтарыс беру;

2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2) сот приставының қызмет мiндеттерiн атқаруы үстiнде оған күшпен қарсылық көрсету мен шабуыл жасауды тыю;

3) егер адам құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтату туралы талапты орындаудан бас тартса, ол адамды ұстау;

4) адамның қамаудан қашуына жол бермеу, сондай-ақ қамауда отырған адамды күш арқылы босату әрекетiне жол бермеу үшiн қолдануы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Қарулы шабуыл жасаған және қарулы қарсылық көрсеткен немесе топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қаруды, арнаулы құралдарды және ұрыс тәсiлдерiн әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және айқын мүгедектiк белгiлерi бар адамдарға қатысты қолдануға тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.27.12. № 367-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдері қолданылған барлық жағдайларда сот приставы айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қолдануға, қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерінің қолданылғаны туралы тиісті аумақтық бөлімшенің басшысына хабарлауға міндетті. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының приставы қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерінің қолданылғаны туралы уәкілетті органның басшысына хабарлауға міндетті.

  • Показать изменения

Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерін қолданудың адамдар өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрбір жағдайында дереу прокурорға хабарланады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.27.12. № 367-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

6. Сот приставтары қару-жарағына кiретiн атыс қаруы мен оған арналған оқ-дәрiлер, электрлік қару мен арнаулы құралдар түрлерiнiң тізбесін және оларды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Сот приставтарының бөлiмшелерiн қарумен және арнаулы құралдармен қамтамасыз ету уәкiлеттi органға жүктеледi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Сот приставтарының жауапкершiлiгi

Жасаған терiс қылықтары мен құқық бұзушылықтары, өз мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн сот приставтары заңдарда белгiленген тәртiппен жауапты болады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9-1-бап. Сот приставының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

  • Показать изменения

Мүдделі тұлға сот приставының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10-бап. Сот приставтарын әлеуметтік қорғау шаралары

  • Показать изменения

1. Сот приставтарын міндетті сақтандыру бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде не қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының салдарынан қызметтен босағаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне соңғы атқарған қызметi бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерi көлемiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Сот приставына қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде алған жарақаты, жаралану (контузия), мертiгу, сырқат салдарынан болған мүгедектiктi белгiлеу кезiнде оған мынадай мөлшерде бiржолғы өтемақылар:

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға - бес жылдық жалақысы;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға - үш жылдық жалақысы;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға бір жылдық жалақысы төленеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде мүгедектiкке әкелiп соқпаған ауыр зақым (жарақат, жаралану, контузия) алған жағдайда - оған үш айлық жалақысы, жеңiл зақым жағдайында айлық жалақысы мөлшерiнде өтемақы төленедi. Бұл ретте осы бапта көзделген біржолғы өтемақылар басқа төлемдерге, соның ішінде сақтандыру төлемдері мен зиянды өтеу тәртібімен жасалатын төлемдерге қарамастан төленеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6. Егер сот приставының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi) қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты емес жағдаяттарда болғаны белгiленген тәртiп бойынша дәлелденсе, осы бапта көзделген біржолғы өтемақы төленбейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Қаза тапқан адамның отбасына және оның асырауындағыларға асыраушысынан айырылуына байланысты заңдарда белгiленген тәртiп бойынша зейнетақы тағайындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Қайтыс болған немесе қаза тапқан сот приставын жерлеу үшiн төлем тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген мөлшерде берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

11-бап. Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру

Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2010.27.12. № 367-IV  (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 12-бап жаңа редакцияда

  • Показать изменения

12-бап. Сот приставтарының қызметін бақылау

  • Показать изменения

Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметін бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

 

Справка к документу
Справка:
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Сот приставтары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі № 150-I Заңы (2025.22.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Енгізілген өзгерістер:

 

ҚР 2003 жылғы 5 мамырдағы № 409-II Заңымен

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді)

2006.22.06 № 147-III ҚР Заңымен

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жариланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

2010.27.12. № 367-IV ҚР Заңымен

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен

2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Бұрынғы редакциялар:

 

2003 ж. 5 мамырға дейін қолданылған редакция

2005 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

2006 ж. 22 маусымға дейін қолданылған редакция

2007 ж. 7 мамырға дейін қолданылған редакция

2007 ж. 27 шілдеге дейін қолданылған редакция

2010 ж. 19 наурызға дейін қолданылған редакция

2010 ж. 2 сәуірге дейін қолданылған редакция (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

2010 ж. 27 желтоқсанға дейін қолданылған редакция

2011 ж. 6 қаңтарға дейін қолданылған редакция

2014 ж. 15 қаңтарға дейін қолданылған редакция

2014 ж. 29 қыркүйекке дейін қолданылған редакция

2015 ж. 01.01. қолданылған редакция

2019 ж. 26 қарашаға дейін қолданылған редакция

2020 ж. 26 маусымға дейін қолданылған редакция

2020 ж. 29 маусымға дейін қолданылған редакция

2022 ж. 27 маусымға дейін қолданылған редакция

2023 ж. 27 наурызға дейін қолданылған редакция

2024 ж. 21 қарашаға дейін қолданылған редакция

2025 ж. 10 қаңтарға дейін қолданылған редакция