|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2004.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды
Бұр. ред. қара Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген, Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi» бөлiмi мен реттiк нөмiрi 413-жол алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 106-3-жолмен толықтырылсын: «106-3. «Қазпатент» патенттер мен тауарлық белгiлер жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорын (шаруашылық жүргiзу құқығында) Алматы қаласы». 2) ҚР Үкіметінің 29.03.01 ж. № 411 қаулысымен күшi жойылды 3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күшi жойылды (бұр.ред. қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Прмеьер-Министрінің бірінші орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |