|
|
|
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң «С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң «С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандар даярлау және қайта даярлау болып белгiленсiн. 3. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 сәуірдегі № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред . қара) 4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) Кәсiпорынның жарғысын бекітудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тіркеудi қамтамасыз етсiн; 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетi» ашық акционерлік қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) тарату және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған оның мүлкін Кәсiпорынға беру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын; 3) таратылатын Қоғамның білiм алушыларының оқу жылын аяқтауы және оларды Кәсiпорынға ауыстыру үшiн шаралар қабылдасын; 4) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 тамыздағы № 829 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдеріне енгiзілетiн толықтырулар мен өзгерістер 1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестері республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесiнде: «Астана қаласы» деген бөлiмде реттік нөмiрi 21-13-жол алынып тасталсын. 3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетін республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлiмде реттiк нөмірі 222-13-жол алынып тасталсын. 4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. «Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 6 шiлдедегi № 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 28, 339-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 33-жолмен толықтырылсын: «33 «С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) Астана қаласы». 6. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің «С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 15 маусымдағы № 821 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 22, 280-құжат)»: 2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |