Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет
Осы редакция 2006 ж. 17 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 476 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы; 2) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ шеңберінде мемлекет кепілдiк берген қарыздардың республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Құрамы
ҚР Үкіметінің 12.10.99 ж. № 1548; 07.01.00 ж. № 28; 10.02.00 ж. № 197; 06.05.00 ж. № 682; 21.11.00 ж. № 1745; 15.02.01 ж. № 236; 17.04.02 ж. № 445; 18.11.02 ж. № 1217 (бұрынғы ред. қара); 22.05.03 ж. № 476 (бұрынғы ред. қара); 30.09.03 ж. № 1007 18.05.04 ж. № 552 ; 2005.06.05 № 434 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, Арман Ғалиасқарұлы төраға Әрiпханов - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- Айдар Әбдiразақұлы министрi, төрағаның орынбасары Iзмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика және Бақтықожа Салахатдинұлы минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк және Юрий Иванович коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Аманбаев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң Мұрат Ермұханұлы Кедендiк бақылау комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары Хорунжий - Қазақстан Республикасы Қаржы Андрей Григорьевич министрлігінiң Салық комитетi төрағасының орынбасары Құсдәулетов - Қазақстан Республикасы Бас Дулат Рашидұлы прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі департаментi басқармасының бастығы (келісім бойынша) Кәрiмов - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" Ержан Балықбайұлы акционерлік қоғамының басқармасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Досаев - Қазақстан Республикасының Қаржы Ерболат Асқарбекұлы министрi, төраға Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- Ғани Нұрмаханбетұлы министрi, төрағаның орынбасары Аушарипов - Қазақстан Республикасы Қаржы Виталий Серикович министрлігінiң Қазынашылық комитетi кредит беру басқармасының бастығы, хатшы Кәрбозов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Қозы-Көрпеш Жапарханұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Бекбосынов - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице- Сабыржан Мәдиұлы министрi Өскiмбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Қожамұрат Бейiсұлы вице-министрi Жарқынбаева - "Қазақстан Эксимбанкi" ашық акционерлік Айгүл Сабырқызы қоғамының Кредит беру департаментi агенттiк қаржыландыру басқармасының бастығы (келісім бойынша) Нағманов - Қазақстан Республикасының Көлiк және Қажымұрат Ыбырайұлы коммуникациялар министрi Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика Наталья Артемовна және бюджеттік жоспарлау вице-министрi Мусина - Қазақстан Республикасының Ауыл Лилия Сәкенқызы шаруашылығы вице-министрi Сәдуов - Қазақстан Республикасы Қаржы Марат Темiрболатұлы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi төрағасының орынбасары; Павлов - Қазақстан Республикасы Александр Сергеевич Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары, төраға; Нұриманов - Қазақстан Республикасының Мақсұт Әнуәрбекұлы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Исақов - Қазақстан Республикасы Президентi Нұржан Әзiмханұлы Әкiмшілiгiнiң құқық қорғау және сот жүйесi мәселелерi бөлiмiнiң бас инспекторы (келісім бойынша) Ыбырайымов - Қазақстан Республикасы Қаржы Рүстембек Қуатәлiұлы министрлігінiң Мемлекеттік борыш және кредит беру департаментiнiң директоры, хатшы; Аймақов - Қазақстан Республикасының Бауыржан Жаңабекұлы Индустрия және сауда вице-министрi; Смағұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы Болат Советұлы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi төрағасының орынбасары; Дунаев - Қазақстан Республикасының Арман Ғалиасқарұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi; Уәйісов Мерей - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының Құрманұлы орынбасары (келісім бойынша) Сыздықов - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Тито Уахапұлы Мәжілiсi Қаржы және бюджет комитетiнiң мүшесi (келісім бойынша) Сыздықов - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Тито Уахапұлы Мәжілiсi Қаржы және бюджет комитетiнiң мүшесi (келісім бойынша) Иванов - Қазақстан Республикасының Леонид Александрович Қаржы вице-министрi, төрағаның орынбасары; Әшiмов - Қазақстан Республикасының Нұрғали Сәдуақасұлы Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi; Тәжияқов - Қазақстан Республикасының Бисенғали Шамғалиұлы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Аманбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi Mұpaт Epмұxaнұлы iстер вице-министрi; Есенғалиев - Қазақстан Республикасының Көлiк Бақытжан Iзтiлеуұлы және коммуникациялар вице-министрi; Мүлкин - Қазақстан Республикасының Сейiтқали Жалмұхаметұлы Кедендiк бақылау агенттігi төрағасының орынбасары; Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасы Қаржы Марат Мәулетжанұлы министрлiгінiң Салық комитетi төрағасының орынбасары; Кадюков - Қазақстан Республикасы Қаржы Николай Викторович министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Беркiнбаев - "Медетшi қор" Сабыржан Омарханұлы акционерлік қоғамының президентi (келісім бойынша); Жақселеков - "Қазақстанның Даму Банкi" Тимур Ермекұлы жабық акционерлік қоғамының вице-президентi (келісім бойынша); Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл Дулат Нулыұлы шаруашылығы вице-министрi; Гусинский - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Александр Владимирович Сенаты Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетiнiң мүшесi (келісім бойынша); Кәкiшев - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жандарбек Шәмiлұлы Сенаты Аймақтық даму және жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселелерi жөніндегі комитетiнiң мүшесi (келісім бойынша); Бәжеев - Қазақстан Республикасының Бас Амантай Бәжейұлы прокуратурасы Мемлекеттік органдардың қызметiнде заңдылықты қадағалау департаментi бастығының орынбасары (келісім бойынша); Раев - Қазақстан Республикасының Әдiлет Мұрат Құмарұлы вице-министрi; Молоканов - "Қазақстан Эксимбанкі" ашық Александр Александрович акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия Иван Михайлович және сауда бiрiншi вице-министрi Рахымов - "Қазақстанның Даму Банкi" Сейiтқали Сайлаубайұлы акционерлік қоғамының вице-президентi (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы Ереже ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 476 қаулысымен тақырыбы өзгертілді 1. Жалпы ережелер 1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді. республикалық бюджеттен берілген несиелер мен мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың қаражатын қайтару мен қайта құрылымдаудың мүмкіндіктерін қарау үшін; республикалық бюджеттің мерзімі өткен талап етулерін жіктеу үшін құрылады. ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 476 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың және республикалық бюджеттен берілген несиелер мен мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктердің өкілдері және өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкiлдерi (келісім бойынша) кіреді.
4. Комиссияның органдары: 1) жұмысшы орган; 2) Комиссияның төрағасы; 3) төрағаның орынбасары; 4) хатшы; 5. Комиссия мәжілістерінің арасындағы кезеңде оның ұйымдастырушылық мәселелерін комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын мемлекеттік орган шешеді. 6. Комиссияның хатшысы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауаптылықта болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасар орындайды. 7. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныс, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді. ҚР Үкіметінің 2005.06.05 № 434 қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды 7-1. Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздар шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау мәселесiн енгізу үшiн Комиссия отырысының күн тәртібіне қарыз алушы Комиссияның жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады: бизнес-жоспар; сенiм білдiрілген өкiлдiң (агенттің) қорытындысы; құзыретiне бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер кiретiн мемлекеттік органның қорытындысы 8. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерінен сұрау жолымен қабылданады және ол үшін Комиссия мүшелері дауысының жалпы санынан үштен екісі дауыс берсе қабылданған болып есептеледі. 9. Комиссия мүшелерінің оны білдірген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалуы және мәжілістің хаттамасы мен Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс ерекше пікірге құқығы бар. 10. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктеледі. 11. Комиссияның жұмыс кестесін Комиссия айқындайды. 12. Комиссияның мәжілісі нақты проблемалар мен мәселелер бойынша өткізіледі. 13. Комиссияның мәжілістерін өткізудің нәтижелері бойынша мәжіліске қатысып отырған оның мүшелері қол қоятын хаттама жасалады. 14. Комиссия хаттамалық шешім қабылданғаннан кейін 15 күннің ішінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне: 1) жобалар едәуір мөлшерде толық қаржыландырылмаған, заемшы кәсіпорындар борыш берілместен сатылған, қайта ұйымдастырылған не олар таратылған (банкроттық) жағдайларда республикалық бюджеттен бөлінген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау, (пролонгациялау, есептен шығару); 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне республикалық бюджеттен берілген несиенің шеңберінде және мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде белгіленген тәртіппен аукциондарда сату үшін, оның ішінде төлемді кейінге қалдыру шартымен алынған мүлікті беру; 3) заемшы кәсіпорындарға республикалық бюджеттен берілген несиелер бойынша олардың негізгі борыштың сомасы мен сыйақыны (мүддені) өтеуі шартымен есептелген айыппұл санкцияларын ішінара өтеу мүмкіндігін беру мәселелері жөнінде ұсыныс енгізеді. 15. Комиссияның қызметін тоқтатуына: 1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы; 2) бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе өзге комиссия құру; 3) Комиссияның міндетін орындалмайтын немесе орынсыз ететін өзге де жағдаяттар негіз болады. 16. Комиссияның құрамына немесе функцияларына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, Комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын министрлік не ведомство Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Үкімет шешімінің жобасын енгізеді. 17. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген, Комиссияның қызметін тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдаят пайда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне істелген жұмыстар туралы есеп-хат жолданады. Комиссияның есеп-хаты: 1) Комиссия жасаған қорытынды құжатты; 2) ол бойынша Комиссия өзінің қызметін тоқтатуы қажет деп санайтын негіздемені қамтиды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі 1. "Республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттарды соңғы заем алушылардан қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы № 194 қаулысы. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 16 мамырдағы № 144 өкімі. 3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 271 өкімі. 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы № 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 ақпандағы № 123 қаулысы. 5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі № 64 өкімі. 6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың жекелеген мәселелерін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы № 1056 қаулысы. |