Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық (2006.25.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын. 2. Мыналар бекітілсін: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына 1-қосымша Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады. ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 357; 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) 02.08.04 ж. № 820 (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 362 (бұр. ред. қара); 2006.25.08. № 815 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. ЖҒТК-ні төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - төраға) басқарады, оның ғылым және инновациялар саласындағы уәкілетті органдардың бірінші басшылары тұлғасындағы екі орынбасары, сондай-ақ ғылым және техника салаларындағы басшылықты және үйлестіруді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің, ЖҒТК-нің жұмыс органының басшысы лауазымындағы жауапты хатшысы болады. ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, мемлекеттік органдардың басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, ұлттық компаниялар, ірі бизнес және үкіметтік емес сектор өкілдерінен қалыптастырылады. ЖҒТК-нің жанынан дүниежүзіне танымал отандық және шетелдік ғалымдардан тұратын Халықаралық сараптамалық кеңес құрылады. Халықаралық сараптамалық кеңестің ережесі мен құрамын төраға айқындайды. ҚР Үкіметінің 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 20.12.02 ж. № 1333 ; 2006.25.08. № 815 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді 4. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері: бірыңғай мемлекеттік ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыру, жетілдіру үшін талдау ақпараттарын жинақтау және ұсынымдар дайындау; іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен стратегияларын әзірлеу; елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесінде ғылымның жетістіктері мен жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсынымдар жасау; мемлекеттік бағдарламалардың, заңдардың, тұжырымдамалардың жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ғылыми-техникалық ұйымдардың желісін ұтқырландыру, маңызды өнеркәсіп объектілерін, оның ішінде шетелдің қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, ғылыми-техникалық саланы инвестициялау, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды және интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін республиканың экономикасында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиімді бағыттарын талдау және айқындау; жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды және аттестациялауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдiстерi, мемлекеттік инновациялық саясатты iске асыру кезiнде ғылым, білім беру, өндiрiс және қаржы-кредит салаларының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу; ғылыми-техникалық саланы инвестициялау жүйесiн жетiлдiру, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшiн мемлекеттік ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады; Халықаралық сараптамалық кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, елдің ғылыми-техникалық даму басымдықтарын мақұлдау; мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұсынымдарын ескере отырып, ғылыми-техникалық бағдарламаларды мақұлдау; Республикалық бюджет комиссиясына ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қаржыландыру көлемі жөнінде ұсынымдар әзірлеу; әрбір үш жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентіне елдің ғылыми-технологиялық даму қорытындылары бойынша есеп дайындау. ЖҒТК үш жылда бір рет: ғылыми-техникалық дамудағы әлемдік трендтер және елдің нақты бағыттар бойынша озық ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған әлеуетті мүмкіндіктері туралы Халықаралық сараптамалық кеңесті; орындалған ғылыми-технологиялық бағдарламалардың нәтижелері туралы Білім және ғылым министрлігін және басқа да салалық министрліктерді; ғылыми қоғамдастықтың және үкіметтік емес сектордың өкілі ретінде Ғылым туралы ұлттық баяндамасымен Ұлттық ғылым академиясын тыңдайды. Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың мәселелері жөнінде; мемлекеттік инновациялық және өндірістік саясатты қалыптастыру проблемалары және өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер жөнінде ұсыныс енгізуге; Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға; ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және жасау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар. ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды. 6. ЖҒТК-ның шешімі хаттамамен ресімделеді. ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 815 қаулысымен 7-тамақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. ЖҒТК-нің қызметін, оның ішінде ЖҒТК-нің жұмысына тартылатын шетелдік және отандық ғалымдар мен сарапшылардың қызметтерін қаржыландыру және оларды іссапарға жіберу осы мақсаттарға бөлінетін республикалық бюджет қаражатынан жүргізіледі. өзінің бастамашылығы бойынша ЖҒТК-ның қарауына ұсынымдар, ұсыныстар және тиісті шешімдердің жобаларын енгізуге; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЖҒТК қызметінің мәселелері бойынша іссапарларға баруға; ЖҒТК мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданған шешімдер бойынша ЖҒТК мәжілісінің хаттамасында көрсетілуі тиіс өзінің ерекше пікірін енгізуге құқығы бар. ЖҒТК-ның қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысуға; ЖҒТК төрағасы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауға; олар ЖҒТК-ға ұсынған ұсынымдар, қорытындылардың сапасы үшін жауапты болуға міндетті. ҚР Үкіметінің 20.12.02 ж. № 1333; 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 362 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді 10. ЖҒТК-ның мәжілісі кемiнде екi айда бір рет өткізедi. ЖҒТК мәжілісінің, егер оған ЖҒТК-ның бекітілген тізімдік құрамының кемінде 2/3 қатысса құқықтық күші болады. Шешім мәжіліске қатысып отырған ЖҒТК мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық (жекелеген жағдайларда төрағаның шешімі бойынша жасырын) дауыспен қабылданады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмыс органы болып анықталсын.
ҚР Үкіметінің 03.07.00 ж. № 1010 ; 19.03.01 ж. № 357 ; 03.04.02 ж. № 397; 01.07.02 ж. № 712; 20.12.02 ж. № 1333;26.05.03 ж. № 489 (бұр. ред. қара);27.08.03 ж. № 876 қаулыларымен 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді; ҚР Үкіметінің 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 02.08.04 ж. № 820 (бұр. ред. қара); 11.11.04 ж. № 1186; 2005.15.04. № 362 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 815 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер- Даниал Кенжетайұлы Министрі, төраға
Әйтімова - Қазақстан Республикасының Білім және Бірғаным Сарықызы ғылым министрі, төрағаның орынбасары
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия Владимир Сергеевич және сауда министрі, төрағаның Орынбасары
Могильный - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Валерий Валентинович министрлігі Ғылым департаментінің директоры, хатшы
Досаев - Қазақстан Республикасының Денсаулық Ерболат Асқарбекұлы сақтау министрi
Eciмoв - Қазақстан Республикасының Ауыл Ахметжан Смағұлұлы шаруашылығы министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика Марат Әпсеметұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру Асқар Қуанышұлы және байланыс агенттігінің төрағасы
Әбдімомынов - Қазақстан Республикасының Білім және Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Парламентi Қуаныш Сұлтанұлы Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы
Сағадиев - Қазақстан Республикасының Парламентi Кенжеғали Әбенұлы Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Премьер- Фархад Шаймұратұлы Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісi
Әбдіманапов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Сәрсенғали Әбдіғалиұлы министрлігі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры
Қожамқұлов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Төлеген Әбдісағиұлы министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры
Жантаев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Жұмабек Шабденамұлы министрлігінің Ғылым комитетi "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
Жұрынов - "Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұрат Жұрынұлы ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігінің Президентi
Қадыржанов - Қазақстан Республикасы Энергетика және Қайрат Камалұлы минералдық ресурстар министрлігi "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
Раманқұлов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Ерлан Мірхайдарұлы министрлігінің Ғылым комитеті "Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
Сүлейменов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Ербол Зинаддинұлы министрлігінің Ғылым комитеті "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми- техникалық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
Саданов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Аманкелді Құрбанұлы министрлігінің Ғылым комитетi "Биологиялық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
Әдекенов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Серғазы Мыңжасарұлы министрлігінің Ғылым комитетi "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамының президентi
Арынғазин - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Асқар Қанапияұлы министрлігінің Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Іргелi зерттеулер институтының директоры
Дробжев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Виктор Иванович министрлігі Ғылым комитетінің "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ионосфера институтының директоры
Қасқабасов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Сейіт Асқарұлы министрлігінің Ғылым комитетi М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры
Жәкішев - "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом Мұхтар Еркінұлы компаниясы" акционерлік қоғамының Президентi
Қарабалин - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" Ұзақбай Сүлейменұлы акционерлік қоғамының президентi
Кәрібжанов - "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Қайрат Сәлімұлы президентi
|