Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысы
(2013.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.28.03. № 363 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.15.05. № 487 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
ҚР Үкіметінің 2011.18.07. № 820 Қаулысымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
10) «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
11) «Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
12) «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
13) ҚР Үкіметінің 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
15) «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
16) «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
17) «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
18) ҚР Үкіметінің 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
20) «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
21) «Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
22) «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
23) «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
24) «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
25) «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
26) «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
27) «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
28) «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
29) «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
30) «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
31) «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет стандарты;
32) «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
33) «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
34) «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
35) «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
36) «Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін;
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |