Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы (2013.06.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекет реттейтін баға қолданылатын әуежайлар қызметтерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 562-құжат); 2) «Мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерінің және телекоммуникациялар қызметтерін ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы № 1064 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 38, 503-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 63 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 4, 34-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысымен бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесi
1. Мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласында: мұнайды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызмет: 1) бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет; 2) мұнайды магистральдық құбыр жолының жүйесі арқылы қайта айдау; 3) мұнайды темір жол цистерналарынан құйып алу; 4) мұнайды темір жол цистерналарына құю; 5) мұнайды танкерлерге құю; 6) мұнайды автоцистерналардан құйып алу; 7) мұнайды автоцистерналарға құю; 8) мұнайды сақтау; 9) мұнайды ауыстырып құю; 10) мұнайды араластыру. ҚР Үкіметінің 2013.06.03. № 218 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ таратушы жүйелерi арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикi газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында: 1) тауарлық газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау; 2) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдау; 3) тауарлық газды Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшiн газ таратушы жүйелерi арқылы тасымалдау; 4) сұйытылған газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушыны қосатын кранға дейін газ құбыржолдары арқылы тасымалдау; 5) тауарлық газды сақтау; 6) шикi газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау. 3. Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласында: электр энергиясын беру және (немесе) бөлу. 4. Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында: жылу энергиясын өндіру; жылу энергиясын беру және бөлу; жылу энергиясымен жабдықтау; жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу; жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау. 5. Электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласында: электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру. 6. Магистральдық темір жол желілері саласында: магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру; жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісі арқылы өткізуді ұйымдастыру; магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру және ол арқылы жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру. ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды 5-1. Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласында: электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 26 желтоқсандағы № 1281 қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды 6-1. Концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметін көрсету саласында: концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдарын пайдалануға беру. ҚР Үкіметінің 2007.28.09. № 854 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру; бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда маневр жұмыстары, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру. ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 458 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.26.12. № 1281 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.18.02. № 153 (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда 1) халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету; 2) халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету. ҚР Үкіметінің 2007.28.09. № 854 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Порттар, әуежайлар саласында: 1) теңіз портының қызметтері: теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары; кейіннен порттан шығып жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге мақсаттар үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) қызметтер; ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 458 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.18.02. № 153 (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда 2) әуежайлардың қызметтері: Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру; әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру; жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру. ҚР Үкіметінің 2011.26.08. № 966 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Қызметтің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында: 1) жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне: жергілікті деңгейде байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін; IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қалааралық деңгейде қосу; ҚР Үкіметінің 2013.26.02. № 182 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) қосылатын байланыс операторларымен телефон трафигін қосылатын IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарынан (-на) (қолжетімділік тораптарынан) (-на) өткізу. ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Телекоммуникация желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбілдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі салада: телефон кәрізін пайдалануға беру. 12. Су шаруашылығы және кәріз жүйелері саласында: су шаруашылығы жүйесінің қызметтері: 1) тіреуші гидротехникалық ғимараттардың көмегімен үстіңгі ағынды реттеу; 2) суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру; 3) суды таратушы желілер арқылы беру; 4) суды арналар арқылы беру; кәріз жүйесінің қызметтері: 1) сарқынды суды бұру; 2) сарқынды суды тазарту. 13. Почта байланысы қызметтері саласында: почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтері: 1) жай хаттарды жіберу; 2) жай почта карточкаларын жіберу; 3) жай бандерольдерді жіберу.
|