Осы редакция 2013 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару» мемлекеттік қызмет стандарты (2013.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына, «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде); 2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz; 3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде; 4) «электрондық үкімет» call-орталығында 1414 орналастырылған. ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік), темір жол жылжымалы құрамын Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен (бұдан әрі - Тізілім) шығару туралы хабарламаны беру не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) ХҚО-ға жүгінген кезде: куәлікті не Тізілімнен шығару туралы хабарламаны беру сегіз жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады; дәлелді бас тартуды беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады; 2) портал арқылы өтініш берген кезде: куәлікті не Тізілімнен шығару туралы хабарламаны беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады; дәлелді бас тартуды беру үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады; 3) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні мемлекеттік қызмет көрсетілетін орында мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 20 минуттан аспайды; 4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін кезекте тұрудың ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 20 минуттан аспайды; 8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады. ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. ХҚО-да мемлекеттік қызмет демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын дүйсенбіден бастап, сенбіні қоса алғанда көрсетіледі. Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы. ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Мемлекеттік қызмет: мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан; порталда - «жеке кабинетте көрсетіледі».
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар тізбесі: 1) темір жол жылжымалы құрамын тіркеу (қайта тіркеу) кезінде: ХҚО-да: осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес Excel форматында электрондық файл түрінде белгіленген нысандар бойынша тіркеуге не қайта тіркеуге жататын, оның ішінде сенімгерлік басқаруға не мүліктік жалға, лизингке берілген темір жол жылжымалы құрамының түгендеу паркінің тізбесі; осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш (өтініш сканерден өткізіліп, ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында жіберіледі); заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама; жеке тұлға үшін - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат; мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттігін куәландыратын құжат; дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; меншік құқығын растайтын құжат не мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг не сенімгерлік басқару шарты (сканерден өткізіліп, ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында жіберіледі); жасаушы зауыттың темір жол жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне арналған техникалық паспорты (формуляры) (сканерден өткізіліп, ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында жіберіледі). Жеке басын куәландыратын құжатты, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті не анықтаманы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсыну олардағы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал немесе ХҚО ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. Порталда: осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандар бойынша тіркеуге не қайта тіркеуге жататын, оның ішінде сенімгерлік басқаруға не мүліктік жалға, лизингке берілген темір жол жылжымалы құрамының түгендеу паркінің тізбесі; осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама; жеке тұлға үшін - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат; дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; меншік құқығын растайтын құжат не мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг не сенімгерлік басқару шарты (сканерден өткізіліп, мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электронды көшірмесі нысанында жолданады); жасаушы зауыттың темір жол жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне арналған техникалық куәлігі (формуляр) (сканерден өткізіліп, мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электронды көшірмесі нысанында жолданады). Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік анықтама, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мәліметтерін уәкілетті орган уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жіберіледі. 2) темір жол жылжымалы құрамын Тізілімнен шығару кезінде: ХҚО-да: 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; темір жол жылжымалы құрамын есептен шығару туралы акті не оның зақымдалуы, жоғалуы, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ шетелдік тұлғаға иеліктен шығару туралы құжат (сканерден өткізіліп, ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында жіберіледі). Порталда: 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; темір жол жылжымалы құрамын есептен шығару туралы акті не оның зақымдалуы, жоғалуы, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ шетелдік тұлғаға иеліктен шығару туралы құжат (сканерден өткізіліп, мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі түрінде жолданады). ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Белгіленген үлгідегі өтініштің бланкісі ХҚО күту залындағы арнайы тағанда немесе ХҚО қызметкерінде, сондай-ақ ХҚО www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанындағы өтініш толтырылады. ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. ХҚО құжаттарды қабылдау ХҚО қызметкерінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ атқарылатын қызметі және тағайындалуы туралы ақпарат орналастырылған операциялық залда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады. Электрондық өтінішті жолдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Өтініш автоматты түрде уәкілетті органға жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттар берілген күні (уақыт) мен орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты; 6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олармен байланыс телефондары көрсетілген, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін өтініштің қабылданғаны туралы есеп-хабарлама жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15. ХҚО-да мемлекеттік қызметтің нәтижесін беруді ХҚО қызметкері «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы күн сайын қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызметті алушы қол қойып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсына отырып өзі қатысқан кезде жүзеге асырады. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету нәтижесі порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда ХҚО құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады: 1) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарды Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларының талаптарына сәйкес ұсынбауы; 2) уәкілетті органға ұсынылған құжаттарда өшірулердің, қолмен немесе машинамен жазылған түзетулердің болуы немесе оларды растауды талап ететін даналарда қолдар мен мөрлердің болмауы; 3) сот қабылдаған шешімге сәйкес темір жол жылжымалы құрамына тыйым салу. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде ХҚО-да немесе «жеке кабинетінде» электрондық құжат нысанында алады. Белгіленген мерзімде бас тарту туралы дәлелді жауап берілмеген жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде куәлік не Тізілімнен шығару туралы хабарлама береді.
17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді.
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады. 21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz. 22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады. 25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі. 26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 828 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесi
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы өзгертілді (бұр.ред.қара) «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі
|