Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері (2005.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңдарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесі; 2) республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесі бекітілсін. 2. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелері бір ай мерзімде осы қаулының 1-тармағының 2 тармақшасында көрсетілген мекемелерді қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қайта тіркеуді жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір апта мерзімде мемлекеттік мекеме туралы үлгілік ереженің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін. 4. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне: 1999 жылдың 20 қаңтарына дейін мерзімде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесін бекіту; 1999 жылдың 20 қаңтарына дейін мерзімде орталық атқарушы органдармен келісе отырып, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын республикалық және жергілікті бағдарламаларды орындайтын мекемелердің тізбесін бекіту; 1999 жылдың 1 ақпанына дейін мерзімде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оларды мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуді жүзеге асыру ұсынылсын. 5. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелері бір ай мерзім ішінде ведомстволық бағынысты мекемелерді, заңдарда белгіленген тәртіппен, мемлекеттік кәсіпорындар етіп қайта тіркеуді жүзеге асырсын. 6. Мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын және уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыратын бағдарламалардың әкімші-мекемелері әрбір мемлекеттік кәсіпорынның қаржылық балансын бекітсін және қайта тіркелген күннен бастап бір ай мерзім ішінде жиынтық қаржылық балансты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне келісуге ұсынсын. 7. ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен. күші жойылды (бұр. ред. қара) 8. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, 1999 жылдың 15 қаңтарына дейін, мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық ұйымдары бұрын орындап келген жұмыстар мен қызметтерді бәсекелі ортаға беру туралы шешімнің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін. 9. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсанда № 1335 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 25.05.99 ж. № 636; 23.06.99 ж. № 834; 19.07.99 ж. № 1002; 10.09.99 ж. № 1364; 21.09.99 ж. № 1427; 23.11.99 ж. № 1775 қаулыларымен тізбе өзгертілді Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысымен бекітілген Республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесі ҚР Үкіметінің 03.03.99 ж. № 202; 15.05.99 ж. № 577; 25.05.99 ж. № 636; 23.06.99 ж. № 834; 19.07.99 ж. № 1002; 21.09.99 ж. № 1427; 23.11.99 ж. № 1775; 30.12.03 ж. № 1354 қаулыларымен тізбе өзгертілді |