Мемлекеттік кәсіпорын туралы 1995 ж. 19 маусымдағы № 2335 Осы редакция 2006 ж. 4 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
11.06.04 ж. № 561-II ҚР Заңымен актінің нысаны мен тақырыбы жаңа редакцияда
1-Тарау. Жалпы ережелер (1 - 17 баптар) 2-Тарау. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорын (18 - 30 баптар) 3-Тарау. Қазыналық кәсiпорын (31 - 45 баптар) 4-Тарау. Еншiлес мемлекеттік кәсiпорын (46 - 51 баптар) 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңымен кіріспе алынып тасталды 11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Мемлекеттік кәсiпорындар 1. Мемлекеттік кәсiпорындарға: 1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар; 2) жедел басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады. 2. Мемлекеттік меншiктiң түрлерiне қарай кәсiпорындар: 1) республика меншiгіндегі кәсiпорындар - республикалық мемлекеттік кәсiпорындар; 2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар - коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындар болып бөлiнедi. 3. Басқа мемлекеттік кәсiпорын құрған мемлекеттік кәсiпорын еншiлес мемлекеттік кәсiпорын болып табылады. 4. 11.06.04 ж. № 561-II ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құратын кәсiпорындар Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кәсiпорындарының қызметiн құру, реттеу және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Заңмен белгiленедi. ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2722 заң күші бар Жарлығымен 2-бап өзгертілді; 04.05.01 ж. № 185-II; 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Мемлекеттік кәсiпорындардың мiндет-мақсаты 1. Мемлекеттік кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады: 1) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау; 2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету); 3) мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру. 2. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi. ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2722 заң күші бар Жарлығымен 3-бап өзгертілді; 11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді; 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда 3-бап. Мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік басқару және мемлекеттік меншiк құқығын жүзеге асыру 1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын республикалық мемлекеттік меншiкке билiк етуге Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттік орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) орындайды. Министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары (бұдан әрi - мемлекеттік басқару органдары) болып табылады. 2. Коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты функцияларын тиiсті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкiмияты (бұдан әрi - уәкілетті орган) жүзеге асырады. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөліністің әкiмияты не жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттік берген атқарушы орган (бұдан әрi мемлекеттік басқару органы) коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болып табылады. 11.07.97 ж. № 154-1; 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Мемлекеттік кәсiпорынды құру 1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, коммуналдық мемлекеттік кәсiпорын - Қазақстан Республикасы Үкiмет белгiлеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады. 2. Мемлекеттік кәсiпорынның құрылтайшысы уәкiлдi орган болады. 3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 18-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi. Қазыналық кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 32-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi. 5-бап. Мемлекеттік кәсiпорындарды тiркеу және қайта тiркеу 1. Мемлекеттік кәсiпорын өзi мемлекеттік тiркеуден өткен кезден бастап құрылған деп саналады және заңды тұлғаның құқығына ие болады. Мемлекеттік кәсiпорындарды тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 2. Бұл заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу туралы заң актілерінде көзделген жағдайда мемлекеттік кәсiпорын қайта тiркеуге жатқызылады. 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Мемлекеттік кәсiпорынның жарғысы 1. Жарғы мемлекеттік кәсiпорынның құрылтайшы құжаты болып табылады. Мемлекеттік кәсiпорынның жарғысын мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) бекiтедi. 2. Мемлекеттік кәсiпорынның жарғысында: кәсiпорынның түрi, оның фирмалық атауы, құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) туралы мәлiмет, кәсiпорынның тұрған жерi, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаты, басшының өкiлеттiгi, жұмыс режимi, кәсiпорын мүлкiнiң құралуы мен табысты бөлу тәртібі, кәсiпорынды қайта ұйымдастыру мен оның қызметiн тоқтату шарттары болуы тиiс. Жарғыда сондай-ақ кәсiпорын мен құрылтайшы (уәкiлеттi орган), кәсiпорынның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары айқындалады. Жарғыда заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн. 7-бап. Мемлекеттік кәсiпорынның фирмалық атауы 1. Мемлекеттік кәсiпорынның фирмалық атауында мүлiк иесi мемлекеттік меншiктiң қай түрiне (республикалық немесе коммуналдық) жататыны және ведомстволық бағыныстылығы көрсетiлуi керек. Жедел басқару құқығындағы кәсiпорынның фирмалық атауында оның қазыналық болып табылатындығы көрсетiлуi тиiс. 2. Мемлекеттік кәсiпорынның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және фирмалық атауы бар мөрi болады. 04.10.99 ж. № 469-1; 04.05.01 ж. № 185-II; 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Мемлекеттік кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаты 1. Мемлекеттік кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсатын, мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша, оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) айқындайды, бұл кәсiпорынның жарғысында бекітіледi және шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорындарға қатысты бөлiгiнде - осы Заңның 18-бабының талаптарына, ал қазыналық кәсiпорындарға қатысты бөлiгiнде - осы Заңның 32-бабының талаптарына сәйкес келуi керек. Мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруге жол берілмейді. 2. Мемлекеттік кәсіпорынға өз Жарғысында көрсетілген қызметінің нысанасы мен мақсатына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелерді жасауына тыйым салынады. 3. Кәсiпорынның жарғысында айқындалған, қызмет мақсатына қайшы жасаған мәмiлесi заңдарда белгiленген тәртiппен оның құрылтайшысының (уәкiлдi органының) талабы бойынша күшi жоқ деп танылуы мүмкiн. Кәсiпорын басшысының кәсiпорынның қызметiнде жарғыдан тыс iс-әрекет жасауы еңбек мiндеттерiн бұзған болып табылады және белгiленген ретпен тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдануға апарып соғады. 21.05.02 ж. № 323-II; 11.06.04 ж. № 561-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Мемлекеттік кәсiпорынды басқару 1. Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органының мыналарға: 1) мемлекеттік кәсiпорын қызметiнiң басым бағыттарын айқындауға; 2) мемлекеттік кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын, оның iшiнде жоспарлы қаржылық көрсеткiштерiн, оларды берудiң мерзiмдiлiгi мен тәртібін қарауға және бекітуге; 3) уәкілетті органға тиiстi есептi ол белгілеген мерзiмде табыс ете отырып, мемлекеттік кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарлы көрсеткiштерiнiң орындалуын бақылауға және талдауға; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртiппен мемлекеттік басшыны тағайындауға және оны аттестаттаудан өткiзуге; 5) мемлекеттік кәсiпорын мүлкiнiң мақсатқа сай пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; 6) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерімен өзінің құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға өкілеттіктері болады. 2. Заңды тұлға ретiнде кәсiпорынның органы мемлекеттік басқару органына есеп беретiн кәсiпорынның басшысы болып табылады. 3. Мемлекеттік басқару органы кәсіпорынның басшысымен қатынасты Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жеке еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді. Жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзімінен, еңбек, демалыс жағдайларынан, материалдық жағынан қамтамасыз етілуінен, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында көзделген кепілдіктер ескеріле отырып, атқаратын қызметінен босату негіздерінен басқа, кәсіпорын басшысының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, оның ішінде таза табыстың белгіленген бөлігін мемлекеттік бюджетке уақтылы аудармағаны және қаржы-шаруашылық қызметi туралы мәліметтер бермегені үшін жауапкершілігі айқындалады. 4. Кәсiпорын басшысы меншiк иесiнiң (уәкiлеттi органның) және мемлекеттік басқару органының алдында кәсiпорындағы iстiң жай- күйі үшін тiкелей жауапты болады. 5. Кәсiпорын басшысы жеке дара басшылық жасау принциптерi бойынша iс-қимыл жасайды және кәсiпорынның барлық мәселелерiн осы Заң мен кәсiпорын жарғысы белгiлеген құзыретiне сәйкес дербес шешедi. 6. Басшы кәсiпорын атынан сенiмхатсыз iс-қимыл жасайды, барлық органдарда кәсiпорынның мүддесiн бiлдiредi, осы Заңмен белгiленген шектерде кәсiпорынның мүлкiне өкiмдiк етедi, шарттар жасайды, сенiмхат бередi, банкiлiк есеп-шоттарын ашады және өзге де мәмiлелер жасайды, барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi. 7. Басшы өз құзыретi шегiнде және еңбек заңдарына сәйкес қызметкерлердi кәсiпорынға жұмысқа қабылдайды және оларды жұмыстан шығарады, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазаға тартады. Басшының ұсынысы бойынша мемлекеттік басқару органы лауазымға тағайындайтын немесе лауазымнан босататын кәсiпорын қызметкерлерiнiң номенклатурасы кәсiпорынның жарғысында белгiленедi. 8. Басшының орынбасарларын кәсiпорын басшының ұсынысы бойынша мемлекеттік басқару органы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Басшының орынбасарларының және кәсiпорынның басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн басшы белгiлейдi. Басшының орынбасарлары өздерiнiң құзыретi шегiнде кәсiпорынның атынан iс-қимыл жасайды, оны мемлекеттік органдарға және басқа кәсiпорындарға танытып бiлдiредi, шаруашылық операцияларын және сенiмхатсыз шарттар жасап, сондай-ақ кәсiпорын қызметкерiне сенiмхат бере алады. 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Мемлекеттік кәсiпорынның мүлкi 1. Кәсiпорынның мүлкiн негiзгi және айналыс қаражаты, сондай-ақ құны кәсiпорынның дербес балансында көрсетiлген құндылықтар құрайды. 2. Мемлекеттік кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, пайлар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды. 3. Мемлекеттік кәсiпорынның мүлкi: 1) оған меншiк иесi берген мүлiктiң; 2) өз қызметiнiң нәтижесiнде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қосқанда); 3) заңдармен тыйым салынбаған өзге де қаражат негiздерiнiң есебiнен қалыптастырылады. 4. Мемлекеттік кәсiпорындардың негiзгi құралдарға жататын, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында бекітілген мүлiкке, сондай-ақ оларға тиесiлi акцияларға қатысты сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ. 5. Шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмде уәкiлеттi орган мемлекеттік кәсiпорынға кейіннен мүлiктi баланстан шығара отырып, оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстаудың және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерiн белгiлеуге құқылы. 11-бап. Мемлекеттік меншiк түрi не ведомстволық бағыныстылығы ауысқан кезде кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарының сақтаулы Заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттік кәсiпорынды республикалық иелiктен коммуналдық иелiкке бергенде немесе керiсiнше iстегенде, не мемлекеттік басқарудың бiр органының бағынысынан басқа бiр органның бағынысына берген кезде ондай кәсiпорын өзiне тиiстi мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығын (жедел басқару құқығын) сақтап қалады. 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Мүлiктiк кешен ретіндегі мемлекеттік кәсiпорын 1. Мемлекеттік кәсiпорын тұтас алғанда мүлiк кешенi ретiнде жылжымайтын мүлiк болып танылады және мемлекеттік меншiк құқығының объектiсi болып табылады. 2. Мүлiктiк меншiк ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, оның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқығы, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атауы, тауар белгiлерi) және басқа да айрықша құқықтар енедi. 3. Республикалық мемлекеттік кәсiпорын жөнiнде ол бiртұтас мүлiктiк кешен ретiнде болғанда мәмiлелер (кепiлге беру, жалдау және басқалары) жасауы - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша, ал коммуналдық кәсiпорын жөнiнде - жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді 13-бап. Мемлекеттiң тапсырысы 1. Мемлекеттік кәсiпорын үшiн мемлекеттiң тапсырысын орындау мiндеттi болып табылады. Егер бұл шарттар мемлекеттiң тапсырысында көзделген болса, кәсiпорынның тауарларды (жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетудi) сатып алушы немесе сатушы ретiнде шарттар жасаудан бас тартуға құқығы жоқ. 2. Мемлекеттiң тапсырысы кәсiпорынға мемлекеттік басқару органы арқылы жеткiзiледi. 3. Мемлекеттiң тапсырысында қамтылмаған өнiмдердi (жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетудi) кәсiпорын өз бетiмен сатады. 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Заңсыз келген табыстарды кәсiпорыннан алып қою Заңдарда тыйым салынған, оның жарғысында көзделмеген, қызметтi жүзеге асырудан кәсiпорынға түскен табыс, сондай-ақ сатылатын тауарлардың (жұмыстар атқарудың, қызметтер көрсетудiң) бағасын көтеру нәтижесiнде түскен табыс Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджетке алып қойылады. 15-бап. Мемлекеттік органдардың заңсыз iс-әрекеттерiне кәсiпорынның шағым жасауы Кәсiпорын мемлекеттік органдардың заңсыз iс-әрекеттерiне, оған қоса ол уәкiлдi органның кәсiпорын пайдасын алып қоюға, мүлiктi қайта бөлуге, мемлекеттiң тапсырысын беруге, кәсiпорын шығаратын тауарларға (жұмыстар атқаруға, қызметтер көрсетуге) баға қоюға байланысты жасаған, сондай-ақ кәсiпорынның құқығы бұзылатын басқадай iс-әрекеттерiне белгiленген тәртiп бойынша сотқа шағым жасауға құқылы. 11.07.97 ж. № 154-1; 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертiлдi 16-бап. Мемлекеттік кәсiпорынды қайта ұйымдастыру және тарату 1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен, ал коммуналдық кәсiпорын - жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен қайта ұйымдастырылады және таратылады. Кәсiпорын азаматтық заңдарда көзделген басқа негiздемелер бойынша да таратылуы мүмкiн. Кәсiпорынды қайта ұйымдастыру және таратуды, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi органның келісімi бойынша мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады. 2. Таратылған кәсiпорынның кредит берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлкiн уәкiлдi орган қайта бөледi. Таратылған кәсiпорынның ақшасы осы кәсiпорынның кредит берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалатын мүлкiн сату нәтижесiнде түскен ақша қаражатымен қоса тиiстi бюджеттiң табысына есептеледi. 17-бап. Мемлекеттік кәсiпорынды жекешелендiру Мемлекеттік кәсiпорын жекешелендiру туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жекешелендiрiледi. 2-Тарау. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорын 04.11.99 ж. № 472-1; 04.05.01 ж. № 185-II; 04.06.03 ж. № 431-II; 11.06.04 ж. № 561-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 18-бап өзгертілді 18-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынның мiндет-мақсаты Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын мынадай қызметтер аясында құрылуы (бұрын құрылғандарды iс-әрекет жасауы) мүмкiн: 1) қару-жарақты және оның оқ-дәрiсiн, қорғаныс құралдарын, әскеритехникасын, қосалқы бөлшектердi, санатталатын элементтер мен оның приборларын әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату; босатылған әскери-техникалық құралдарды қайта өңдеу және жою (құрту, ұқсату, көму); 2) уранды және басқа бөлшектенетiн материалдарды, сондай-ақ одан жасалатын бұйымдарды алу, өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу, көму және сату; арнаулы қорғаныс құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға болатын нормадан асатын мөлшерде радиоактивтi заттары бар өнiм шығару және сату; 3) дәрi-дәрмектер, дәрiлiк заттар мен емдеу препараттарын, медициналық жабдықтар мен құрал-сайман жасау және сату; 4) 04.05.01 ж. № 185-II ҚР Заңымен алынып тасталды 5) энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау, желiлiк көлiк, байланыс, коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында, республикалық және жергiлiктi инфрақұрылымда тiршiлiкте қамтамасыз ететiн басқа жүйелерде өзiнiң табиғи монополия жағдай мен әлеуметтiк экономикалық маңыздылығы жағынан тiкелей мемлекеттік басқаруын қажет ететiн шаруашылық қызметiн жүзеге асыру; 6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзiне жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногы инфрақұрылымының бiр бөлігі болып табылатын; 7) заңдарда қаржыландырудың арнайы тәртібі белгіленген мемлекеттік автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектілерінің желісін ұстау мен дамыту; 8) почта байланысы мен телекоммуникация, жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс желілерін пайдалану; 9) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым, мәдениет, туризм және спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру; 10) бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметі саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру; 11) қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру. 12) мемлекеттік құқық және жер кадастрларын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргізуді қамтамасыз ететін қызметті жүзеге асыру; 13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервiн қалыптастыру және сақтау саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру. Мемлекеттік органдардың қызметтiк ғимараттарын пайдалануды, оларға көлiк қызметiн көрсетудi және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру мақсатында шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындар құруға тыйым салынады. 19-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынның мазмұны Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және осы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және өзге де заң құжаттарында белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады. 20-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi 1. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi бола алады. 2. Кәсiпорынның қарамағында тек өзiнiң жарғылық мақсаттарында көзделген қызметтi қамтамасыз ету үшiн қажеттi, не осы қызметтiң өнiмi ретiнде алынған мүлiк қана бола алады. 19.06.97 ж. № 132-I; 11.07.97 ж. № 154-1; 21.05.02 ж. № 323-II; 11.06.04 ж. № 561-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертiлдi 21-бап. Кәсiпорынның жарғылық және резервтiк капиталдары 1. Кәсiпорынның жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшысы белгiлейдi, бiрақ оның мөлшерi кәсiпорынға берiлген мүлiктiң жалпы құнынан аспауы керек және кәсiпорынды мемлекеттік тiркеуден өткiзген күннен бастап белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10.000 кем болмайды. Жарғылық капиталдың мөлшерi кәсiпорынның жарғысында көрсетiледi. Жарғылық капиталды меншiк иесi (құрылтайшы) кәсiпорынды мемлекеттік тiркеуден өту қарсаңында толық құруға тиiс. 2. Жарғыда көрсетiлгендей кәсiпорын резерв капиталын қалыптастыруға мiндеттi және ол жарғылық капиталдың 10 процентiнен кем болмауы керек және резерв қорының белгiленген дәрежесiне жеткенге дейiн өз билігінде қалған таза кiрiстің кем дегенде 5 процентiн осы мақсатқа жұмсауы керек. Резерв капиталының қаржысы тек қана шығынды жабуға, бюджет алдындағы мiндеттемелердi орындауға, мемлекеттік кредиттердi өтеуге және кәсiпорынның басқадай қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда сыйақы (мүдде) өтем төлеуге жұмсалады. 3. Егер кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi туралы заң актілерінде жарғылық және резервтiк капиталдардың өзге тәртiптерiн қалыптастыру мен мөлшерлерi белгiленген болса, онда кәсiпорындар оларды осы актiлерде көзделген мөлшерлерде құрады, бiрақ ол осы баптың 1-тармағында көрсетiлгеннен кем болмауы керек. 22-бап. Шаруашылықты жүргiзу құқығына ие болу және тоқтату 1. Мүлiктi құрылып қойған мемлекеттік кәсiпорынға бекіту туралы меншiк иесi (уәкiлдi орган) шешiм қабылдаған мүлiкке қатысты шаруашылық жүргiзу құқығы, егер заңдарда немесе меншiк иесiнiң (уәкiлдiк органның) шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, бұл кәсiпорында мүлiктi кәсiпорынның дербес балансына бекітіп берген сәттен бастап пайда болады. 2. Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудың жемiсi, өнiмi мен кiрiсi, сондай-ақ кәсiпорын шарттар немесе өзге де негiздер бойынша алған мүлiк меншiк құқығына ие болуға арналған заң актілерінде белгiленген тәртiппен кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне келiп түседi. 3. Мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығы меншiк құқығын тоқтатуға арналған заңдарда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша, сондай-ақ меншiк иесiнiң (уәкiлдi органның) шешiмiмен кәсiпорыннан мүлiк заңды жолмен қайтарып алынған жағдайларда тоқтатылады. Заңды жолмен қайтарып алу реттерiне, атап айтқанда: 1) кәсiпорынның жарғылық қызметiнiң мақсатына сай келмеген мүлiктi қайтарып алу (осы Заңның 20-бабының 2-тармағы); 2) артылып қалған, пайдаланылмайтын не өз мақсатында пайдаланылмайтын мүлiктi қайтарып алу жатады. 23-бап. 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңымен алынып тасталды 24-бап. 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңымен алынып тасталды 11.07.97 ж. № 154-1; 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертiлдi 25-бап. Кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын жүзеге асыру шарттары 1. Қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығы негiзiнде жүзеге асыратын кәсiпорынның уәкілетті органның жазбаша келісімiнсiз: 1) өзіне тиесілі үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды және кәсіпорынның басқа да негізгі құралдарын иеліктен айыруға немесе өзге де әдiспен оларға билiк етуге (осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда), ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге; |