|
|
|
Қазақстан РеспубликасыныҢ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 108-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Өзара сақтандыру қоғамдары - тұтыну кооперативтері қызметінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.». 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат): 1) 803-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сақтандыру сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.»; 2) 814-баптың екінші бөлігіндегі «заңды тұлға» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтың екінші бөлігіндегі «Өзара сақтандыру» деген сөздер «Өзара сақтандыруды жүзеге асырудың, өзара сақтандыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін сақтандыруды мүшелік және сақтандыру шарттары негізінде жүзеге асырады.». 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 173-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 4-1-бөліктермен толықтырылсын: «1-1. Өзара сақтандыру қоғамының уәкілетті органға Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес есептілікті не уәкілетті орган сұратқан өзге де ақпаратты уақтылы табыс етпеуі, табыс етпеуі не дұрыс емес есептілік пен ақпаратты табыс етуі - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; «4-1. Өзара сақтандыру қоғамының мәмілелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісін бұза отырып жүзеге асыруы - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.». 1-баптың 4-тармағы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 117-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «1 проценті мөлшерінде төлейді.» деген сөздер «1 проценті;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) өзара сақтандыру бойынша - алынуға тиіс (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 проценті мөлшерінде төлейді.». 5. «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат; № 10, 54-құжат; № 14, 82-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 17, 98-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат): 7-баптың 2-тармағы «кредиттік серіктестіктердің,» деген сөздерден кейін «өзара сақтандыру қоғамдарының,» деген сөздермен толықтырылсын. 6. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат): 1) 3-баптың жиырма алтыншы абзацы «тиісті лицензиясы негізінде» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 4-баптың 2-тармағы «лицензиясы негізінде» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 9-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Өзара сақтандыру қоғамы қайта сақтандыру тәуекелдерін қабылдауға құқылы емес.»; 4) 10-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын; 5) 11-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Өзара сақтандыру қоғамы Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда сақтандыру қызметін лицензиясыз жүзеге асыруға құқылы.»; бірінші бөлік 1-тармақ болып белгіленсін; мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын: «2. Өзара сақтандыру қоғамдарының, Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісінде белгіленген қызметін қоспағанда, сақтандыру қызметін лицензиясыз жүзеге асыруына тыйым салынады.»; 1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметінің аудитін қатарынан жеті жылдан астам бір аудиторлық ұйымда не қатарынан бес жылдан астам аудиторлық ұйымда жұмыс істейтін аудиторда жүргізуге құқылы емес.»; 4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуға әкеп соқтырған;»; 8) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын: «22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құқықтық мәртебесi 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Өзара сақтандыру қоғамы тұтыну кооперативінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. 2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесі заңды тұлғаның әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретінде мемлекеттік тіркелуімен және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен айқындалады. Өзара сақтандыру жөніндегі қызметті уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының құқықтық мәртебесі осы Заңмен және «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады. Өзара сақтандыру жөніндегі қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының құқықтық мәртебесі «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.»; 3-тармақтағы «сапасы мен өтімділігі бойынша сыныптамасы ескеріліп есептелген» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын: «12. Қызметі лицензиялануға тиіс қоғамдардың қаржылық тұрақтылығына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»; 10) 47-баптың 3-тармағы «құрылымына» деген сөзден кейін «, соның ішінде қызметі лицензиялануға тиіс қоғамдарға» деген сөздермен толықтырылсын; 11) 48-баптың 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «активтердің сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып, олардың құны негізге алынып есептелген» деген сөздер алып тасталсын; 12) 53-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «53-бабының 1-1-тармағына» деген сөздер «53-2-бабының 7-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 10, 138-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат): 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Өзара сақтандыруды жүзеге асыратын тұтыну кооперативтері қызметінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалады.». 8. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат): 1-баптың 6-тармақшасында: «, сондай-ақ банк қызметі» деген сөздер «, банк қызметі, сондай-ақ лицензиялануға жатпайтын өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 5-і. № 164-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |