|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Мұнай туралы» 1995 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат): 1-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "17) мұнай операцияларын жүргізу жөніндегі ұлттық компания (бұдан әрі - ұлттық компания) - Yкімет шешімі бойынша құрылған, ұлттық холдинг жалғыз акционері болып табылатын, осы Заңда белгіленген жағдайларда мұнай операцияларын жүзеге асыратын акционерлік қоғам;". 2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 5, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат): 1) 2-бапта: 2) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: "Ұлттық басқарушы компания немесе ұлттық холдинг бас ұйым болып табылатын заңды тұлғалар тобы банк конгломератына жатпайды."; 3) және 5) тармақшалардың бірінші абзацтары "мемлекет" деген сөзден кейін "немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен толықтырылсын; 10) тармақша "мемлекет" деген сөзден кейін "немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Мемлекет тек Yкімет атынан ғана банктің құрылтайшысы және акционері бола алады. Қазақстан Даму Банкінің ғана акционері бола алатын ұлттық басқарушы компанияны қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындар және жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу процентінен астамы мемлекетке тиесілі ұйымдар банктің құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды."; 7-тармақтағы "Тікелей" деген сөз "Ұлттық холдинг пен ұлттық басқарушы компанияны қоспағанда, тікелей" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 30-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "мемлекет бірден-бір акционері болып табылатын" деген сөздер, 34-баптың 1-1 және 2-тармақтарындағы "мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын" деген сөздер "акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат): 1-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "24) жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компания (бұдан әрі - ұлттық компания) - Yкімет шешімі бойынша құрылған, мемлекет немесе ұлттық холдинг жалғыз акционері болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларында қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;". 4. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат): 1) 3-баптың он үшінші және он алтыншы абзацтары "мемлекет" деген сөзден кейін "немесе ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен толықтырылсын; 2) 21-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "Жарғылық" деген сөз "Ұлттық басқарушы компанияны қоспағанда, жарғылық" деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат): 27-баптың 1-тармағының 22-1) тармақшасы алып тасталсын. 6. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: "1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi Қазақстанның Даму Банкі (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлік қоғам болып табылады, оның жалғыз акционері ұлттық басқару компаниясы болып табылады. Даму Банкі ұлттық даму институты болып табылады."; 2) 2-баптың 3-тармағында "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 6-баптың 1-тармағы алып тасталсын; 4) 13-баптың 2-тармағы алып тасталсын; 1-тармақтағы "және республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен құралады" деген сөздер алып тасталсын; 7) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын: "24-бап. Даму Банкінің директорлар кеңесi 1. Даму Банкінің директорлар кеңесі, директорлар кеңесінің төрағасын қоса алғанда жеті мүшеден тұрады, оларды қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз ұлттық басқарушы компания сайлайды. Даму Банкі директорлар кеңесінің екі мүшесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынымы бойынша ұлттық басқарушы компания сайлайды. 2. Даму Банкінің директорлар кеңесі Даму Банкінің әрбір қаржы жылына арналған бюджеттің, Даму Банкінің қызметін регламенттейтін ережелерді бекітеді, Даму Банкі президентінің ұсынуы бойынша Даму Банкінің вице-президенттерін, ішкі аудит құрылымдық бөлімшесінің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады."; 8) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Даму Банкінің президентін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз ұлттық басқарушы компания қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.". 7. «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат): 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "15) Ұлттық темір жол компаниясы - Yкімет шешімі бойынша құрылған, ұлттық холдинг жалғыз акционері болып табылатын, магистралдық темір жол желісін күтіп-ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистралдық темір жол желісі қызметтерін көрсететін акционерлік қоғам;". 8. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат): 1) 1-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "11) Ұлттық почта операторы - Үкімет шешімі бойынша құрылған, ұлттық холдинг жалғыз акционері болып табылатын, баршаға қолжетімді почта байланысы қызметін, арнайы байланыс қызметін көрсету және қаржы қызметі мен қаржылық қызмет көрсетуді жүзеге асыру жөнінде міндеттемелер жүктелген акционерлік қоғам;"; 2) 6-баптың 1-тармағы алып тасталсын. 9. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 34-бапта: 4-тармақта: бірінші бөлік "мемлекетке" деген сөзден кейін "немесе ұлттық басқарушы компанияға" деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктегі "Ұлттық" деген сөз "Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: "Ұлттық холдинг акционері болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын осы ұлттық компаниялардың директорлар кеңесі бекітеді."; мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын: "4-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы және жалғыз акционері болып табылатын, қызметінің негізгі мақсаты ұлттық даму институттары мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығымен тиесілі акциялар пакетін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын акционерлік қоғам ұлттық басқарушы компания болып табылады. 4-2. Ұлттық даму институттары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен акционерлік қоғамдар ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған, қызметінің басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы жобаларды іске асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтік, инновациялық, сервистік ұйымдар. 4-3. Қазақстан Республикасының Yкіметі құрылтайшысы және жалғыз акционері болып табылатын, ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлік қоғамдардың өзіне меншік құқығымен тиесілі акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады."; 5-тармақта "тиесілі, ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда" деген сөздер "немесе ұлттық холдингке тиесілі және ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда қызметін жүзеге асыратын," деген сөздермен ауыстырылсын. 10. «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 89-құжат): 1) 1-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын; 2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: "3-бап. Қордың құқықтық мәртебесi Қазақстанның инвестициялық қоры Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімімен құрылған, ұлттық басқарушы компания жалғыз акционері болып әрекет ететін акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады. Қазақстанның инвестициялық қоры ұлттық даму институты болып табылады."; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "8-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Қормен өзара қарым-қатынастары"; 1 және 2-тармақтар алып тасталсын; 4) 9-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын: "11-бап. Таза кірісті бөлу Таза кірісті бөлу тәртібін ұлттық басқарушы компания айқындайды.". 11. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат): 1) 14-баптың 12) тармақшасы "мақсатында" деген сөзден кейін "ұлттық" деген сөзбен толықтырылсын; 3-тармақтың тоғызыншы абзацындағы "ұйымдастыруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша жүзеге асырылады." деген сөздер "ұйымдастыруды;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: "ұлттық даму институттарын құруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша жүзеге асырылады."; 4-тармақ алып тасталсын; 3) 19-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі "құрылатын" деген сөзден кейін ", ұлттық басқарушы компания жалғыз акционері болып әрекет ететін" деген сөздермен толықтырылсын. 12. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2006 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 5-6, 35-құжат): 1) 5-баптың 2) тармақшасында "мемлекеттік" деген сөз "ұлттық" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Ұлттық инновациялық қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, ұлттық басқарушы компания жалғыз акционері болып әрекет ететін, акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады. Ұлттық инновациялық қор ұлттық даму институты болып табылады."; 3) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын: "12-бап. Ұлттық инновациялық қордың таза кірісін бөлу Ұлттық инновациялық қордың таза кірісін бөлу тәртібін ұлттық басқарушы компания айқындайды."; 4) 13-баптың 3-тармағында "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі. № 178-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |