|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi (2007.24.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 18 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 3) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiне екі вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн. 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестаттау комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiне, оған министрлiктiң бақылау-қадағалау және реттеу функцияларын бере отырып, қайта құру жолымен; 2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 4. Қоса берілiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 2) ҚР Үкіметінің 2007.29.05 № 438 Қаулысымен алынып тасталды(бұр. ред. қара) 3) ҚР Үкіметінің 2007.29.05 № 438 Қаулысымен алынып тасталды(бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2007.29.05 № 438 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. Мыналарға: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінiң төрағасына екi орынбасары болуға; 6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 36 ; 2006.21.07. № 700 (бұр.ред.қара); 2007.29.05. № 438 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты және заңнамада көзделген шектерде оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктiң негізгі мiндеттерi білiм, ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; білім алу үшін қажеттi жағдайлар жасау; ғылыми зерттеулердi ұйымдастыруды жетілдiру және олардың бәсекеге қабiлеттілігін арттыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi; Балалардың құқықтарын қорғау комитеті. 2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Министрлiкке заңнамаға сәйкес өкілеттілiк берiлген болса, онда оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар. 4. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар түрiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мiндетті күшi болады. 5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Министрлiктің құрылымын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрi (бұдан әрi - Министр) бекiтедi. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 6 сәуірдегі № 249 Қаулысымен 6 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11. 7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Министрлiктің қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Министрлiктің өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуiне тиым салынады. Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiстер мемлекеттік бюджет кiрiсiне жiберiледi. 2. Министрліктiң функциялары мен құқықтары 10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен: ҚР Үкіметінің 2007.29.05 № 438 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды: білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, мемлекеттік жастар саясаты, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты iске асыруға бағытталған тұжырымдамалар, стратегиялар, мемлекеттік және мақсатты бағдарламалар мен жоспарлар әзiрлеудi; білім беру сапасын басқару саласындағы саясатты қалыптастыруды; білiм беру, ғылыми қызмет саласындағы инновациялық саясатты қалыптастыруды; Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген құзырет шегiнде нормативтік құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ білім беру қызметiнде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегi құжаттардың нысанын қабылдауды; әлсiз, ауру балаларды, сондай-ақ экологиялық қолайсыз өңiрлерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын, тәрбиелеудi, білім берудi және сауықтыруды қамтитын балалар үйлерiнiң жетiм балаларын оңалту бағдарламасын қалыптастыруды; оқу-тәрбиелiк процестiң жоғары сапасын қамтамасыз ететiн оқу басылымдарының тiзбесiн қалыптастыруды; білім берудi басқару жүйесiн ақпараттық қамтамасыз етудi қалыптастыруды; республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсiптiк жоғары білiмдi, сондай-ақ кәсiптiк орта білімдi мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруды; педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың білiктілігін арттырудың мемлекеттік тапсырысын қалыптастыруды; iргелi зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыруды; мiндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастыруды; өз қызметi саласында халықаралық ынтымақтастықты, халықаралық шарттар мен келісімдердiң жобаларын дайындауға қатысуды және Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінiң тапсырмасы бойынша оларға қол қоюды жүзеге асырады; ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 (бұр.ред.қара); 2007.29.05 № 438 (бұр.ред.қара) Қаулылармен 2) тармақша өзгертілді 2) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар: бюджет болжамын әзiрлеу және білім беру салаларында индикативтiк жоспарлауға қатысу; білім беру қызметi рыногындағы бәсекелестіктi дамыту жөнiнде шаралар қабылдау; білім беру, балалар мен жастардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау саласындағы заңнаманы қолдану практикасын талдау, қорыту; мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүргізу; ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесін жетілдiру; өз құзыретi шегінде жұмылдыру жұмысын және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; балалар мен жастардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау бөлiгінде халықтың өсуiн дамыту (демография) саясатын жүргiзу. 11. Негізгi мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн Министрлiк заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) өзінің мiндеттерiн іске асыру үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан сұрауға және алуға; 2) өз құзыреті шегінде ұйымдарды құру, қайта құру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 3) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекітуге; 4) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектілерiнiң функциясын жүзеге асыруға; 5) баспа қызметiмен айналысуға, ведомстволық журналдарының, газеттерінің, басқа да баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының болуына; 6) ғылым саласында сыйлықтар мен стипендиялар беруге; 7) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға; 8) ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргізуге; 9) ведомстволық статистикалық бақылаулар бағдарламаларын әзiрлеуге құқылы. 12. Министрлiктiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкінің болуына құқығы бар. Министрлiктiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлардан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерімінде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұрады. 13. Министрлiктiң мүлкi республикалық меншiкке жатады. 14. Министрлiктiң өзiне бекітілген мүлiктi өзбетімен оқшаулауға немесе өзге де әдiспен билiк етуге құқығы жоқ. Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру 15. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке Министрдiң ұсынуы бойынша тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. 16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi. 1) өз орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн айқындайды; 2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды; 4) Министрлiктiң регламентiн және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктi бiлдiредi; 6) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк шаралар қолданады. 18. Министрлiктiң Министрдің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының арасынан Министр бекiтедi. 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату 19. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2005.29.04 № 405; 2005.19.07. № 741 (бұр.ред.қара); 2005.13.08. № 843 (бұр.ред.қара); 2005.20.09. № 929 (бұр.ред.қара); 2005.27.09. № 953 (бұр.ред.қара); 2005.24.11. № 1159; 2006.29.03. № 211 (бұр.ред.қара); 2006.13.06. № 544 ; 2006.21.07. № 700 (бұр.ред.қара); 2006.05.12. № 1170 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі); 2006.29.12. № 1324 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.24.07. № 624 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi 1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар 1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi 3. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi 4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi 5. Қазақ ұлттық аграрлық университетi 6. Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетi 7. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетi 8. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты 9. Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институт 10. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетi 11. Атырау мұнай және газ институты 12. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетi 13. Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетi 14. Ілияс Жансүгiров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi 15. Махамбет Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi 16. Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 17. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты 18. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 сәуірдегі № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 19. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетi 20. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетi 21. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi 22. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетi 23. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 24. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетi 25. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi 26. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 27. Рудный индустриялық институты 28. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетi 29. Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттік университеті 30. Семей мемлекеттік педагогикалық институты 31. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетi 32. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 33. М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетi 34. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжi 35. А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi 36. Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжi 37. О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндiк-қолданбалы өнер колледжi 38. ҚР Үкіметінің 2007.24.07. № 624 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 39. Семей қаржы-экономикалық колледжi 40. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы 41. 12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы 42. Республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты 43. Білім беру мен тестілеудiң мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы 44. Республикалық білім берудi ақпараттандыру ғылыми-әдiстемелiк орталығы 45. ҚР Үкіметінің 2006.29.03. № 211 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 46. "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 47. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы 48. "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы 49. "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы 50. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 51. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 52. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 53. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 54. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 55. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 56. ҚР Үкіметінің 2005.19.07. № 741 қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 57. Салааралық ақпараттар ғылыми-техникалық орталығы 58. ҚР Үкіметінің 2006.21.03. № 195 қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 59. ҚР Үкіметінің 2006.21.03. № 195 қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 60. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 61. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 62. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 63. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 64. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 65. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 66. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 67. Қолданбалы математика институты 68. ҚР Үкіметінің 2005.27.09. № 953 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 69. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 70. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 71. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 72. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 73. ҚР Үкіметінің 2005.20.09. № 929 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 74. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 75 "Ғылым" ғылыми баспа орталығы 76. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 77. ҚР Үкіметінің 2005.13.08. № 843 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 77-1."Мектепке дейiнгi балалық шақ" республикалық орталығы 77-2. Республикалық біліктіліктi растау және беру орталығы 77-3. "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 77-4. Ұлттық аккредиттеу орталығы 77-5. Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы 77-6. Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсiптiк орталық 77-7. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 77-9. «Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық».
2. Мемлекеттік мекемелер 78. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 79. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 80. Қазақ ұлттық музыка академиясы 81. Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 82. Б. Момышұлы атындағы Республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты 83. Республикалық Қарағанды әскери мектеп-интернаты 84. Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты 85. ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1324 қаулысымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 86. Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты 87. Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 88. О. Жәутiков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты 89. Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхана 90. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 91. ҚР Үкіметінің 2005.01.06. № 541 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 92. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.04.04 № 301 қаулысымен тізбе 3-бөліммен толықтырылд; ҚР Үкіметінің 2005.01.06. № 541 қаулысымен өзгерді (бұр. ред. қара)
3. Акционерлік қоғамдар
1. Халықаралық бағдарламалар орталығы 2. Қаржы орталығы. 3. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тiзбесiнде: 2-бағандағы реттік нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитеті"; 2-бағандағы peттік нөмiрi 16-жол мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi". 2. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 2, 9-құжат): 3-тармақтағы "Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздер "Білім және ғылым" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi" деген бөлiм және реттiк нөмiрi 72-жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлiмдегi: реттік нөмiрлерi 470-162, 470-163-жолдар алынып тасталсын; кіші бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-185-жолдармен толықтырылсын: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi 470-185 "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) Байқоңыр қаласы;". 4. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 506-құжат): 3-тармақтағы алтыншы абзац алынып тасталсын: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың екiншi абзацындағы "Аэроғарыш комитетi" деген сөздер алынып тасталсын; 10-тармақтағы 9) тармақша алынып тасталсын; 11-тармақтағы 13-3) және 13-4) тармақшалары алынып тасталсын. 5. "Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңiстiктi пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 наурыздағы № 431 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңiстiктi пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензия берудiң ережесінде: 7-тармақта "Энергетика, индустрия және сауда" деген сөздер "Білім және ғылым" деген сөздермен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi 1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 504-құжат), 5-тармақтан басқасы. 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1824 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 522-құжат) 1-тармағының 3) тармақшасы. 3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Білім беру мен тестiлеудiң мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1850 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы. 4. "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2001 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 571-құжат). 5. "Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды интеграциялау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 14 ақпандағы № 236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 7, 86-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |