Астық туралы 2001 ж. 19 қаңтардағы № 143-II (2009.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 11 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға енгізілетін өзгерістерді қара: 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңы (Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 2 баптар) 2-тарау. Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеу (3 - 9 баптар) 3-тарау. Астық өндіру мен сатуды мемлекеттік қолдау (10 бап) 4-тарау. Мемлекеттік астық ресурстары (11 - 12 баптар) 5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары (13 - 16 баптар) 6-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу (17 - 33 баптар) 7-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарын тарату (34 - 38 баптар) 8-тарау. Астық қолхаттары (39 - 41 баптар) 9-тарау. Қорытынды ережелер (42 бап) Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi.
ҚР 11.07.01 ж. № 231-11; 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) агент - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдинг жалғыз акционері болып табылатын, өз құзыреті шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын акционерлік қоғам; 2) азық-түліктік астық - тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық; 3) азық-түліктік қауіпсіздік - сыртқы және ішкі жағдайларға қарамастан, тамақтанудың физиологиялық нормаларына сәйкес халықтың тамақ өнімдеріне деген қажеттерін қанағаттандыратын тиісті ресурстармен, әлеуетпен және кепілдіктермен қамтамасыз етілген экономиканың, соның ішінде оның агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі; 4) астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшін пайдаланылатын дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың өнімдері; 5) астық иесі - астық қабылдау кәсіпорнына сақтауға астық берген жеке немесе заңды тұлға; 6) астық қабылдау кәсіпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға; 7) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) - астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық ғимарат; 8) астық қолхаты - астық иесінен астықты сақтауға қабылдағанын растап, астық қабылдау кәсіпорны беретін қоймалық қосарлы куәлік; 9) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесі - астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені; 10) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры - астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға; 11) астық қолхатын ұстаушы - астық иесі, астық қолхатымен индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат; 12) астық өндіру - астық өсіруге бағытталған агротехникалық іс-шаралар кешені; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) астық рыногына қатысушылар - астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге қатысушы жеке және заңды тұлғалар; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) астық экспорттаушы - астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға; 14) астықтың өмірлік циклі - астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері; 15) астық рыногының мониторингі - астықты өндіруді, сақтауды, қайта өңдеуді және сатуды қоса алғанда, астық рыногына қатысушылар жүзеге асыратын астықпен жасалатын операциялар туралы деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты іс-шаралар жиынтығы; 16) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктінде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтитын қызмет көрсетулердің технологиялық кешені; 17) астықтың сапасы - астықтың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, санитарлық, ветеринариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келуін айқындайтын тұтыну қасиеттерінің жиынтығы; 18) астықтың сапасына сараптама жасау - көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, сапа паспортын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені; 19) астық сапасының паспорты - астық сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына және (немесе) келісім-шарт талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат; 20) жемдік астық - жануарлар мен құс азығына арналған астық; 21) жұмылдыру дайындығы - мемлекеттік органдардың алуан түрлі дағдарысты жағдайларда ел халқын астық ресурстарымен қамтамасыз ету қабілеті; 22) кепіл куәлігін ұстаушы - кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемеде астықты кепілге ұстаушы болып табылатын тұлға; 23) қойма куәлігін ұстаушы - кепілмен ауыртпалық жасалған астық иесі, қойма куәлігімен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат; 24) мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту - оның бір бөлігін сату және жаңа егіннің астығы есебінен мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің белгіленген көлемін және қажетті сапасын ұстап тұру мақсатында жаңа егіннің астығын сатып алу; 25) мемлекеттік астық ресурстары - азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік міндеттемелерді орындау мақсатында, сондай-ақ астық рыногын қорғау мен реттеу үшін жасалған мемлекеттік астық запастары; 26) мемлекеттік астық ресурстарын ауыстыру - мемлекеттік астық ресурстарын бір астық қабылдау кәсіпорнынан басқасына тасу; 27) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаны (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган; 28) тұқымдық астық (тұқым) - себу мақсаттарына пайдаланылатын әрі сорттылық және себу сапаларына қарай бөлінетін астық; 29) уәкілетті орган - астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іскe асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
1. Қазақстан Республикасының астық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-тарау. Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеу
3-бап. Астық рыногындағы мемлекеттік басқарудың мақсаттары Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеудiң мақсаттары: 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара) 1) Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауіпсіздігін, техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі - қауіпсіздік) және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; 2) астық бағасының демпингіне жол бермеу; 3) астық өткізу рыногын кеңейту; 4) астық сапасын қамтамасыз ету; 5) фитосанитариялық жағдайды қауiпсiз деңгейде ұстау; 6) табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру және астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетілдiру; 7) жемдiк астықтың мемлекеттік ресурстары көлемiнiң шегiнде мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында азықтың ықтимал тапшылығын жою; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара) 8) астық өндiру iсiнде инвестиция, кредит, салық және кеден саясатын қалыптастыру ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды 9) астықтың қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу болып табылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгерді 4-бап. Астық рыногын мемлекеттік реттеу нысандары Астық рыногына қатысушылардың қызметiн мемлекеттік реттеу: 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн біліктілік талаптары негiзiнде астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметтi лицензиялау; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды(2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-1) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред .қара) 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу; 2-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметiн бақылау; 3) астық қолхаттарының айналысын құқықтық реттеу; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 4) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті, сондай-ақ астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялық бақылау; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды(2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-1) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналысы мен өтелуі жөніндегі ережелердің сақталуын бақылау; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды(2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-2) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті бақылау; 5) мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және олардың сандық-сапалық жай-күйiн бақылау арқылы; 6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 7) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөніндегі iс-шараларды мемлекеттік қаржыландыру; 8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 10) заң актілерінде көзделген өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгерді 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасының астық рыногы мен астық индустриясын дамыту стратегиясы - астық бағдарламасын әзiрлеп, iске асырады; 2) астық өндiрудi мемлекеттік қолдау бағдарламасын бекiтедi, инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдай қалыптастырады және астық рыногын дамыту мен оның тұрақтылығын қолдау жөнiнде өзге де шаралар қолданады; 3) мемлекеттік астық ресурстарының көлемiн, құрылымын, қалыптастырылу, сақталу және пайдаланылу ережелерiн бекiтедi; 4) астықпен жасалатын операцияларға байланысты үкiметаралық келісімдер жасасады; 5) астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгi нысанын бекiтедi; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 6) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметке лицензиялау ережелері мен біліктілік талаптарын бекітеді; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-1) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметке лицензиялау ережелері мен біліктілік талаптарын бекітеді; 7) астықтың мемлекеттік ресурстарымен және агенттiң жеке қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды жеке есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң ережелерi мен стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 7-1) тармақша өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 7-1) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртібін, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртібін белгiлейдi; 8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды 9) астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне қатысты техникалық регламенттерді бекітеді.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгерді; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті органның құзыретіне мыналар кіреді: 1) астық нарығы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру және реттеу; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-1) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 2) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерін және оған қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-1) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерін және оған қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-2) астықты экспорттаушылардың қызметiн астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарының сақталуы және астық нарығы мониторингi бойынша есептіліктiң дәйектілігі тұрғысынан лицензиялық бақылау; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) астық қабылдау кәсiпорындарының: астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу; астық сақтау; астық қолхаттарының берiлуi, айналысы және өтелуi қағидаларын сақтауын бақылау; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-1) астықты экспорттаушылардың қызметін Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауы тұрғысынан бақылау; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-2) Қазақстан Республикасы астық туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын бекітеді 4) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; 5) астық нарығының мониторингін жүзеге асыру; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді ( бұр. ред .қара) 6) астық қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылау; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді ( бұр. ред .қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) астық сапасының сараптамасы бойынша аккредиттелген зертханалардың қызметін астық сапасын сараптау және уәкiлеттi орган белгiлеген астық сапасы паспортын беру тәртібін сақтауы тұрғысынан бақылау; 8) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп-жөнелтуге тыйым салу; 9) ауыл шаруашылығы техникасының және жабдықтарының лизингін ұйымдастыру, селекцияны және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдар өсіру технологиясы, топырақ құнарлылығын сақтау, өсімдіктер қорғау және 1 карантині жөнінде бағдарламалар әзірлеу; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді ( бұр. ред .қара) 10) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып астық сапасын сараптау және астық сапасы паспортын беру тәртібіне талаптар әзірлеу; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред .қара) 11) астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне қатысты техникалық регламенттерді әзірлеу; 12) астықтың сандық-сапалық есепке алынуы, сақталуы; астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі; астық нарығының мониторингін жүргізу; астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу; астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгі нысандары жөнінде нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік астық инспекторлары туралы ереже әзірлеу және бекіту; 13) 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 14) астық өндірушілерді қорғау үшін демпингке қарсы шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 15) астық қолхаты жазылатын бланкілерге, оларды шығару, алу, сақтау, айналдыру, өтеу және жою тәртібіне талаптар, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне талаптар белгілеу; 16) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астық қолхаттары тізілімі мәліметтеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру); 17) осы Заңның 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес астық қабылдау кәсіпорнына уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдау; 18) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өкілеттіктер шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды бақылау; 19) мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жіберуге және тасымалдауға (орнын ауыстыруға) бақылау. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) 20) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды 20-1) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 6-1-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне мыналар кіреді: 1) селекция және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдарды өсіру технологиясын дамыту, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 2) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті лицензиялау; 3) астық нарығы мониторингін уәкілетті орган бекітетін ережелерге сәйкес жүзеге асыру; 4) астықтың (тұқымның) сапасы бойынша стандарттарды, техникалық шарттарды, басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 5) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндіру, сақтау және өткізу технологиясын жетілдіру; 6) астық өндіру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгізу; 7) астық қолхаттарының тиімді айналымы үшін жағдайлар жасау; 8) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштар, тұқым улағыштар мен гербицидтер құнын арзандатуды жүзеге асыру; 9) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолдану; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді ( бұр. ред .қара) 10) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау жөніндегі қызметтер көрсету бойынша бәсекелестік орта құру жөнінде шаралар қолдану; 11) астық қабылдау кәсіпорындарын бақылау, ол мыналарды қамтиды: бекітілген кестелерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын лицензиядан кейінгі жыл сайынғы тексеру; астық қабылдау кәсіпорындарын тексеру актілерін ресімдеу; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакция (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 12) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 6-2-бап. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агенттің функциялары Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент: 1) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен мемлекеттік астық ресурстарына астықты нарықтық бағамен сатып алу; 2) мемлекеттік астық ресурстарын сақтау үшін белгіленген тәртіппен астық қабылдау кәсіпорындарын таңдау; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 3) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік тұқым ресурстарынан және жемдік астықтың мемлекеттік ресурстарынан тұқымдық және жемдік астық несиелерін беру; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) 4) мемлекеттік астық ресурстарын ауыстыру функцияларын жүзеге асырады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 6-3-баппен толықтырылды 6-3-бап. Астық нарығы саласындағы мемлекеттік бақылау 1. Астық нарығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 11.07.01 ж. № 231-11; 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ( бұр. ред .қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Астық қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылау 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред . қара) 1. Қазақстан Республикасы аумағындағы астық және оның өмірлік циклінің процестері осы Заңның талаптарына, техникалық регламенттерге, санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормаларға және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келуге тиіс. |