Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
Осы Заңға енгізілетін өзгерістерді қараңыз: 2010 жылғы 30 маусымдағы № 297-IV ҚР Заңы (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңның күшіне ену тәртібін қараңыз
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ашық» деген сөз алып тасталды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттік органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.
1 Бөлім. Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 22.12.98 ж. № 328-1; 05.04.99 ж. № 364-1 Заңдарымен 1-бап өзгертілді; ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 16.05.03 ж. № 416-II; 2005.16.06. № 58-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) автоматтандырылған ақпараттық жүйе - жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы активтерiн және жинақтарын есепке алуды жүзеге асыруға қажеттi және ақпараттың сенiмдiлiгiн, сақталуын және оны рұқсатсыз кiруден қорғауды қамтамасыз ететiн бағдарламалық қамтамасыз етiлуi; 2) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жояды 2) әлеуметтiк жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код; 3) әртараптандыру - зейнетақы активтерiн жоғалтып алу қатерiн азайту мақсатында, уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес оларды әртүрлi қаржы құралдарына орналастыру; 4) бақылау - заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi, ол мынадай талаптардың бiрi болған: заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерiнiң не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегерiле отырып) елу пайызынан астамын бiр тұлғаның дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп тiкелей немесе жанама иеленуi не заңды тұлғаның акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкiндiгi болған; бiр тұлғада заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемiнде жартысын дербес сайлау мүмкiндiгi болған; Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгi аудиторлық есепке сәйкес заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгiне енгiзiлген; бiр тұлғаның дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп шарттың (растайтын құжаттардың) күшiне қарай немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi болған кезде туындайды; 5) баспасөз басылымы - тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымдары; 6) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға; 7) ең төменгi зейнетақы - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген зейнетақы төлемдерiнiң ең төменгi мөлшерi; 8) ерiктi зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен, салымшылардың өз бастамасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы; 9) ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi; 10) ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес, өзiнiң меншікті қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 11) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын кәсiптер тiзбесi бойынша қызметкерлердiң пайдасына салымшылардың өз бастамасы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы; 12) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi; 13) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес, өзiнiң меншікті қаражаты есебiнен қызметкердiң пайдасына ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 14) жеке зейнетақы шоты - салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мiндеттi не ерiктi зейнетақы жарналары немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдерi жүргізіледі; 15) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерi жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 16) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргiзу - заңды тұлға ретiнде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлiк балансына зейнетақы активтерiн енгiзбеу; 17) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын жанама иелену (дауыс беру) - жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысының немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бiрлескен iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену арқылы айқындау мүмкiндiгi; 18) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы -уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) он немесе одан көп пайызын тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе: жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының он немесе одан көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беру; жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қабылдайтын шешiмдерге шарттың күшiне қарай не уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалатын тәртiппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкiндiгi бар жеке немесе заңды тұлға (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иеленушi болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда); 19) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн жанама иелену не акцияларын иелену (дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену (дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның iрi қатысушысының немесе бiрлесiп заңды тұлғаның iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi; 20) зейнетақы - уәкілетті ұйымнан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы; 21) зейнетақы активтерi - зейнетақы төлемдерi мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын қаражатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары; 22) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға; 23) зейнетақы аннуитетi шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге мiндеттенедi, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмiр бойына немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенедi; 24) зейнетақы жинақтары - мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, өсiмпұлды, шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында есептелетiн ақшасы; 25) зейнетақы жинақтарының нақты құны - мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган есептеп шығаратын, тұтыну бағалары индексiне үйлестiрiлген зейнетақы жинақтарының номиналды құны; 26) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - бiр тараптан жинақтаушы зейнетақы қорымен және екiншi тараптан салымшы және (немесе) зейнетақы төлемдерін алушы жасасатын, зейнетақы жарналарына, жинақтарына және төлемдер алуға байланысты құқықтық қатынастарды белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт; 27) зейнетақы төлемдерi: уәкілетті ұйымнан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне тепе-тең түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу; жинақтаушы зейнетақы қорларынан - зейнетақы төлемдерін алушыларға зейнетақы жинақтарын төлеу; 28) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) - уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерi тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке тұлға; 29) инвестициялық декларация - зейнетақы қағидаларына қосымша болып табылатын және инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық қызметтiң мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерiн, зейнетақы активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат; 30) инвестициялық кiрiс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған ақша; 31) инвестициялық портфель - зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн қаржы құралдары жиынтығы; 32) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарды тiркеу және есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттiң ақшасын есепке алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын банк; 33) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиентi жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершiлiкпен сақтау және есепке алу туралы шарт; 34) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi - Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен соң берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем; 35) мiндеттi зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына салынатын ақша; 36) мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, сондай-ақ филиалдары, өкiлдiктерi арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға; 37) мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін төлем мөлшерi, ол салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын табысына пайыздық қатынаспен көрсетiледi; 38) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы - мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға; 39) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ екенiн растайтын фактiлердiң болуы; 40) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласында реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 41) Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар - уәкiлеттi мемлекеттiк органдар; 42) пруденциялық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн экономикалық талаптар; 43) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 44) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы; 45) уәкiлеттi орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 46) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын; 47) үлестес тұлғалар - шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бiрi) қабылдайтын шешiмдеріне, оның iшiнде жасалған мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды және ұлттық басқарушы холдингтi қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Ұлттық басқарушы холдингтiң.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы 1. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы. 2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 16.11.99 ж. № 482-1 Заңдарымен 5-бап өзгертілді; 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.06 бастап қолданысқа ендi); 2006.04.07. № 148-III Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді 5-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік кепiлдiктер 1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, 1999 1 сәуірге дейін зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейінгі кезеңдерде зейнетақы төлемдері осы Заңның 13-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады. 2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi: 1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алып келген; 2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына; 3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға төленеді. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге асырылады. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгi күнкөрiс деңгейіне кезең-кезеңімен жақындатыла отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленедi. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемiн төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар азаматтардың тiлегi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылуы мүмкiн. 3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі. 4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және/немесе оны төлеудi жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен кейiн төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi. Тағайындалған зейнетақыға осы баптың 1 және 3-тармақтарының және осы Заңның 13-бабының 4-тармағының ережелерi қолданылады.
05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III ҚР (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 1. Мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқықты иемденуі кезінде жинақтаушы зейнетақы қорларының консервативті және қалыпты инвестициялық портфельдеріне енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен айқындалған тәртіппен инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде кепілдік береді. Жинақтаушы зейнетақы қоры агрессивті инвестициялық портфельге енгізілген жинақталған зейнетақы қаражатының және осы инвестициялық портфельде болу кезеңінде түскен жарналардың сақталуын осы Заңда көзделген тәртіппен инфляция деңгейін ескере отырып қамтамасыз етеді. 2. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі, сондай-ақ: 1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметiн лицензиялау; 2) зейнеткерлiк активтердi инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметiн лицензиялау; 2-1) екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық қызметін лицензиялау; 3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциалдық нормативтер белгілеу; 3-1) олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттер белгілеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу; 4) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерi мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу; 5) жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау талабын белгілеу; 6) 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7) жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату; 9) диверсификация және зейнетақы активтерін орналастыру кезінде тәуекелді азайту жөніндегі талаптарды белгілеу; 10) жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiне шектеулер енгізу; 11) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттілігi; 12) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi мемлекеттік органдар алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұдайы қаржылық есеп берiп отыруы; 12-1) салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат беріп отыру; 13) алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорының екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бiрақ ол жылына екi реттен аспауы керек; 14) жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық көлемінде немесе ішінара ерікті сақтандыру; 15) зейнетақы активтерін сақтандыру жүйесін құру арқылы қамтамасыз етіледі.
2 Бөлім. Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру
2-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
ҚР 04.01.02 ж. № 278-II Заңымен 7-бап толықтырылды 7-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы |