<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1999 ЖЫЛҒЫ 23 ШІЛДЕДЕГІ № 453-1 ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Мемлекеттік қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-1 Заңы

(2012.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 6 баптар)

2-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы

(7 - 10 баптар)

3-тарау. Мемлекеттік қызметке кіру

(11 - 14 баптар)

  • Показать изменения

4-тарау. Мемлекеттік қызмет өткеру және қызметтік мансап

(15 - 20 баптар)

5-тарау. Мемлекеттік қызметшілерді қамсыздандыру

(21 - 25 баптар)

6-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы

(26 - 27 баптар)

7-тарау. Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды бұзу үшін жауаптылық

(28 - 29 баптар)

8-тарау. Қорытынды ережелер

(30 бап)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

 

 

 

 

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

2005.08.07 № 75-III ҚР Заңымен 1- бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) біліктілік талаптары - мемлекеттік әкiмшiлiк қызметке орналасуға үмiткер азаматтарға кәсiптік даярлығының деңгейiн, құзыреттілігiн және нақты әкiмшiлiк лауазымға сәйкес келуiн айқындау мақсатында қойылатын талаптар;

  • Показать изменения

2) лауазымды адам - тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билік өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;

  • Показать изменения

3) лауазымдық өкілеттік - мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген құқықтар мен міндеттер;

  • Показать изменения

4) мемлекеттік әкiмшiлiк қызмет санаты - мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының лауазымдық өкiлеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн сыныптамалық сипаттамасы;

  • Показать изменения

5) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттік саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттік органда лауазымдық өкiлеттiктерді тұрақты кәсiптік негiзде жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшi;

  • Показать изменения

6) мемлекеттік қызмет - мемлекеттік билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөніндегі мемлекеттік қызметшiлердiң мемлекеттік органдардағы қызметi;

  • Показать изменения

7) мемлекеттік қызметшi - мемлекеттік органда заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;

  • Показать изменения

8) мемлекеттік лауазым - нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген лауазымдық өкiлеттiктер мен лауазымдық мiндеттер аясы жүктелген мемлекеттік органның құрылымдық бiрлiгi;

  • Показать изменения

9) мемлекеттік саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты болатын мемлекеттік қызметшi;

  • Показать изменения

10) мүдделер қақтығысы - мемлекеттік қызметшiнiң жеке басының мүдделiлiгi мен оның өз лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң арасында осы заңды мүдделерге зиян келтiре алатын қайшылық туындайтын жағдай;

  • Показать изменения

11) ротация - мемлекеттік саяси қызметшiлердi мемлекеттік органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттік органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң арасында лауазымдық ауыстыру.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Мемлекеттік қызмет туралы заңдар

Мемлекеттік қызмет туралы заңдар Конституциядан, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Мемлекеттік қызметтiң принциптерi

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) заңдылық;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) қазақстандық патриотизм;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) мемлекеттік өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруiнiң ерiктілігi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiліктілігi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшiлер мен төменгi мемлекеттік органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттілігi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) мемлекеттік қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептілігi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) мемлекеттік қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13) мемлекеттік қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14) мемлекеттік қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15) мемлекеттік қызметшілердiң біліктілігiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттік қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Осы Заңның қолданылуы

  • Показать изменения

1. Осы Заң барлық мемлекеттік қызметшiлерге қолданылады, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заң актілерінде олар үшiн өзгедей құқықтық мәртебе белгiленген жағдайлар қосылмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Мыналар:

1) техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар мемлекеттiк қызметшiлерге жатпайды. Мұндай адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері мемлекеттiк қызметшiлерге жатпайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II (бұрынғы ред. қара); 2005.08.07 № 75-III (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара ); 2011.05.07. № 452-IV (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 5- бап өзгертілді

5-бап. Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi

  • Показать изменения

1. Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн, мемлекеттік қызмет саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оған мыналар:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) мемлекеттік қызметтi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) мемлекеттік қызметтi жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына үлгiлiк біліктілік талаптарын әзiрлеу және бекіту;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) мемлекеттік қызмет қызметшiлерi жөніндегі республикалық деректер базасын қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттік қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингiн жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналастыру үшін кадрлар резервiн қалыптастыру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5) мемлекеттік қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру, оларды әлеуметтiк-құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6) Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн және осы Заңға сәйкес өзге де актілердi әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуiне ұсыну;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшiлер даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн арттыру, оның iшiнде шетелдерде де, мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8) мемлекеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды және мемлекеттік қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлау мен олардың біліктілігiн арттыруды үйлестiру;

  • Показать изменения

8-1) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн берiлген тәртiптік жазаны мерзiмінен бұрын алып тастауға келісім беру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымды атқаруға арналған конкурстарды өткізу тәртібін белгiлеу, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру;

10-1) кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі бөлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға келісу;

  • Показать изменения

10-2) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту тәртібін айқындау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) мемлекеттік органдардың осы Заңды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгізу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12) мемлекеттік қызметшiлердiң мемлекеттік қызмет туралы заңдардың қолданылу мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың iс-әрекетi мен шешiмiне жасалған шағымдарын қарау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13) осы Заң бұзылған жағдайда сотқа жүгiну;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14) мемлекеттік қызмет мәселелерi жөніндегі халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу;

  • Показать изменения

14-1) мемлекеттік органдар көрсететiн қызметтердiң сапасын арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жүктеледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі органдардың бiрыңғай жүйесін уәкiлеттi орган мен оған бағынысты аумақтық бөлiмшелер құрады.

Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-1. Уәкiлеттi органның облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада тәртiптiк кеңестерi болады, олар туралы ереженi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң шешiмдерi бұйрықтар нысанында ресiмделедi.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 ж. 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығын қараңыз

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6-бап. Мемлекеттік органдардың кадр қызметi

  • Показать изменения

Мемлекеттік органдардың кадр қызметi өз құзыретi шегiнде:

  • Показать изменения

1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшiлердiң мемлекеттік қызмет өткеруiне байланысты шешiмдерiн ресiмдейдi, қызметшiлердiң жеке iстерiн жүргiзедi, мемлекеттік қызметшiлердiң еңбек кiтапшаларына (қызмет ету тiзiмдерiне) қажеттi жазбалар енгiзедi;

  • Показать изменения

2) мемлекеттік қызметшiлердiң заңда белгiленген шектеулердi қабылдауы туралы келісімін жазбаша нысанда белгiлейдi (өзiне қабылдаған шектеулердi бұзған жағдайда құқықтық салдарлар туралы хабардар етедi);

  • Показать изменения

3) мемлекеттік қызметшiлерге олардың құқықтық жағдайының мәселелерi жөнiнде ақыл-кеңес бередi, мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулердiң сақталуын бақылайды;

  • Показать изменения

4) уәкiлеттi органға ұсыну үшiн бос лауазымдар тiзiмiн, бос лауазымдарды толтыру жөнiнде өтiнiмдер және өзге де қажеттi ақпарат дайындайды;

  • Показать изменения

5) мемлекеттік қызметшiлердi оқытуды, қайта даярлауды (қайта мамандандыруды) және олардың біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

6) заңдарда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы

 

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 7-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

  • Показать изменения

7-бап. Мемлекеттік қызметшiлердiң қызметiн саралау

  • Показать изменения

1. Мемлекеттік қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кіредi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Саяси лауазымдарға:

1) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары;

2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары;

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2-1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратын) басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары;

3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшiлер;

2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) орталық атқарушы органдарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшiлер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.

Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарынын санаттар бойынша тізілімін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Мемлекеттік саяси қызметшілер үшiн лауазым санаттары белгiленбейдi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап. Мемлекеттік қызметшiлердiң құқықтары

Мемлекеттік қызметшiнiң:

1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

5) басшыдан мемлекеттік қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;

6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;

7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;

  • Показать изменения

8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігiн арттыруға;

9) өзiнiң мемлекеттік қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;

  • Показать изменения

10) біліктілігi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;

  • Показать изменения

11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;

12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;

13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;

14) мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

16) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Мемлекеттік қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi

1. Мемлекеттік қызметшiлер:

1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттік қызметшiнiң антын беруге;

3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;

  • Показать изменения

4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;

5) мемлекеттік тәртiп пен еңбек тәртібін сақтауға;

6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;

  • Показать изменения

7) заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға;

8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;

  • Показать изменения

9) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттік қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;

10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

  • Показать изменения

11) мемлекеттік меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;

  • Показать изменения

12) 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен  12-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

12-1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;

  • Показать изменения

13) қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктілігiн арттыруға мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердiң осы Заңда белгiленген негiзгi мiндеттерiнен туындайтын нақты мiндеттерi біліктілік талаптар негiзiнде айқындалады және қызметтiк нұсқаулықтарда көрсетiледi.

  • Показать изменения

Қызметтік нұсқаулықтарды мемлекеттік органның басшысы бекiтедi, ол осы өкiлеттiктердi жауапты хатшыға, мемлекеттік органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларына беруге құқылы.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 25.09.03 ж. № 484-II (бұр.ред. қара); 2005.08.07 № 75-III (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 308-III (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV (бұр. ред. қара); 2009.08.12. № 226-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10- бап өзгертілді; 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

10-бап. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер

1. Мемлекеттік қызметшiнiң:

  • Показать изменения

1) өкiлдi органдардың депутаты болуға;

2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;

  • Показать изменения

3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, егер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға;

5) өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;

6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Мемлекеттік қызметші қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы өзінің меншігіндегі үлесті (акциялар пакеттерін) және пайдаланылуы табыс табуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызмет өткеру уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамға заңды түрде тиесілі ақша, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады. Мемлекеттік қызметшi мүлiктi сенімгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған көшiрмесiн нотариат куәландырған күнiнен бастап он күн мерзiмде жұмыс орны бойынша кадр қызметiне бередi. Мемлекеттік қызметшiлердiң мүлiктi сенімгерлiк басқаруға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімді басқаруға бермеуіне болады.

Мемлекеттік қызметшінің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер тұрғын үйлерін мүліктік жалдауға беруге құқылы.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары аталған лауазымдарға тағайындалған күндерінен бастап бір ай мерзімде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және оларды сенімгерлік басқаруға арналған, нотариат куәландырған шарттың көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кадр қызметіне ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшiге өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-1. Мемлекеттік қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңiлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актілерімен шектеулер көзделуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызметке:

1) белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;

  • Показать изменения

2) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттік лауазымдар атқару құқығынан айырған;

3) біліктілік талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар;

4) өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

5) жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаны қоспағанда, мемлекеттік қызметке кiрер алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған;

  • Показать изменения

6) мемлекеттік қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

6-1) мемлекеттік қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

  • Показать изменения

6-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

6-3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;

  • Показать изменения

7) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар;

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау нысанасына арнайы тексеруден өтпеген;

9) ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған;

ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық қудалау органы бас тартқан адамды қабылдауға болмайды.