Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы (2014.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 236-V Заңын қараңыз (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен тақырыбы өзгертілдi, кіріспе алып тасталды
I Бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертiлдi 1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi 1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны тіркеуші органдарда (бұдан әрі − әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі лицензиясының болуымен айқындалады. 3. Банкінің ресми мәртебесi жоқ бірде-бір заңды тұлға «банк» деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды. 4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
11.07.97 ж. № 154-1; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-бап жаңа редакцияда; 06.03.97. № 83-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілдi; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бақылау - мынадай шарттардың бірі: бір тұлға заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу процентінен астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған; бір тұлғаның заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған; Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан; заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде шешімдерін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі; 2) банк акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) банкаралық клиринг - төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізу және клирингке қатысушылардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау; 3) банк конгломераты - банк холдингінен, банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы. Банк конгломератының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингі, сондай-ақ капиталына еншілес ұйымдар және Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резиденті еместер болып табылатын ұйымдар кірмейді. 4) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе: банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге; шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға; 5) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі - меншікті капитал) - банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы; 6) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе басқарушы холдинг осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе: банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге; шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға; 7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 8) депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Ұлттық почта операторына олардың алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз толық немесе бөліп-бөліп тікелей депозиторға қайтарылуы не тапсыру бойынша үшінші тұлғаларға берілуі тиіс не тиіс емес екеніне қарамастан, оларды номиналды түрде (ислам банкіндегі инвестициялық депозитті қоспағанда) қайтару талабымен беретін ақша; 9) еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға; 10) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі; 11) заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға; 12) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) мамандандырылған салалық банк - қызметі Қазақстан Республикасының жеке заңнамалық актісімен реттелетін екінші деңгейдегі банк; 13) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы; 14) тұрақтандыру банкі - консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру мақсаты үшін уәкілетті органның шешімі бойынша құрылатын екінші деңгейдегі банк. Тұрақтандыру банкін құрудың, оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңда белгіленген.
2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды; 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 2-1-бап редакцияда жазылды (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 21 ақпаннан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-1-бап өзгертілді 2-1-бап. Банктің аффилиирленген тұлғалары 1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылады. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, ұлттық басқарушы холдингте банктің ірі акционері белгісінің болуы банктің аффилиирленген тұлғаларын «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес айқындау үшін негіз болып табылмайды. 2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы холдинг не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің және жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары ірі акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын банктің үлестес тұлғалары болып табылмайды. Банктер акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы осы банктерді бір-біріне қатысты аффилиирленген тұлғалар деп тануға негіз болып табылмайды. 3. Осы баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң, сондай-ақ 2-тармағының ережелерi Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасының мақсаттары үшiн ескерiлмейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 25.04.01 ж. № 179-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 3-бап өзгертілдi 3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi 1. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн білдіреді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (уәкілетті орган) мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiктері «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен айқындалады. Уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде банк қызметiнiң мәселелерi бойынша реттеудi, сондай-ақ өзінің ведомствосымен қатар бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға ықпал етеді. Уәкілетті органның банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұруға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған. 3. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. 4. алынып тасталды 5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бірiнен астамы: а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң; б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының; в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенім бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк. 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 5-1-тармақпен толықтырылды 5-1. Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк. Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесімен ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік берілмейді. Ислам банкін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңның 4-1-тарауында белгіленген. 6. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келісім) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттік орган) мен сол шартқа (келісімге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды 7. Қазақстан Республикасында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілдi; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертілдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым Уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болып танылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-1-бап өзгертілдi (бұр. ред. қара) 5-1-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілдi (бұр. ред. қара) 1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымды осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының жүз пайызына ие уәкілетті орган құрады. 2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым қызметтің мынадай түрлерін: 1) жарғылық капиталды құру үшін акциялар шығаруды, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруды; 2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуды; 3) күмәнді және үмітсіз активтерге, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарына және оларға қойылатын өзге де талап ету құқықтарына бағалау жүргізуді; 4) банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуды және оларды өткізуді; 5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның банктерден сатып алған талап ету құқығы қойылатын заңды тұлғалардың акцияларына және (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестеріне бағалау жүргізуді; 6) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның банктерден сатып алған талап ету құқығы қойылатын заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуды; 7) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның банктерден сатып алған талап ету құқығы қойылатын заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізуді; 8) күмәнді және үмітсіз активтері сатып алынған банктер шығарған және орналастырған акцияларға және (немесе) облигацияларға бағалау жүргізуді; 9) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқығын сатып алған банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алуды; 10) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқығын сатып алған банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларын өткізуді; 11) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым банктерден сатып алған заңды тұлғаларға талап ету құқықтары бойынша мүлікті жалға беруді немесе осындай мүлікті тегін уақытша пайдаланудың өзге нысанын пайдалануды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілдi (бұр. ред. қара) 12) ақшаны бағалы қағаздарға, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттары талаптарының негізінде екінші деңгейдегі банктерге және уәкілетті органға орналастыруды; 13) талап ету құқықтарын және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым сатып алған басқа да күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар жүргізуді; 14) банктердің, басқа қаржы ұйымдарының, кәсіби сарапшылардың және халықаралық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың заңды тұлғаларға талап етудің сатып алынған құқықтарының және басқа да күмәнді және үмітсіз активтердің құнын бағалау, сенімгерлік басқару, қайта құрылымдау және қалпына келтіру (арттыру) бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның осы тармақта көзделген қызмет түрлерін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды жүзеге асырудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым банктік қарыз шарттары бойынша өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциясы жөніндегі кредитор (қарыз беруші) деп танылады және ол банктік қарыз шартында белгіленген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады.
11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III ; 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 337-ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6-бап. Уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу 1. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның: 1) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын орындауға; 2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада «банк» деген сөздi немесе содан туындайтын, ол банк операцияларын орындайтындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) пайдалануға құқығы жоқ. Бұл тыйым уәкілетті органға, банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, банктердің еншілес ұйымдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды. 2. Мемлекеттiк орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық почта операторы, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.
ҚР 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілдi 7-бап. Банкiлер мен мемлекеттің жауапкершiлiгiн шектеу. Банкiлердiң тәуелсiздiгi 1. Банкiлер мемлекеттің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi. 2. Мемлекет өзiнiң мемлекеттік банкiлердiң жарғылық капиталына салған қаражаттары шегiнде олардың мiндеттемелерi бойынша жауапты болады. Үкiмет жеке шешiммен олардың мiндеттемелерi бойынша өзiне қосымша жауапкершiлiк алып, мемлекеттік банкiлерге қосымша жауапкершiлiк жүктей алады. 3. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады. Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес капиталының терiс мөлшерi бар банктер акционерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, оларға заңдарда белгiленген санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
11.07.97 ж. № 154-1; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 8-бап жаңа редакцияда; 16.07.99 ж. № 436-1; 18.12.00 ж. № 128-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.21.04. № 46-III; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара): 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2011.21.07. № 466-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Банктер мен банк холдингтері үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Банктерге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, банк қызметiне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 9-тармағында және 30-бабының 12-тармағында көзделмеген операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады. |