Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия туралы (2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1090 қаулысының 5-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. 2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысымен бекітілген
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия туралы Ереже I. Жалпы ережелер. 1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) «Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1090 қаулысына сәйкес құрылады. ҚР Үкіметінiң 03.03.04 ж. № 267 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған. ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 72; 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Комиссия заң тәртібімен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен, пайдаланумен және көрсетумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi. ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 72; 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара); 2007.18.05. № 390 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс. 6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келісіп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық сақтау министрлігіне ғана берiледi. ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 72; 2005.22.02. № 156 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгерді 7. ҚР Үкіметінің 2007.18.05. № 390 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу; iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді 9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай қызметтердi орындайды: Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөніндегі ұсыныстарды қарайды; адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушыларды айқындайды; алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң лимиттерiн белгiлейдi. халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi мақсатты пайдалануын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 Қаулысымен 9-1-тармақпен толықтырылды 9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 10-тармақ өзгертілді 10. Комиссияның: iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға; тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз кiруге; iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен түсiнiктер беруге; лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртібін бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар енгiзуге құқығы бар; ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізуге; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 11-тармақпен толықтырылды 11. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 12-тармақпен толықтырылды 12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді. Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 13-тармақпен толықтырылды 13. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінiң 21.01.02 ж. № 72; 20.11.02 ж. № 1223 (бұрынғы ред. қара); 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара); 22.07.04 ж. № 782 (бұр. ред. қара); 2005.22.02. № 156 (бұр. ред. қара); 2006.13.07. № 668 (бұр. ред. қара); 2007.27.03. № 233 (бұр. ред. қара); 2007.18.05. № 390 (бұр. ред. қара); 2007.28.10. № 998 (бұр.ред.қара); 2008.18.09. № 856 (бұр.ред.қара); 2009.25.09. № 1449 (бұр.ред.қара); 2010.30.09. № 1010 (бұр.ред.қара); 2011.02.07. № 764 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрамы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 496 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.20.01. № 10 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрамы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына қосымша
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі, хатшы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
|