|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы (2024.24.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы заңдары 3-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде пайда болатын қатынастарға қатысушылар 3-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті 4-бап. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу 5-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу 6-бап. Жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлiн тiркеудiң ерекшелiктерi 7-бап. Жеке кәсiпкерлердiң, жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу құқықтары 8-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң құқықтық маңызы 2-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртiбi 9-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы өтiнiш 10-бап. Тiркеушi органның, Мемлекеттік корпорацияның және кепіл ұстаушылардың мiндеттерi 11-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тарту 12-бап. Тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi 13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк 14-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң күшiнде болу мерзiмi 15-бап. Тiркеу кезiнде жiберiлген қателердi түзеу 16-бап. Өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тiркелген кепiлдiң тоқтатылу тәртiбi 17-бап. Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiш 18-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы деректердiң ашықтығы 19-бап. Сот шешiмi негiзiнде кепiлдiң тiркелуiн тоқтату 3-тарау. Дауларды шешу және тiркеу тәртiбiнiң бұзылуы үшiн жауапкершiлiк 21-бап. Тiркеу тәртiбiн бұзғаны және тiркеу туралы ақпарат бергенi үшiн жауапкершiлiк 4-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер 22-бап. Заңның күшiне енгiзiлуi
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жылжымайтын мүлік орталықтарының», «жылжымайтын мүлік орталығының», «жылжымайтын мүлік орталықтары», «жылжымайтын мүлік орталығына», «жылжымайтын мүлік орталығын», «Жылжымайтын мүлік орталықтары» деген сөздер тиісінше «жылжымайтын мүлік орталықтарының және олардың филиалдарының», «жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының», «жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары», «жылжымайтын мүлік орталығына және олардың филиалына», «жылжымайтын мүлік орталығын және оның филиалын», «Жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң жылжымалы мүлiкке заңды құқықтары бар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру және қорғау мақсатында осындай мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн белгiлейдi.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) жылжымалы мүлiк - көлiк құралдарын, айналымдағы тауарларды, бағалы қағаздарды, ақшаны, мүлiктiк құқықтарды, оның iшiнде болашақтағы өнiмге және өзге де мүлiкке құқықты қоса алғанда, жылжымайтын мүлiкке жатпайтын мүлік; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді 2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу - жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттағы мәлiметтердi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне енгiзу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беру, кепіл шартына өзгерістер, толықтырулар енгізу, сондай-ақ тіркелген кепілді тоқтату жөнiндегі iс-қимылдарының жиынтығын және тiркеушi органдардың және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн, тiркеушi органның және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi; 3) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдары (тiркеушi органдар) - мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін және осы мүліктің кепілдерін тіркеуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк - тiркеушi орган және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өтiнiш иесiне беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі - жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің және тіркеуші органдардың және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерінің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) - тiркеушi органдар және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) кепілді электрондық тіркеу - жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) өтiнiш берушi - тiркеушi органға және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсуi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады; 7) тiркелген кепiл - осы Заңда белгiленген тәртiппен тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлi; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда 8) уәкілетті орган - жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган; 9) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 3-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде пайда болатын қатынастарға қатысушылар 1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде пайда болатын қатынастарға қатысушылар: 1) кепiл берушi, кепiл ұстаушы; 2) тiркеушi органдар; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1) Мемлекеттік корпорация; 3) үшiншi тұлғалар. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Тiркеушi органдардың қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды - тиісті мемлекеттiк органдар, ал жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiмен кепiлдi тiркеудi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 3-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады; 2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында ақпараттық жүйелерді қолдауға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді; 3) жылжымалы мүлік кепілі саласында ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 4) Мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-бап. Мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу 1. Мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi заңдарға сәйкес осы мүлiктi тiркеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген орган жүзеге асырады. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi. 3. Кепiлдерi мiндеттi түрде тiркелуге жататын мүлiк түрлерi, меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, сондай-ақ оны тiркеудi жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді 5-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі: 1) кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шарт тараптарының бірінің талап етуі бойынша; 2) егер кепіл туралы шартта немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шартта кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге салуға (қайталама кепілге) тыйым салынған болса, тіркелуге тиіс. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мiндеттi тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау жері бойынша жүзеге асырылады. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Мемлекеттік корпорация міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын тіркелген жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін жүргізуге міндетті. 4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі, сондай-ақ Заңда берiлген өкiлеттiк шегiнде жылжымалы мүлiк кепiлiнiң жекелеген түрлерiн тiркеуге уәкiлеттi мемлекеттік органдар жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi жүргiзу ережелерi мен рәсiмдерiн белгiлейтiн ведомстволық актiлер шығаруға құқылы. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-11 Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 6-бап. Жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлiн тiркеудiң ерекшелiктерi 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Эмиссиялық бағалы қағаздар кепiлiн тiркеу, оның ішінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы тіркеу бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылған бағалы қағаздар кепiлiн тiркеуге осы Заңның 8-бабының ережелерi қолданылады. Қара: Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы № 77-1 Заңың; Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы ҚР 1997 жылғы 5 наурыздағы № 78-1 Заңың 1-1. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлiн тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. 2. Қоғам үшiн елеулi тарихи (оның iшiнде археологиялық), көркемдiк немесе өзге де мәдени құндылығы бар мүлiк кепiлiн тiркеу заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 3-тармақ өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара) 3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатады. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 4-тармақ өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара) 4. Ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлiн тiркеудi тiркеушi орган алғашқы өтiнiш жасаған кезде бiр рет қана жүргiзедi. Бұл ретте, тiркеушi орган кепiл тізілімін жүргізуді жүзеге асырады. 7-бап. Жеке кәсiпкерлердiң, жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу құқықтары Жылжымалы мүлiктiң кепiлi кезiнде жеке кәсiпкер, жеке немесе заңды тұлға кепiлдi кепiл берушi ретiнде де, кепiл ұстаушысы ретiнде де тiркей алады. 8-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң құқықтық маңызы 1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кепiл берушiнiң аталған мүлкiне үмiткер кепiл ұстаушылардың талаптарына қатысты кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгiн (күнiн) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң және басқа да заң актілерінiң ережелерiне сәйкес белгiлейдi. Әрбiр алдыңғы тiркелген кепiл ұстаушы барлық өзiнен кейiн тiркелген кепiл ұстаушылардың алдында, сондай-ақ осы мүлiктiң тiркелмеген барлық кепiл ұстаушыларының алдында мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету кезiнде басымдыққа ие болады. 2. Мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлi құқығы, егер кепiл туралы шартта (кепiл талаптары бар өзге шартта) немесе заң актілерінде неғұрлым кеш мерзiм көзделмесе, аталған мүлiктi тiркеудi жүзеге асыратын органда жылжымалы мүлiк кепiлi тiркелген сәттен бастап пайда болады.
2-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртібі
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы өтiнiш 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн өтiнiш беруші не оның өкiлi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiштiң толтырылған бланкiсiн бередi немесе өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жібереді. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Өтініште: 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы; 2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi (жеке тұлға үшiн); 3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл туралы талаптар қамтылған өзге шарттың жасалған күнi мен орны; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы; 5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы; 6) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң қолданылу мерзiмi; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолтаңбасы және заңды тұлға үшiн мөрi (ол болған кезде); 8) кепiлге салынған мүлiк қай тарапта екенi туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайталама кепiл туралы мәліметтер; 9) өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы (бар болған жағдайда) қамтылуы тиіс. Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда «электронды үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуге тиiс. Өтінішті тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берген кезде өтініш беруші - жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берген кезде және өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жіберген кезде, мәміле тараптары қол қойған өтініш кепіл шарты туралы мәліметтер, сондай-ақ осы баптың 2-тармағына сәйкес мәліметтер көрсетіле отырып, кепіл туралы шарт немесе кепіл шарты қамтылатын өзге де құжат ұсынылмастан, хабарлама нысанында беріледі. 3-1. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Осы Заңда көзделгеннен басқа қандай да бір өзге құжаттар мен мәлiметтерді талап етуге жол берiлмейдi. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Өтініште қамтылған мәліметтерді тексеруді және жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9-1-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 9-1-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым Жылжымалы мүлiк кепiлiн, тiркелген кепiлдiң өзгерістерiн, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттік тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалған тәртiппен алым алынады.
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 9-2-баппен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 9-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 9-2-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-2-бап. Ақпараттық көрсетілетін қызметтер және өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жіберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзету үшiн төлемақы Ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынғаны үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жіберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткенi үшiн тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы алады.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 9-3-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-3-бап. Тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Толтырылған өтініш бланкісі тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берілген жағдайда, өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауап беріледі. 2. Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктің және тіркеуші органның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 9-4-баппен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-4-бап. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу тәртібі 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеуге жіберілген жағдайда, жылжымалы мүлік кепілін тіркегені үшін алымның төленгенін немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растама жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не туралы тіркеуден бас тарту уәжді жауап электрондық нысанда беріледі. 2. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымалы мүлік кепілін электрондық құжат нысанында тіркеу туралы куәлікті не электрондық құжат нысанында тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді. 3. Жүргізілген электрондық тіркеу туралы ақпарат кепіл ұстаушының, тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-бап. Тiркеушi органның, Мемлекеттік корпорацияның және кепіл ұстаушылардың мiндеттерi 1. Қажеттi құжаттарды алған кезден бастап тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы заңдары3-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде пайда болатын қатынастарға қатысушылар3-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті4-бап. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу5-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу6-бап. Жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлiн тiркеудiң ерекшелiктерi7-бап. Жеке кәсiпкерлердiң, жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу құқықтары8-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң құқықтық маңызы 2-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртiбi9-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы өтiнiш9-1-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым9-2-бап. Ақпараттық көрсетілетін қызметтер және өтiнiш берушiнiң кiнәсiнан жіберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзету үшiн төлемақы9-3-бап. Тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі9-4-бап. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу тәртібі10-бап. Тiркеушi органның, Мемлекеттік корпорацияның және кепіл ұстаушылардың мiндеттерi11-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тарту12-бап. Тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк14-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң күшiнде болу мерзiмi15-бап. Тiркеу кезiнде жiберiлген қателердi түзеу16-бап. Өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тiркелген кепiлдiң тоқтатылу тәртiбi17-бап. Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiш18-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы деректердiң ашықтығы19-бап. Сот шешiмi негiзiнде кепiлдiң тiркелуiн тоқтату 3-тарау. Дауларды шешу және тiркеу тәртiбiнiң бұзылуы үшiн жауапкершiлiк20-бап. Дауларды шешу тәртiбi21-бап. Тiркеу тәртiбiн бұзғаны және тiркеу туралы ақпарат бергенi үшiн жауапкершiлiк 4-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер |