Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы (2017.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттік органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.»; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта: 12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Кеңсеге енгiзiлетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, сондай-ақ оларға қосымшалардың әрбiр парағына жобаны әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам алдын ала қол қоюға тиiс.»; 17-тармақта «Қаржы министрлігін, Экономика министрлігін» деген сөздер «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін» деген сөздермен ауыстырылсын; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Кеңседе Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптама жүргiзу (соның iшiнде қорытындылар дайындау) мерзiмдерi Үкiметтiң Регламентiнде белгiленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|