Павлодар қаласының 2017 - 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы (2017.03.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 10 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына, сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2017.06.03. № 121/17 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.03.05. № 146/20 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Павлодар қаласының 2017 - 2019 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 57 501 194 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 47 161 520 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 266 629 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 392 115 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 9 680 930 мың теңге; 2) шығындар - 58 540 625 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 807 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 6 807 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - - 3 363 мың теңге, соның ішінде: мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 3 363 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1 042 875 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 042 875 мың теңге. 2. Павлодар қаласының 2017 жылға арналған бюджетінде Павлодар қаласының бюджетінен облыстық бюджетке 21 928 088 мың теңге сомасында бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін. 3. Павлодар қаласының 2017 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 245 014 мың теңге сомасында бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|