Қазақстан Республикасының
Заңы
Бағалы қағаздар рыногы туралы
(2021.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 2 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2020.29.06. № 351-VI Заңын қараңыз (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары
3-бап. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу
3-1-бап. Уәкілетті орган эмитентке қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар
3-2-бап. Ертерек ден қою шаралары
3-3-бап. Қадағалап ден қою шаралары
3-4-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары
3-5-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар
3-6-бап. Санкциялар
4-бап. Бағалы қағаздар рыногының объектiлерi
5-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi
5-1-бап. Білікті инвесторлар
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу
6-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмi
7-бап. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару
8-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу
9-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі
10-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттік тiркеуден бас тарту және олардың шығарылуын мемлекеттік тiркеудi тоқтата тұру
11-бап. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу
12-бап. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу
13-бап. Облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеудің ерекшеліктері
3-тарау. Облигациялар шығару мен олардың айналысының ерекше талаптары
14-бап. Алып тасталды
15-бап. Мемлекеттік емес облигациялар шығарудың шарттары
16-бап. Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигациялар шығару
17-бап. Айырбасталатын облигациялар шығару
18-бап. Агенттiк облигациялардың шығарылымы
18-1-бап. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың, айналысы мен өтелуінің ерекшеліктері
18-2-бап. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы
18-3-бап. Номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарудың ерекшеліктері
18-4-бап. Орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды сатып алу
19-бап. Облигацияларды ұстаушылардың өкiлi
20-бап. Өкiлдiң функциялары мен мiндеттерi
4-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру
21-бап. Инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы ақпарат алуға құқығы
22-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртібі
22-1-бап. Шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздар тізіміне енгізудің шарттары мен тәртiбi
23-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ақы төлеу
24-бап. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп
25-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұpу
26-бап. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлау
27-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тану
5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы
28-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының тәртібі
29-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру
30-бап. Акциялар шығарылымын жою
30-1-бап. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын жою
31-бап. Бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеу
31-1-бап. Лицензиаттың қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар етуі
32-бап. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабардар ету
5-1-тарау. Ислам бағалы қағаздарын шығарудың және олардың айналымының ерекшеліктері
32-1-бап. Исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері
32-2-бап. Ислам бағалы қағаздарының түрлері
32-3-бап. Исламдық жалдау сертификаттары
32-4-бап. Исламдық қатысу сертификаттары
32-5-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қызметі
32-6-бап. Ислам арнайы қаржы компаниясы
32-7-бап. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің функциялары мен міндеттері
6-тарау. Туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының айналымы
33-бап. Туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау шарттары
34-бап. Эмитенттердiң - Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активi болып табылатын депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару
35-бап. Қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын шығару
7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау
36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу
37-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілін тіркеу
37-1-бап. Банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде кепіл затын ауыстыру және акциялар бойынша құқықтар кепілін тіркеу
38-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау
39-бап. Алып тасталды
40-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру.
8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия
41-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия
42-бап. Алып тасталды
43-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны ашу
44-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына қойылатын талаптар
9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру тәртібі
45-бап. Бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымы
46-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталын қалыптастыру
47-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары мен акционерлерi
47-1-бап. Лицензиаттың ұйымдық-құқықтық нысаны және органдары
48-бап. Өтiнiш берушiге қойылатын біліктілік талаптары
49-бап. Лицензиаттың сақтауға мiндеттi пруденциялық нормативтерi, қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерi (нормативтерi)
49-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
50-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi лицензиялау
51-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру. Лицензиядан айыру және қолданылуын тоқтату
52-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы есептер
53-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға шектеулер және тыйым салу
53-1-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
54-бап. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
55-бап. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
55-1-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және инвестициялық портфельді басқарушылар ірі қатысушыларының аудиті
56-бап. Жосықсыз іс-қимылға тыйым салу. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау
56-1-бап. Инсайдерлiк ақпаратқа билiк етудi және оны пайдалануды шектеу
10-тарау. Бағалы қағаздарын нақтылы ұстау
57-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге асыру тәртібі
58-бап. Нақтылы ұстаушының мiндеттерi
59-бап. Нақтылы ұстаушының функциялары. Нақтылы ұстаушының функцияларын жүзеге асыруға байланысты тыйым салу
60-бап. Нақтылы ұстау туралы шарт
61-бап. Нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу
62-бап. Нақтылы ұстаушының ақпаратты ашуы
11-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызмет
63-бап. Брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыру тәртібі
64-бап. Брокердiң және (немесе) дилердiң мәмiлелер жасауы
64-1-бап. Бірыңғай тіркеушінің құқықтық жағдайы және оның қызметін ұйымдастыру
64-2-бап. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы
12-тарау. Алып тасталды
13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет
69-бап. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
70-бап. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың функциялары
71-бап. Алып тасталды
72-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық комитет мүшелеріне қойылатын талаптар
72-1-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы
72-2-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болуға ниет білдіретін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тарту негіздері
72-3-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары
72-4-бап. Инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының есептілігі
72-5-бап. Алып тасталды
14-тарау. Кастодиандық қызмет
73-бап. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыру тәртібі
74-бап. Кастодианның функциялары мен мiндеттерi
75-бап. Кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шарт
15-тарау. Трансфер-агенттік қызмет
76-бап. Трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі
77-бап. Трансфер-агенттiң функциялары
15-1-тарау. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі
77-1-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі
77-2-бап. Клиринг ұйымының функциялары
77-3-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары
16-тарау. Орталық депозитарий
78-бап. Орталық депозитарий қызметiнiң негiзгi қағидаттары
79-бап. Орталық депозитарийдi басқару
80-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру тәртібі
81-бап. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы
82-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу
17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы
83-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымы
84-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны басқару
85-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары
86-бап. Қор биржасының мүшелерi
87-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметiн қаржыландыру
88-бап. Қор биржасының қызметi
89-бап. Қор биржасының тiзiмi
90-бап. Алып тасталды
90-1-бап. Орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі
90-2-бап. Орталық контрагенттің шектеулі жауапкершілігі және құқықтары
18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіптік ұйымдар және өзара сақтандыру қоғамдары
91-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мiндеттерi
92-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың құқықтық жағдайы
93-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функциялары
94-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары
95-бап. Алып тасталды
96-бап. Алып тасталды
97-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның уәкiлеттi органмен өзара қатынастары
98-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртібі
99-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымға мүшелiктiң тоқтатылуы
100-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау
100-1-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамдары
19-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпарат
101-бап. Алып тасталды
102-бап. Эмитенттің ақпаратты жария етуі
103-бап. Лицензиаттың ақпаратты ашып көрсетуi
104-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ақпаратты ашып көрсетуi
105-бап. Инвестордың және тiркелген тұлғаның ақпаратты жария етуi
106-бап. Алып тасталды
107-бап. Уәкiлеттi органның ақпарат алу құқығы
20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін бақылау
108-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушыларының, кәсіби ұйымдар мен эмитенттердің қызметін тексеру
109-бап. Алып тасталды
110-бап. Эмитенттің қызметін бақылау және қадағалау
111-бап. Лицензиаттың қызметiн бақылау
112-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiн бақылау
21-тарау. Қорытынды ережелер
113-бап. Уәкілетті органның шешімдеріне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
113-1-бап. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлік қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп не акциялар эмиссиясы жасалмады деп танудың салдарлары
113-2-бап. Нақтылы ұстаушының клиенттері туралы ақпаратты ашу
114-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен мәтін бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «қызметтік, коммерциялық», «коммерциялық, қызметтік» деген сөздер «коммерциялық» деген сөзбен ауыстырылды, «коммерциялық және қызметтік», «қызметтік және коммерциялық» деген сөздер «коммерциялық» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред. қара); 2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «өзін-өзі реттейтін», «Өзін-өзі реттейтін» деген сөздер тиісінше «кәсіптік», «Кәсіптік» деген сөздермен ауыстырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2013 ж. 1 қаңтардан бастап 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02 № 230-III (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді ) 1-бап өзгертілді; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) агенттік облигация - эмитенті қаржы агенттігі немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға болып табылатын облигация;
2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлiк қоғамның шығару проспектiсiнде айқындалатын шарттармен және тәртiппен оның басқа түрдегi бағалы қағазына алмастыруға жататын бағалы қағазы;
3) андеррайтер - брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) ашық сауда-саттық әдісі - сауда-саттыққа қатысушының өзі өтініш берген және сауда-саттыққа ықтимал шектеусіз қатысушылар саны арасында болжалды бәсеке болатын сауда-саттық әдісі;
4) бағалы қағаз - мүлiктiк құқықтарды куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;
5) бағалы қағаздарды номиналды ұстау - номиналды ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар атынан және есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелерді тiркеу;
6) бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасы;
7) бағалы қағаздардың бастапқы рыногы - эмитенттiң бағалы қағаздардың қайталама рыногында өзi бұрын сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі - қор биржасының материалдық-техникалық құралдары мен ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып оның пайдаланушылары арасында белгіленімдермен алмасуға қолдау көрсетіледі және мәмілелер жасасу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
8) бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесi - белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқық ұстаушыларды сәйкестендiрудi, бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететін эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналымға немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау - қаржы нарығы субъектілерінің ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, оның ішінде шетелдік валюталар мен туынды қаржы құралдарына орныққан бағадан (бағамнан) жоғары немесе төмен баға (бағам) белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағазбен немесе өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықтың көрiнiсiн жасауға, инсайдерлiк ақпаратты пайдаланып мәмiле жасауға бағытталған әрекеттерi;
11) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы - өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;
12) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға ие тұлға, сондай-ақ пайларын ұстаушылар ортақ үлестiк меншiк құқығында инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздар бойынша құқықтарды иеленетiн инвестициялық пай қоры;
13) базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер;
14) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
15-1) биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі - орталық депозитарийдің материалдық-техникалық құралдары мен ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында белгіленімдермен алмасуға қолдау көрсетіледі және мәмілелер жасасу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
16) брокер - клиенттiң тапсырмасы бойынша, оның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
17) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыға табыс ететiн құжат;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;
18) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) дара инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор;
20) делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау;
21) депозитарийлiк қолхат - осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) депозитарийлiк қызмет - басқа номиналды ұстаушылар, орталық депозитарийдің клиенттері болып табылатын ұйымдар үшiн бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметтерiн көрсету және қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
23) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) депонент - орталық депозитарийдің осы Заңның 59-бабының 1-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асыратын клиенті;
25) дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы;
26) дилер - ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 26-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган тiркеген бағалы қағаздар;
28) жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдері жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде қамтылатын, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатында тiркелген тұлғаны бiржақты сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) жеке шоттан үзiндi - орталық депозитарий немесе номиналды ұстаушы беретiн және белгiлi бiр уақыт кезiнде қаржы құралдары бойынша тiркелген тұлғаның құқықтарын растайтын, бағалы қағаз болып табылмайтын құжат;