Қазақстан Республикасының (2021.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы 3-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі 4-бап. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты және негізгі принциптері 4-1-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар 6-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру саласындағымемлекеттік бақылау мен қадағалау 6-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау 7-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі 8-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы 9-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату 10-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату 11-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері 12-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері 13-бап. Пайда алушының құқықтары 14-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері 15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері 16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен 18-бап. Алып тасталды 19-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары 20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі 21-бап. Залал келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы 22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздемесі 22-1-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері 23-бап. Дауларды қарау тәртібі 25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
Осы Заң міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 1-1) авария - ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті (зиянды) заттардың шығарындысы; 2) 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) міндетті экологиялық сақтандыру - авария нәтижесінде экологиялық залал келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік басталған кезде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырылушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені; 4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты - сақтандырушы мен сақтанушының арасында осы Заңда белгіленген талаптармен жасалатын шарт; 5) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға; 6) сақтандыру жағдайы - басталуына орай міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға; 7) сақтандыру сомасы - міндетті экологиялық сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы; 8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы; 9) сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы; 10) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға; 11) сақтандырылушы - өзіне қатысты міндетті экологиялық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға; 12) сақтанушы - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын, сақтандырушымен міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға; 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) үшінші тұлғалар - міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімдерге тартылған құқықтық қатынастар субъектілері; 14) уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері; 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндеті; 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария болған жағдайда салдарынан экологиялық залал келтірілуі мүмкін қызметі.
2-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Осы Заң «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен еттелген құқық қатынасына қолданылмайды. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) 4. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндетіне байланысты мүліктік мүддесі міндетті экологиялық сақтандыру объектісі болып табылады.
4-бап. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты және негізгі принциптері 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде авария салдарынан табиғи ортаның құрамдастарына келтірілген экологиялық залалды жоюды қамтамасыз ету болып табылады. 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Міндетті экологиялық сақтандырудың негізгі принциптері: шығындарды өтеудің кепілдігі; тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз етуі; экологиялық залал келтіруді болғызбауды экономикалық ынталандыру болып табылады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды 4-1-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 1. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге бағытталған қызметке жол берiлмейдi.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатады. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
6-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру саласындағымемлекеттік бақылау мен қадағалау 1. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы Заңда белгіленген міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-1 бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау Авария салдарынан экологиялық залал келтірілген жағдайлар мен оның салдары туралы ақпаратқа ие уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
7-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушы арасында осы Заңға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрін сол бір объектінің екі және одан көп иесі жүзеге асырған кезде міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру полисінде объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде көрсете отырып, олардың кез келгенімен жасалады. 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырылушы шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырған кезде авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залал салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді. 3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі (сыныбы) бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерікті. Сақтандырушы сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады. Сақтанушының өтініші міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында көрсетуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 4-1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтандырушының интернет-ресурсы пайдаланыла отырып, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Сақтандыру полисі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында тізбелеп көрсетілген талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін қамтуға тиіс. Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді. 6. 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 7-1-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар 1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді. Міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдары интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасқан кезде сақтандырушы: 1) сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаның электрондық хабар түрінде дереу жөнелтілуін; 2) сақтанушының міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша ақпаратты дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін; 3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шартының электрондық нысанда сақталуын; 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға): мәліметтерді өзгерту, міндетті экологиялық сақтандыру шартын қайта ресімдеу; міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату; сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету; авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың мөлшеріне бағалау жүргізу; сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету тәртібіне және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 4. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтандырушы ұсынған талаптарда жасасты деп есептеледі. 5. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды. 6. Сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді. 7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.
8-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты осы Заңға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес экологиялық залалды жоюға міндетті тұлғаларға қатысты қолданылады. 2. 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады. 4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап кемінде он екі ай қолданылады. 5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.
9-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату Міндетті экологиялық сақтандыру шарты: 1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған; 2) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған; 3) сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады.
10-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату 1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады. 2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерлерде қайтарып алуға құқығы бар:
11-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері 1. Сақтанушы: 1) сақтандырушыдан міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша міндетті экологиялық сақтандыру талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге; 2) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға; 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға; 5) міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге; 7) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға құқылы. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін. 1) сақтандыру сыйақыларын міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде төлеуге; 2) сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабарлауға; 3) сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге; 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) авария кезінде ықтимал экологиялық залалды болғызбау немесе азайту үшін қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолжетімді шаралар қолдануға; 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) экологиялық залал келтіруге әкеп соққан авария жөнінде және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретін ескере отырып (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге, уәкілетті органға) хабарлауға; 6) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге міндетті. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
12-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері 1. Сақтандырушы: 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде бұрынғы міндетті экологиялық сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты ұсынуды талап етуге; |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы3-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі4-бап. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты және негізгі принциптері4-1-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар6-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру саласындағымемлекеттік бақылау мен қадағалау6-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау7-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі7-1-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар8-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы9-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату10-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату11-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері12-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері13-бап. Пайда алушының құқықтары14-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен17-бап. Сақтандыру жағдайы18-бап.19-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі21-бап. Залал келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздемесі22-1-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері23-бап. Дауларды қарау тәртібі24-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi |