ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім): 1) мазмұны алып тасталсын; 2) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде: «төлем ұйымын» деген сөздерден кейін «, микроқаржы ұйымын» деген сөздермен толықтырылсын; «төлем жүйелері» деген сөздерден кейін «, микроқаржылық қызмет» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 91-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Акционерлік қоғам, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етілген облигациялар және қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялар шығарудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында айқындалады.»; 4) 136-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Облигация - шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы және облигацияның ақшалай немесе өзге де мүліктік баламасымен номиналды құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.»; 5) 292-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Міндеттемені орындау Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген тұрақсыздық айыбымен, кепілмен, борышкердің мүлкін ұстап қалумен, кепілгерлікпен, кепілдікпен, кепілпұлмен, кепілдік жарнамен, қамтамасыз ету ақысымен және басқа да тәсілдермен қамтамасыз етілуі мүмкін.»; 6) 18-тарау мынадай мазмұндағы 8-параграфпен толықтырылсын: «8-параграф. Қамтамасыз ету ақысы 338-5-бап. Қамтамасыз ету ақысы ұғымы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|