Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңы
(2022.07.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда және кiрiспе алынып тасталды
2007.19.06 № 268-III ҚР Конституциялық Заңымен Конституциялық заңның бүкіл мәтіні бойынша, 14-тарауды қоспағанда, »«жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің», « жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін», «жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше», «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне», «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне», «жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне», «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін», «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері», «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне», «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің», «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін», «жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі» деген сөздер тиісінше «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
I. Жалпы бөлiм
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар
2-бап. Сайлау бостандығы
3-бап. Сайлау құқығы принциптерi
4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы
5-бап. Тең сайлау құқығы
6-бап. Төте сайлау құқығы
7-бап. Жанама сайлау құқығы
8-бап. Жасырын дауыс беру
9-бап. Сайлау жүйелерi
2-тарау. Сайлау органдары
10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi
11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы
12-бап. Республиканың орталық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары
14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
15-бап. Алып тасталды
16-бап. Алып тасталды
17-бап. Учаскелік сайлау комиссиялары
18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi
19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi
20-бап. Сайлау комиссияларының қызмeтін ұйымдастыру және олардың әрекеттеріне шағым жасау. Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық
20-1-бап. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары
20-2-бап. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері
3-тарау. Сайлау округтерi мен учаскелерi
21-бап. Сайлау округтерi мен олардың жүйесi
22-бап. Сайлау округтерiн құру және олардың шекараларын қайта қарау
23-бап. Сайлау учаскелерiн құру
4-тарау. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi
24-бап. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерi және оларды жасау тәртібі
25-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiне енгізу
26-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiмен таныстыру
26-1-бап. Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімін қалыптастыру
5-тарау. Сайлау алдындағы үгiт
27-бап. Сайлау алдындағы үгiт
28-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы
29-бап. Кандидаттың, саяси партияның сайлау алдындағы бағдарламасы
30-бап. Алып тасталды
31-бап. Сенім бiлдiрген адамдар
32-бап. Сайлау алдындағы үгiттi тоқтату
6-тарау. Сайлауды қаржыландыру
33-бап. Сайлауды мемлекеттік қаржыландыру
34-бап. Сайлауды мемлекеттік емес қаржыландыру
35-бап. Сайлау шараларын сайлау комиссияларының қаржыландыруы
36-бап. Сайлау науқанын өткізуге бөлiнген қаражаттың жұмсалуын бақылау
7-тарау. Дауыс беру тәртібі
37-бап. Сайлау бюллетенi
38-бап. Дауыс беру уақыты мен орны
39-бап. Дауыс беруге арналған үй-жай
40-бап. Дауыс берудi ашу
41-бап. Дауыс берудi ұйымдастыру
42-бап. Дауыс берудi өткізу
8-тарау. Дауыс беру қорытындыларын анықтау
43-бап. Сайлау учаскесіндегі (дауыс беру пунктіндегі) дауыстарды санау
44-бап. Сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау
45-бап. Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін тіркеу
46-бап. Президенттің, Парламент, мәслихаттар депутатының куәлігі мен төсбелгісі, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің және өзге де жергілікті өзі-өзі басқару органы мүшесінің куәлігі
9-тарау. Сайлау бостандығының кепiлдiктерi
47-бап. Кандидаттар қызметiнiң сайлау науқаны барысындағы кепiлдiктерi
48-бап. Мемлекеттік органдардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметi
49-бап. Сайлау науқаны барысындағы шешiмдер мен iс-әрекеттерге шағым беру және олардың күшiн жою
50-бап. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
9-1-тарау. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткізудiң ерекшелiктерi
50-1-бап. Электрондық сайлау жүйесi
50-2-бап. Электрондық сайлау жүйесіне қойылатын талаптар
50-3-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жай
50-4-бап. Электрондық сайлау бюллетенi
50-5-бап. Электрондық дауыс берудi ұйымдастыру
50-6-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде дауыстарды санау
50-7-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде сайлау қорытындыларын белгiлеу
50-8-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беру нәтижелерiне шағымдану
50-9-бап. Дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғыларды сақтау
II. ЕРЕКШЕ БӨЛIМ
10-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы
51-бап. Республика Президентінің кезектi сайлауы
51-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы
52-бап. Алып тасталды
53-бап. Республика Президентi сайлауын жариялау
54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар
55-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттар ұсыну
56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау
57-бап. Алып тасталды
58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың сайлау қорының мөлшерi
59-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркеу
60-бап. Кандидатурасын алып тастау, кандидат ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою
61-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Республика Президенттiгiне кандидаттар ұсыну
62-бап. Республика Президентiн сайлау кезіндегі дауыстарды санау
63-бап. Қайта дауыс беру
64-бап. Қайта сайлау
65-бап. Республика Президентi сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау
66-бап. Сайланған Республика Президентiн тiркеу
66-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу
67-бап. Алып тасталды
68-бап. Республика Конституциялық Кеңесiнiң Республика Президентi сайлауын өткізудiң дұрыстығы жөніндегі мәселенi қарауы
11-тарау. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау
69-бап. Сенат депутаттарын сайлауын тағайындау
70-бап. Сенат депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар
71-бап. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну
72-бап. Сенат депутаттығына кандидатты қолдап қол жинау
73-бап. Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеу
74-бап. Кандидатурасын алып тастау, Сенат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою
75-бап. Сенат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi
76-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну
77-бап. Сенат депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бiрлескен отырысын өткізу тәртібі
78-бап. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау
79-бап. Сенат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру
80-бап. Сенат депутаттарын қайта сайлау
81-бап. Сенат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау
82-бап. Сенат депутаттарын тiркеу
83-бап. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын өткізу
84-бап. Сенат депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi Конституциялық Кеңестiң қарауы
12-тарау. Республика Парламентi Мәжілісiнiң депутаттарын сайлау
85-бап. Мәжіліс депутаттарын сайлауын тағайындау
86-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар
87-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну
88-бап. Сайлау жарнасы
89-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу
90-бап. Кандидатураны алып тастау, Мәжіліс депутаттығына кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою
91-бап. Алып тасталды
92-бап. Алып тасталды
92-1-бап. Саяси партиялардың сайлау қорының мөлшерi
93-бап. Алып тасталды
93-1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжіліс депутаттарының сайлауы жөніндегі сессиясын өткізу тәртібі
94-бап. Партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыстарды санау
94-1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыстарды санау
95-бап. Мәжіліс депутаттарының сайлауы кезінде қайта дауыс беру
96-бап. Мәжіліс депутаттарын қайта сайлау
97-бап. Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижелерiн анықтау және жариялау
97-1-бап. Депутаттық мандаттарды партиялық тізімдер бойынша дауыс берудің қорытындыларына қарай бөлу
98-бап. Мәжіліс депутаттарын тіркеу
99-бап. Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын және шығып қалған депутаттар орнына сайлау өткізу
100-бап. Конституциялық Кеңестiң Мәжіліс депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi қарауы
13-тарау. Республика мәслихаттары депутаттарының сайлауы
101-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау
102-бап. Мәслихаттар депутаттарына қойылатын талаптар
103-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну
104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркеу
105-бап. Кандидатураны алып тастау, мәслихат депутат тығына кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою
106-бап. Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшері
107-бап. Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну
108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезінде дауыстарды санау
109-бап. Алып тасталды
110-бап. Мәслихаттар депутаттарын қайта сайлау
111-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау
111-1-бап. Партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды бөлу
112-бап. Мәслихаттар депутаттарын тіркеу
113-бап. Мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды өткізу
13-1-тарау. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау
113-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тағайындау
113-2-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне қойылатын талаптар
113-3-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну
113-4-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидатты қолдап қол жинау
113-5-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу
113-6-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидатураны алып тастау, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою
113-7-бап. Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну
113-8-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау кезінде дауыстарды санау
113-9-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін қайта сайлау
113-10-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау қорытындыларын белгілеу және жариялау
113-11-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін тіркеу
14-тарау. Қазақстан Республикасының өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау
114-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау тағайындау
115-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне қойылатын талаптар
116-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезіндегі сайлау округтерi мен сайлау комиссиялары
117-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну
118-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды тiркеу
119-бап. Кандидатурасын алып тастау, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою
120-бап. Алып тасталды
121-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну
122-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiн сайлау кезiнде берiлген дауыстарды санау
123-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қосымша сайлау
124-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қайта сайлау
125-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау
126-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн тiркеу
127-бап. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткізу
15-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
128-бап. Алып тасталды
129-бап. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Парламент Сенатының жаңа сайланымы депутаттарын сайлау тәртібі
130-бап. Алып тасталды
130-1-бап. Мәслихаттар депутаттарын сайлау мерзімдері Мәслихаттардың депутаттарын пропорционалды сайлау жүйесі негізінде сайлау осы Конституциялық заңда көзделген негіздер басталған кезде, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізілетін болады.
131-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау мерзiмi
132-бап. Алып тасталды
133-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енуi және қолданылуы
I. Жалпы бөлiм
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен; 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжілісi, мәслихаттары депутаттарының, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын әзiрлеу мен өткізу кезiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.
2-бап. Сайлау бостандығы
Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 3-бап өзгертілді
3-бап. Сайлау құқығы принциптерi
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжілісiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
ҚР 08.05.98 ж. № 222-I Конституциялық Заңымен; 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы
1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
4. Мыналар:
1) сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Тең сайлау құқығы
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сайлаушылар Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлауға, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады.
2. Сайлаушылар Республиканың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.
3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Төте сайлау құқығы
Республика Президентiн, Парламентi Мәжілісiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды.
ҚР 08.05.98 ж. № 222-I Конституциялық Заңымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Жанама сайлау құқығы
1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.
2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.
3. алынып тасталды
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Жасырын дауыс беру
Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
ҚР 06.11.98 ж. № 285-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) (қолданысқа енетін мерзімін қара) Конституциялық Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Сайлау жүйелерi
1. Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:
1) 06.11.98 ж. № 285-I ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды
2) мыналар:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған;
- қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған.
1-1. Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мәслихаттардың депутаттары аумақтық сайлау округі бойынша саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімдермен сайланады.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланды деп есептеледі.
3. Өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
1)
2) басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
2-тарау. Сайлау органдары
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi
1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.
2. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:
1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
2) аумақтық сайлау комиссиялары;
3) 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) учаскелiк сайлау комиссиялары.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Аумақтық сайлау комиссияларын - Орталық сайлау комиссиясы, ал учаскелік сайлау комиссияларын тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады.
Орталық сайлау комиссиясын қоспағанда, сайлау комиссияларының құрамдарын тиісті мәслихаттар қалыптастырады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгілеген, сайлау комиссияларын құру мерзіміне дейін он бес күннен кем болмауға тиіс мерзімде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініштерін қоса береді. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының отырысында сайланады.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын басталады және олардың өкілеттік мерзімінің бітуіне үш күн қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы шешімдер, олардың құрамы мен орналасқан жері бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
5. Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi.
6. Сайлау комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға жол берілмейді.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Сайлау комиссиясының қызметі сайлау комиссиясын құратын органның шешімі бойынша немесе Орталық сайлау комиссиясының өтініші негізінде сот шешімімен тоқтатылуы мүмкін.
8. Сайлау комиссиясының мүшесiн, осы Конституциялық заңның 19-бабының 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, өкiлеттiктерiнен айыруға болмайды.
2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы
1. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесінен тұрады.
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның отырысында сайланады.
3. 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды(бұр. ред. қара)
4. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Орталық сайлау комиссия сының қарамағында ведомстволық бағынысты ұйымдары болады, олардың функциясына аумақтық сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық қызметіне жәрдемдесу және оның сайлау қызметінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін, интернет-ресурсты құруды, дамытуды, енгізуді, қолдап отыруды, оларға әкімшілік жүргізуді, пайдалануды және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету кіреді.