<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ»...

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы

Қазақстан Республикасының 2001 ж. 13 маусымдағы № 211-ІІ Заңы

(2021.30.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

 

  • Показать изменения

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Негiзгi ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары

  • Показать изменения

3-бап. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi

4-бап. Туристiк индустрия

  • Показать изменения

5-бап. Туристiк ресурстар

6-бап. Қазақстан Республикасындағы туризмді сыныптау

7-бап. Туристiк индустриядағы көрсетiлетiн қызметтер экспорты мен импорты

 

  • Показать изменения

2-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

8-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң принциптерi

9-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi

10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) құзыреті

13-бап. Туризм жөнiндегi кеңес

14-бап. Туристiк ақпарат орталығы

14-1-бап. Басым туристік аумақтар

14-3-бап. Ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымның өкілеттіктері

 

  • Показать изменения

3-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI ҰЙЫМДАСТЫРУ

15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары

15-1-бап. Туристерді орналастыру орындарының сыныптамасы

15-2-бап. Туристік өнімді қалыптастыру

  • Показать изменения

15-3-бап. Туризм саласындағы хабарламалар

16-бап. Туристік қызмет аясындағы стандарттау

17-бап. Туристiк қызмет көрсету шарты

18-бап. Залалдар мен моральдық зиянды өтеу, туристiк қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары

19-бап. Туристiк ұйымдар

20-бап. Туристiк индустрия ұйымдарының бiрлестiктерi

  • Показать изменения

21-бап. Туристердiң бiрлестiктерi

22-бап. Туристiк қызмет саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлау

  • Показать изменения

23-бап. Гид (гид-аудармашы), туризм нұсқаушысы, экскурсовод

 

  • Показать изменения

4-тарау. ТУРИСТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI, ТУРИСТIҢ ҚАУIПСIЗДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

24-бап. Туристiң құқықтары

25-бап. Туристiң мiндеттерi

26-бап. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

27-бап. Туристiк қызметтi жүзеге асыру кезiндегi сақтандыру

 

  • Показать изменения

4-1-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі

27-1-бап. Жалпы ережелер

27-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері

27-3-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің міндеттемелері

27-4-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау тетігі

 

  • Показать изменения

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  • Показать изменения

28-бап. Туристiк қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

28-1-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау

29-бап. Өтпелi ережелер

 

 

2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «туристік ұйымдарының», «туристік ұйымдарды», «туристік ұйымдардың», «Туристік ұйымдардың», «туристік ұйымға», «Туристік ұйым», «туристік ұйым», «Туристік ұйымдар», «туристік ұйымдар», «туристік ұйымдары» деген сөздер тиісінше «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларының», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың», «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға», «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға», «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалары» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред. қара)

 

Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Негізгі ережелер

2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-1) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) гид (гид-аудармашы) - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-1) - 3) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

3-1) сақтандыру сертификаты - сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екенін куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптары туралы ақпаратты қамтитын, сақтандырушы жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін ресімдеген құжат;

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

3-2) сақтандыру сертификаты - сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екенін куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптары туралы ақпаратты қамтитын, жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген құжат;

  • Показать изменения

4) тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) туризм - туристің тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты емес саяхатта уақытша болуы;

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

5-1) туризм инфрақұрылымы - туризм саласының жұмыс істеуіне және туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұйымдар жиынтығы, өндірістік, әлеуметтік және рекреациялық мақсаттағы құрылысжайлар мен желілер кешені;

  • Показать изменения

6) туризм нұсқаушысы - тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;

  • Показать изменения

7) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

7-1) туристендіру картасы - туристер қызығушылық танытатын, республикалық және өңірлік деңгейлердегі аумақтар;

  • Показать изменения

8) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;

  • Показать изменения

9) туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрі - турагент) туроператор қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;

  • Показать изменения

10) туристік ваучер - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат;

  • Показать изменения

11) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) туристік код - шығу туризмі саласындағы туроператор туриске беретін, ұйымдастырылған шығу туризмі шеңберінде туроператордың міндеттемелеріне кепілдік беретін бірегей нөмір;

12) туристік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;

  • Показать изменения

13) туристік көрсетілетін қызметтер - туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) көрсететін қызметтері) және сапар мақсатына қарай көрсетілетін, туристік қызмет көрсету шартында көзделген басқа да көрсетілетін қызметтер);

14) туристік қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемді туристік қызмет көрсету бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға мен туристің арасындағы келісім;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар - турагенттер, туроператорлар, туризм нұсқаушылары, сондай-ақ өз бетінше туристік қызмет көрсететін гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар;

  • Показать изменения

16) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17) туристік маршрут - туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік қызмет объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімі - туристік маршруттар мен соқпақтарды есепке алу құжаты;

  • Показать изменения

19) туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi қалыптастыру, оны туристiк агенттер мен туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес қалыптастырған туристік өнімді ұсыну мен өткізу жөніндегі кәсiпкерлiк қызметi (бұдан әрі - туроператор);

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

20) туристік өнім - саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті барлық қажетті туристік көрсетілетін қызметтер кешені;

  • Показать изменения

21) туристік өнімді ұсыну - туристік қызмет көрсетуге бағытталған шаралар (жарнама, мамандандырылған көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристік өнімді өткізу жөніндегі туристік ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) кешені;

  • Показать изменения

22) туристік ресурстар - туристік көрсету объектілерін қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де объектілер;

  • Показать изменения

23) туристік нарық - туристік қызмет саласындағы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) мен ақша айналысы;

  • Показать изменения

24) туристік сала - негізгі қызмет саласы туристік қызмет көрсету, туристік өнім жасау, оларды ішкі және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткізу болып табылатын экономика саласы;

25) туристің төтенше жағдайға ұшырауы - туристің саяхаттан оралмауы, сондай-ақ туристің қаза болуына немесе оның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін авария, зілзала немесе апат нәтижесінде туындаған, саяхат кезінде белгілі бір аумақта болған оқиға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

  • Показать изменения

25-1) туроператор-әуе кемесімен жалданушы - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды және багажды тасымалдау үшін бір немесе бірнеше рейстерге бір әуе кемесінің (немесе бірнеше әуе кемелерінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін экипажымен қоса оның пайдалануына беру туралы әуемен тасымалдаушымен (әуе кемесін жалдаушымен) әуе кемесін жалдау (чартер) шартын жасасқан туроператор;

  • Показать изменения

26) уәкілетті орган - туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • Показать изменения

27) экскурсант - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға;

  • Показать изменения

28) экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып, көруі;

  • Показать изменения

29) экскурсиялық қызмет - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарға танымдық мақсатта келуді ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды;

  • Показать изменения

30) экскурсовод - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсетуге сай біліктілігі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Туристік қызмет субъектілеріне мыналар жатады:

  • Показать изменения

1) туроператорлар;

  • Показать изменения

2) турагенттер;

3) тармақша ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтер, экскурсоводтар, туризм нұсқаушылары;

  • Показать изменения

4) туристік қызмет саласындағы қоғамдық бірлестіктер;

  • Показать изменения

5) ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым;

6) тармақша 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

  • Показать изменения

6) шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттық аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра алатын өзге де объектiлер.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-бап. Туристiк индустрия

  • Показать изменения

1. Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi:

1) турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;

2) тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;

3) тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету;

4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;

5) көлiк қызметiн көрсету;

  • Показать изменения

5-1) көліктің барлық түрлеріне билеттерді және іс-шараларға баруға билеттерді беру бойынша (броньға қоюды, сатуды және жеткізуді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтер;

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) көрсетілетін ойын-сауық қызметтері;

  • Показать изменения

7) туристік қызмет көрсету шартында көзделген өзге де туристiк көрсетілетін қызметтер.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Туристiк ресурстар

Қазақстан Республикасының туристiк ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимi, қоршаған ортаға түсетiн ауыртпалықтың жол берілетiн шегiн ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристiк ресурстары тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтiру жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6-бап. Қазақстан Республикасындағы туризмді сыныптау

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасында туризм:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) туризм түрлері бойынша;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) салалық қағидат бойынша;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) субъектілік қағидат бойынша;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) объектілік қағидат бойынша сыныпталады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Туризм түрлері халықаралық және ішкі туризмді қамтиды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Халықаралық туризм мыналарды қамтиды:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың оның шегiндегi саяхаттары деп түсінілетін келу туризмi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхаттары деп түсінілетін шығу туризмi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаттары ішкі туризм болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Салалық қағидат бойынша туристік қызметтерді көрсетуге және нақты саладағы объектілермен және қызметпен танысуға деген туристік қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты туризм бағыттары ажыратылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Субъектілік қағидат бойынша туристердің өздерінің мәртебесіне (жасына, кәсібіне және басқаларына) байланысты туризм бағыттары ажыратылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Объектілік қағидат бойынша туристердің нақты объектілерге және (немесе) оқиғаларға баруына байланысты туризм бағыттары ажыратылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Туристiк индустриядағы көрсетiлетiн қызметтер экспорты мен импорты

1. Қазақстан Республикасының аумағына келу туризмiн ұйымдастырумен байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету экспорты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Басқа елге шығуға байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету импорты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу

8-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң принциптерi

Қазақстан Республикасында туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

1) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

2) туристiк қызметтiң басым бағыттарын айқындау және қолдау;

3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел деген түсiнiктi қалыптастыру;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының туристерi мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларының және олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделерi мен мүлкiн қорғау.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң негiзгi мақсаттары:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) азаматтардың тyристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) қоршаған ортаны қорғау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ететiн туристiк индустрияны дамыту;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) туристік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) халықаралық туристiк байланыстарды дамыту болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң басым бағыттары:

1) туризмдi Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельдi саласы ретiнде қалыптастыру;

2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) туристiк ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерiн ескеру, табиғи және тарихи-мәдени мұраларын қорғау;

  • Показать изменения

3) балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрiсi төмен топтарының арасында туристiк және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;

4) туристiк индустрияны инвестициялау үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) ішкі туризм мен келу туризмін қолдау және дамыту;

6) iшкi және халықаралық туризм қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн туристiк қызметтiң тиiмдi жүйесiн құру болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеу:

1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі саясатты айқындау;

2) туристiк қызмет саласындағы қатынастарды жетiлдiруге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;

2007.12.07. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туристiк қызметтi лицензиялау;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-1) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

3-1) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес туристік қызмет аясындағы стандарттау;

  • Показать изменения

4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) туристiк қызметтi кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

6) отандық туристердiң, туроператорлар мен турагенттердiң және олардың бiрлестiктерiнiң халықаралық туристiк бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;

7) iшкi және дүниежүзiлiк туристiк рыноктарда туристiк өнiмдi ұсынуға жәрдемдесу;

8) елдiң туристiк ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • Показать изменения

1) туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты айқындайды және іске асырады;

  • Показать изменения

2) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады;

  • Показать изменения

3) туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;

  • Показать изменения

4), 5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) уәкілетті органның ұсынуы бойынша туризм жөніндегі кеңестің дербес құрамын және ол туралы ережені бекітеді;

  • Показать изменения

7) шет мемлекеттермен туризм саласындағы ынтымақтастықты және өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

8) - 10) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

  • Показать изменения

10-1) уәкілетті орган өткізген конкурс негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

  • Показать изменения

10-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдіктермен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа (бұдан әрі - арнайы шот) аударылуы тиіс ақша сомасын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

  • Показать изменения

10-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді

  • Показать изменения

11-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

  • Показать изменения

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

  • Показать изменения

3) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

  • Показать изменения

5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;

7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;

8) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;


Содержание
1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР2-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ3-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI ҰЙЫМДАСТЫРУ4-тарау. ТУРИСТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI, ТУРИСТIҢ ҚАУIПСIЗДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ4-1-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР