|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 513-ІІ Заңы (2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары 3-бап. Туристі мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi мiндеттерi 4-бап. Туристі міндетті сақтандыру объектісі 6-бап. Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын тұлғалар 7-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау 3-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты 9-бап. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданысы 10-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату 12-бап. Сақтанушының және сақтандырылушының құқықтары мен міндеттері 13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 4-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы 14-бап. Сақтандырушы жауапкершілігінің шегі 15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері 16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі 5-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі 17-бап. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау 18-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі 19-бап. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы 20-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi 20-1-бап. Туристі міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері 21-бап. Дауларды қарау тәртібі
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен мәтін бойынша «туроператордың және турагенттiң», «Туроператордың және турагенттiң», «Туроператор мен турагенттiң», «туроператор мен турагенттiң», «туроператор мен турагент» деген сөздер тиісінше «туроператордың немесе турагенттiң», «Туроператордың немесе турагенттiң», «Туроператордың немесе турагенттiң», «туроператордың немесе турагенттiң», «туроператор немесе турагент» деген сөздермен ауыстырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін», «туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін», «Туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін», «Туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін», «туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін» деген сөздер тиісінше «Туристі», «туристі» деген сөздермен ауыстырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Осы Заң туристі мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ассистанс - ассистанс компанияның сақтандырылушыға сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан техникалық, медициналық және өзге де жәрдемдесу арқылы көмекті ұйымдастыруы; 2) ассистанс компания - туристі міндетті сақтандыру шарты шеңберінде сақтандырушымен шетелге шығатын туриске (сақтандырылушыға) ассистанс беру туралы шарт жасасқан заңды тұлға; 3) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға; 4) сақтандыру жағдайы - басталғанынан кейін туристі міндетті сақтандыру шартында сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін оқиға; 5) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға; 6) сақтандыру сертификаты - жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген, сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екені туралы куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыруды жабу талаптары туралы ақпаратты қамтитын құжат; 7) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы; 8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушының туристі міндетті сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін сақтанушы оған төлеуге міндетті болатын ақша сомасы; 9) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы; 10) сақтандырушы - «жалпы сақтандыру» саласында немесе «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті сақтандыру ұйымы; 11) сақтандырылушы - шетелге шығатын турист; 12) сақтанушы - сақтандырылушының пайдасына сақтандырушымен туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан шығу туризмі саласындағы туроператор; 13) турагент - шығу туризмі саласындағы туроператор қалыптастырған туристік өнімді алға ілгерілету мен өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 14) туристі міндетті сақтандыру - сақтандырылушының осы Заңда көрсетілген оқиғалар салдарынан күтпеген шығыстардың туындау тәуекеліне байланысты мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешені.
2-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары 1. Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) 3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
3-бап. Туристі мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi мiндеттерi 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Туристі міндетті сақтандырудың мақсаты осы Заңда көрсетілген, сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар салдарынан күтпеген шығыстар туындаған жағдайда, сақтандырылушының мүліктік мүдделерін сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 2. Туристі мiндеттi сақтандырудың негiзгi мiндеттерi: 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) сақтандырылушының мүліктік мүдделерiн қорғауды осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қамтамасыз ету; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шарты болған кезде әрбір туриске қатысты өз қызметін жүзеге асыруы; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) туроператордың және турагенттiң туристiк қызмет көрсету қауiпсiздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделiлiгi болып табылады. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4-бап жаңа редакцияда 4-бап. Туристі міндетті сақтандыру объектісі Осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайларының басталуы салдарынан өміріне, денсаулығына зиян келтірілген сақтандырылушының мүліктік мүддесі туристі міндетті сақтандыру объектісі болып табылады.
2-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185- ІV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Шығу туризмі саласындағы туроператордың осы Заңда белгіленген туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын мемлекеттік бақылауды туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-бап. Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын тұлғалар Сақтандырылушының мүліктік мүдделерін міндетті сақтандыруды шығу туризмі саласындағы туроператор жүзеге асырады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7-бап. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шартын жасаспай қызметті жүзеге асыруына жол бермеу Шығу туризмі саласындағы туроператор туристі міндетті сақтандыру шартын жасаспай туристік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2009.11.07. № 185- ІV ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-1-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейін: 1) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын; 2) сақтандырылушы уақытша болатын елде (жерде) тәулік бойы жұмыс істейтін көптілді үйлестіру орталығы және өңірлік желісі бар ассистанс компаниямен шетелге шығатын туриске (сақтандырылушыға) осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар басталған кезде ассистанс беру туралы шарт жасасуға немесе сақтандырылушыға ұсынылатын қызметтерді көрсетуге лицензиялары бар тасымалдаушылармен, медициналық және өзге де мекемелермен шарттар жасасуға міндетті. Әрбір сақтандырылушы және сақтандыру жағдайы бойынша ассистанс компания беретін ассистанс көлемі сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемімен айқындалады. Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 2. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3. Сақтандырушылар туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдерi, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi жөніндегі ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы. 4. Туристі мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары уәкiлеттi органның нормативтiк-құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен мiндеттi жарналарды төлеуге және шартты мiндеттемелердi қалыптастыруға мiндеттi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 7-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау және сақтандырылушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеудің мөлшерін айқындау үшін қажетті ақпаратқа ие мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
3-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 8-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Туристі міндетті сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында сақтандырылушының пайдасына жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Сақтандырылушының ерікті сақтандыру шартын жасасуы сақтанушыны туристі міндетті сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттен босатпайды. 2. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға туристі міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңның талаптарын ескере отырып жасалған сақтандыру шартының негiзiнде, моральдық зиянды және ала алмаған пайданы өтеуге байланысты талаптарды қоспағанда, сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттенедi. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға электрондық нысанда сақтандыру полисін және сақтандыру сертификатын ресімдеуі арқылы жасалады. Сақтанушы туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде уақытша болатын елге (жерге) және туристік қызмет көрсету шартында көрсетілген саяхат күндерінің санына қарай осы Заңға қосымшада көзделген сақтандыру бағдарламаларының бірін таңдайды, ол бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) және өтеуге жататын шығыстардың түрлері туристің өмірі мен денсаулығын сақтандыру бөлігінде халықаралық шарттардың және сақтандырылушы уақытша болатын ел (жер) заңнамасының талаптарына сәйкес келеді. Сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны, сақтандырылушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректер қамтылатын сақтанушының өтініші туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады. Туристі міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі. Сақтанушы тек қана турагент арқылы: әрбір сақтандырылушыға сақтандыру сертификатын беруге; сақтандырылушының талап етуі бойынша сақтандыру полисін ұсынуға міндетті. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-1. Туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі мен сақтандыру сертификатының мазмұнына қойылатын және оларды ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді. 6. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7. Егер туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушы мен сақтандырылушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен сақтандырылушының алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8-1-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар 1. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады. 2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы: 1) сақтанушыға, сақтандырылушыға туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді; 2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді; 3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған туристі міндетті сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін; 4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін; 5) сақтанушы, сақтандырылушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда туристі міндетті сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын; 6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға): туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу; туристі міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату; сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету; осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі. Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды. 4. Егер туристі міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап жасады деп есептеледі. 5. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды. 6. Сақтандырушы сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, туристі міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9-бап. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданысы 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің белгісін алған кезден бастап, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлегеннен кейін күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары3-бап. Туристі мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi мiндеттерi4-бап. Туристі міндетті сақтандыру объектісі 2-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету5-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау6-бап. Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын тұлғалар7-бап. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шартын жасаспай қызметті жүзеге асыруына жол бермеу7-1-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi7-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау 3-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты8-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi8-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар9-бап. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданысы10-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату11-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату12-бап. Сақтанушының және сақтандырылушының құқықтары мен міндеттері13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 4-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы14-бап. Сақтандырушы жауапкершілігінің шегі15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі 5-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі17-бап. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау18-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі19-бап. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы20-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi20-1-бап. Туристі міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері 6-тарау. Қорытынды ережелер21-бап. Дауларды қарау тәртібі22-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Қосымша |