|
|
|
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысы (ҚР Үкіметінің 14.06.99 ж. N 733; 24.01.00 ж. N 122; 11.03.01 ж. N 341; 02.10.02 ж. N 1082;26.11.03 ж. N 1184 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібі бекітілсін. 2. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 мамырдағы N 810 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 18, 165-құжат) күші жойылған деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің Тәртібі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрі және оларды мемлекеттік тіркеуді ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3379 Жарлығының Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680 қаулысының негізінде әзірленді. ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. N 122 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді және толықтырылды 2. Тәртіп: 1) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу кезінде қойылатын талаптар мен тіркеудің мерзімдерін; 2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарды; 3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді; 4) тіркелген нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізуді; 5) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тартудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізудің тәртібін; 5-1) мемлекеттік тіркеудің күшін жою және қалпына келтіру тәртібін белгілейді. 2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу кезінде қойылатын талаптар мен оларды қараудың мерзімдері ҚР Үкіметінің 14.06.99 ж. N 733; 24.01.00 ж. N 122 қаулыларымен 3-тармақ толықтырылды. ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. N 1082 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Нормативтік құқықтық актілер Әділет министрлігіне және оның аумақтық органдарына олар бекітілген (қол қойылған) сәттен бастап тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойғаннан (бекіткеннен) кейін екі аптаның ішінде, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтінін) қоса алғанда, қағаз және электронды жеткізілімдердегі үш данада ("құпия" деген белгісі бар құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізілімдерде екі данада ұсынылады) ұсынылады. Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлерін бекітуді көздемейтін нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарына олар бекітілген (оларға қол қойылған) сәттен бастап екі аптаның ішінде, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтінін) қоса алғанда, қағаз жеткізілімдердегі екі данада тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойғаннан (бекіткеннен) кейін ұсынылады. Осы органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның қолы қойылған (бекіткен) нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган сондай-ақ оған тиісті міндеттемелер жүктелгені туралы құжаттың көшірмесін де ұсынуға тиіс. Нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеуге қайта тапсырылған жағдайда, ол тиісті органның қайта бекітуіне (қайта қол қоюға) жатады. Іс қағаздары бірыңғай мемлекеттік тілде жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктерде жергілікті басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері тіркеуші органға орыс тіліне аударылмай ұсыныла алады. ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. N 1082 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Нормативтік құқықтық актілерге: 1) нормативтік құқықтық актіні шығару үшін негіз (құжатты тіркеуге ұсынған органның құзыреті; осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты оларды өзгерту немесе күші жойылған деп тану туралы ұсыныс дайындау туралы мәліметтер; мемлекеттік тіркеуден бас тартылған, бұл мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер; өзге де мәліметтер) көрсетілетін анықтама-негіздеме; 2) уәкілетті органның өзінің құзыретіне сәйкес қабылдаған нормативтік құқықтық актіні бекіту туралы шешімі қоса беріледі. Қоса берілетін анықтама-негіздемеге осы актіні шығарған органның заң қызметінің бастығы (ондай болмаған кезде - заң кеңесшісі) қол қоюы тиіс. Көрсетілген адамдар болмаған кезде анықтама-негіздемеге осы актіні шығарған органның бірінші басшысы қол қояды. ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. N 122 қаулысымен 5-тармақ толықтырылды 5. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілерде анықтама-негіздеменің болмауы немесе оның осы Тәртіппен белгіленген талаптарға сәйкессіздігі құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады. ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. N 1082 қаулысымен 6-тармақ толықтырылды 6. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу барлық қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап 30 күннің ішінде жүргізіледі. Егер нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жағдайда, ол туралы нормативтік құқықтық актіні ұсынған органға, құжаттар тіркеуге ұсынылған сәттен бастап жеті күннен кешіктірілмей жазбаша хабарланады. Мемлекеттік тіркеудің қажеттілігі туралы мәселені шешу үшін сол немесе өзге актіні ұсыну туралы Әділет министрлігінің және оның аумақтық органдарының сұрауларын мемлекеттік органдар мұндай сұрау түскен сәттен бастап екі аптаның ішінде орындайды. 7. Заңсыз нормативтік құқықтық актілерді шығарғаны және қолданғаны, сондай-ақ оларды мемлекеттік тіркеуге ұсынудың тәртібін бұзғаны үшін бірінші басшылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады. 3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 8. Жалпы міндеттілік маңызы бар; олардың қолданылу мерзіміне (тұрақты немесе уақытша) қарамастан азаматтардың құқықтарына, бостандығына және міндеттемелеріне қатысты ведомствоаралық сипаты бар нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қоспағанда, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді немесе құпия сипаттағы мәліметтерді қамтитын актілер мемлекеттік тіркеуге жатады. ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. N 1082 қаулысымен 9-тармақ толықтырылды 9. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы мәселені шешу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның аумақтық органдарының айрықша құзыретіне жатады. ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. N 122 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда 10. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. N 122 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді 11. Нормативтік заңдық актілерді мемлекеттік тіркеу: 1) актінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігіне құқықтық сараптауды; 2) осы актіні мемлекеттік тіркеудің қажеттігі туралы шешім қабылдауды; 3) тіркелген актіге тіркеу нөмірін беруді; 4) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізуді; 5) тіркелген нормативтік құқықтық актілерді оларды Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды қамтиды. 12. Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар осы Тәртіппен белгіленген ретпен тіркеуге жатады. 4. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптар ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. N 122; 11.03.01 ж. N 341 қаулысымен 13-тармақ толықтырылды. ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. N 1082 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді және толықтырылды; ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. N 1184 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді 13. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық акт мына талаптарға сәйкес келуі тиіс: 1) нормативтік құқықтық актіні қабылдау рәсімінің сақталуына: алқалық орган үшін - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкестігі; орталық және жергілікті атқарушы орган үшін - бірінші басшының не оның орнындағы адамның қолының болуы (бірінші басшы не оның орнындағы адам бекітпеген алқаның шешімі мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық акт болып табылмайды). 1-1) нормативтік құқықтық актіні келісудің болуы: Қазақстан Республикасының заңдарымен нормативтік құқықтық актіні міндетті келісу көзделген жағдайда, сондай-ақ егер онда басқа мемлекеттік органдарға қатысты ережелер, нормалар және тапсырмалар болса, онда нормативтік құқықтық акт осындай органдармен келісуге жатады. Нормативтік құқықтық акт республикалық бюджет кірістерінің қысқартылуын немесе шығыстарының ұлғайтылуын көздейтін жағдайда ол Қаржы министрлігімен, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келісуге жатады. Нормативтік құқықтық актілерді келісу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспауға тиіс және нормативтік құқықтық акті тиісті мемлекеттік органға келіп түскен күннен бастап есептеледі. Келісу нормативтік құқықтық актінің негізгі түрінде тиісті мемлекеттік органдар басшыларының не басшыларының орынбасарларының бұрыштамаларымен ресімделеді. Бұрыштама орган басшысы немесе оның орынбасары қызметінің атауын, бұрыштама қоюшының жеке қолын, қол иесінің аты-жөнінің толық жазылуын, күнін және елтаңбалы мөрді қамтиды. Келісуге жататын немесе бірнеше мемлекеттік органдар шығарған нормативтік құқықтық акт ведомствоаралық сипатта болады. 1-2) нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге ұсынылған жағдайда осы актіні шығарған органның заң қызметінің басшысы (ол болмаған жағдайда - заң кеңесшісі) оған парақ сайын қол қоюды жүргізеді; нормативтік құқықтық актіні келісу кезінде келісуді жүзеге асыратын органның заң қызметінің басшысы да алдын ала қол қоюды жүргізеді; бірнеше мемлекеттік орган қабылдаған нормативтік құқықтық актілер ұсынылған жағдайда, парақ сайын қол қоюды әр органның заң қызметінің басшысы жүргізеді. 2) қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігін талдау: Қазақстан Республикасының Конституциясына; Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдарға; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтарына; Қазақстан Республикасының кодекстеріне, заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарына; Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарына; Қазақстан Республикасы Парламентінің нормативтік қаулыларына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына; 3) нормативтік құқықтық актінің деректемелерінің болуы. Нормативтік құқықтық актілердің төмендегідей деректемелері: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы; акт нысанына сілтеме: министрдің бұйрығы, мемлекеттік комитеттің немесе өзге де орталық мемлекеттік органның қаулысы, мәслихаттың шешімі, әкімдіктің қаулысы, әкімнің шешімі мен өкімі; осы нормативтік құқықтық актіні реттеудің мәнін білдіретін тақырыбы (егер акт өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы болса, онда өзгеретін актінің тақырыбында өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін актінің, атауы, күні, тіркеу нөмірі, нысаны толық беріледі); нормативтік құқықтық актінің қабылданған жері мен күні; нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі; тиісті нормативтік құқықтық актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы; елтаңбалы мөрі болуы тиіс. 4) нормативтік құқықтық актінің құрылымына қойылатын талаптардың сақталуы: құқық нормасын қамтитын тармақ нормативтік құқықтық актінің негізгі құрылымдық элементі болып табылады; нормативтік құқықтық актілер тармақтарының тармақшаларға бөлінуі, ал тармақтардың, тармақшалардың ішінде абзацтармен бөлінген бөліктері болуы мүмкін; нормативтік құқықтық актінің әр тармағы араб санымен нөмірленеді; тармақтарды нөмірлеу бүкіл нормативтік құқықтық акті үшін басынан аяғына дейін ретті болып табылады; тармақшаларды нөмірлеу әр тармақ үшін дербес болады; тармақтардағы тармақшалардың нөмірлері жақшаға алынып араб санымен белгіленеді; мазмұны жағынан жақын тармақтар тарауларға біріге алады; мазмұны жағынан жақын бірнеше тараулар бөлімшелерге біріктірілуі мүмкін, ал бөлімшелер, өз кезегінде бөлімдерге біріге алады; көлемі жағынан үлкен тараулардан параграфтар және параграфтардың бөліктері бөлініп шыға алады, ал бөлімшелер осылайша бөліктерге бөліне алады; 5) нормативтік құқықтық акт мәнінің мазмұндалу стиліне қойылатын талаптар; нормативтік құқықтық актінің мәтіні әдеби тіл мен заңгерлік терминологияның нормалары сақтала отырып баяндалады. Ескірген, көп мағыналы сөздер мен бейнелі сөздерді, теңеулерді, эпитеттерді, метафораларды қолдануға, сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Тармақтың мәтіні басқа тармақтарда қайталанып баяндалмайды. 6) егер, нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оларға сілтеме жасалған жағдайларда қосымшалардың болуы; 7) нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оның ішінде қосымшалардағы да, мәтіндерінің сәйкес келуі; 8) қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөліктерінің (бөлімдерінің, бөлімшелерінің, тарауларының, параграфтарының, тармақтарының, тармақшаларының) күші жойылған деп танылған кезде мұндай бөліктер қолданылып жүрген актіден алынып тасталады, бірақ олардың нөмірлері сақталады. Сақталған нөмірге актінің (немесе оның бөлігінің) күші жойылған деп тану туралы нормативтік құқықтық актіге сілтеме қосылады. Сақталған құрылымдық бөліктердің нөмірленуі өзгермейді; 9) қолданылып жүрген актіге қосымша құрылымдық бөліктерді енгізу кезінде, олар өздері жалғасатын құрылымдық бөліктердің нөмірлерін қайталайтын: 2-1-тарау, 8-1-параграф, 4-1-тармақ және одан әрі, қосымша нөмірлермен енгізіледі. Енгізілген құрылымдық бөліктің мәтіннен кейін жақшада енгізілгендігі туралы актіге сілтеме жасалады. Қалған құрылымдық бөліктердің нөмірленуі сақталады; 10) қолданылып жүрген актінің құрылымдық бөлігінің мәтіні өзгерген кезінде, мұндай бөлік өзгертілген редакцияда қолданылуын жалғастырады. Өзгертілген құрылымдық бөліктің мәтінінен кейін бөліктің оны өзгерткен актінің редакциясында қолданылатыны туралы сілтеме жалғасады. ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. N 122 қаулысымен 13-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. N 1082 қаулысымен 13-1-тармақ жаңа редакцияда 13-1. Осы Тәртіптің 5-тармағымен көзделген жағдайларда, сондай-ақ 3-тармағында, 13-тармағының 1-1) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарында және 1-2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда нормативтік құқықтық акт тиісті заң сараптамасы жүргізілместен, осы актіні ұсынған органға пысықтауға жеті күн ішінде қайтарылады. 5. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімін жүргізу ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. N 122 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда 14. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Тізілімде тіркеу күні, берілген нөмірі, нормативтік құқықтық актінің және оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған органның атауы көрсетіледі. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді. 6. Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу 15. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу оларды қолданысқа енгізу үшін міндетті шарт болып табылады. Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заңдық күші болмайды. 16. Нормативтік құқықтық акт, егер актінің өзінде тұтас алғанда да, нормативтік құқықтық актінің жекелеген құрылымдық бөліктеріне қатысты да қолданысқа енгізудің өзінше мерзімдері көрсетілмесе, алғаш рет ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі. ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. N 122 қаулысымен 17-тармақ толықтырылды. ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. N 1082 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді және толықтырылды 17. Мемлекеттік тіркеуден кейін, қорытынды мен нормативтік құқықтық актінің бір данасы (түпнұсқа) оған берілген тіркеу нөмірімен бірге ресми жариялау міндеттемесімен құжатты тіркеуге ұсынған органға жолданады. Осы Тәртіптің 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды жеткізілімдердегі екінші данасы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізіліміне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолданады, үшіншісі тіркеуші органда қалады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |