|
|
|
Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысы (ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. N 179 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 тамыздағы N 891 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 қыркүйектегi N 1189 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi; 3) Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне екi вице-министр, оның iшiнде бiреу бiрiншi вице-министр болуға рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi аумақтық органдары болып қайта ұйымдастырылсын. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгі қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрлерi 409-1, 409-4, 415-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 416-1 және 416-2-жолдармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi 416-1. "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 416-2. "Елорда" баспасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны"; 2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына: көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне". 5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi (бұдан әрi Министрлiк) басшылықты және заңнамада көзделген шекте ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық салаларындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 2. Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. 3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады. Министрлiк өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Министрлiк мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға егер осыған заңнамаға сәйкес өкiметтi болса, құқылы. 5. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды. 6. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 7. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 22. 8. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi. 9. Министрлiктiң құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 қыркүйектегi N 1189 Жарлығы және осы Ереже болып табылады. 10. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары 11. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi: 1) Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету және қорғау; 2) бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру және мемлекеттік ақпараттық саясатты iске асыру; 3) отандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына көмек көрсету; 4) республиканың қоғамдық процестерiн демократияландыру қоғамдық-саяси күштерiн топтастыру жөнiндегi тұжырымдамалық негiздердi әзiрлеу; 5) кiтап шығару және полиграфия саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу. 12. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысады; 2) бұқаралық ақпарат құралдары, кiтап шығару және полиграфия саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады; 3) мемлекет меншiгiндегi бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн үйлестірeдi; 4) өз құзыретiнiң шегiнде әдебиеттiң әлеуметтiк маңызды түрлерi бойынша баспа бағдарламаларын, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар iс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруды қалыптастырады және бақылайды; 5) бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде шетел аудиториясына арналғандарды да есепке алуды жүзеге асырады; 6) бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауы мәнiне мониторингтi жүзеге асырады; 7) Жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткiзу жөнiндегi комиссияның жұмысын ұйымдастырады; 8) лицензиаттың теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметiне лицензияда көрсетiлген шарттардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану, сондай-ақ теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлген лицензияның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды; 10) өз құзыретiне жататын салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады; 11) бұқаралық ақпарат құралдарында республиканың жалпыұлттық мемлекеттiк даму стратегиясын түсiндiру мен насихаттауды қамтамасыз етедi; 12) газет-журналдық, дыбыс-бейне және өзге де отандық және шетелдiк ақпарат өнiмдерiне талдауды жүзеге асырады; 13) теледидар және радиохабарларын таратудың мемлекеттік желiсiн басқару жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады; 14) телекоммуникациялар саласында ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшiн техникалық құралдарды дамыту және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысқа қатысады; 15) Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады және олардың бiрыңғай Тiзiлiмiн жүргiзедi; 16) Министрлiк құзыретiне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бiрлестiктермен, үкiметтiк емес ұйымдармен, кәсiби одақтармен және өзгелерiмен өзара iс-қимыл жасайды; 17) Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссияның жұмыс органының функциясын орындайды; 18) республикада болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді жан-жақты әрi шынайы зерделеудi, қорытуды және талдауды жүргiзедi; 19) Министрлiк құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, сараптама және болжамды бағаларды дайындауды жүзеге асырады; 20) әлеуметтiк, ақпараттық және коммуникативтік технологияларды әзiрлеудi және оларды мемлекет қызметiнiң әлеуметтiк маңызы бар салаларына енгізуді жүзеге асырады; 21) iшкi саяси тұрақтылықты, азаматтық бейбiтшiлiк пен келiсiмдi нығайтуға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған ғылыми-практикалық iс-шараларды (конференциялар, семинарлар, мәжiлiстер, дөңгелек үстелдер, симпозиумдар және т.б.) өткiзедi; 22) қазақстандық ерекшелiктердi есепке ала отырып, қоғамдық пiкiрдi талдау мен модельдеудiң инновациялық әдiстерiн зерделеудi, бейiмдеудi жүргізеді; 23) баспа-полиграфия саласының жағдайын талдайды және дамуын болжайды, аталған салада маркетингтiк зерттеулер жүргiзедi; 24) отандық кiтап шығару, кiтап маркетингiнiң кәсiби деңгейiн және баспа-полиграфия өнiмдерiнiң сапасын арттыру және баспа-полиграфия саласын дамыту жөнiндегi шараларды қабылдайды; 25) республикалық кiтап және полиграфия көрмелері мен жәрмеңкелерiн жүргiзудi ұйымдастырады, сондай-ақ халықаралық конференциялар, симпозиумдар мен семинарларға қатысады; 26) бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия ұйымдары саласындағы салалық стандарттар, техникалық шарттар мен нормативтiк-техникалық құжаттама әзiрлейдi және оларды енгiзудi қамтамасыз етедi; 27) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiк құзыретiне жататын салалардағы қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттарды жасасу, орындау және олардың күшiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 28) Министрлiк құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 29) Министрлiктiң құзыретiне жататын қызмет саласындағы заңнаманы қолдану практикасын талдайды және қорытады, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын дайындауға қатысады және оларды Үкiметке енгiзудi қамтамасыз етедi; 30) өз құзыретiнiң мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлейдi және бекiтедi; 31) Министрлiктiң қызметiне жататын салаларда салалық бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi; 32) Министрлiктiң қарамағындағы ұйымдардың қызметiн үйлестiредi; 33) Министрлiкке заңнамамен жүктелген өзге де функциялар. 13. Министрлiктiң негiзгi мiндеттер мен функцияларды iске асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпарат сұратуға; 2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк ақпарат саясатының негiзгi бағыттары, қоғамдық-саяси процестер, кiтап шығару мен полиграфияны дамыту және жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 3) Министрлiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асыруға; 4) өзіне берiлген мүлiктi пайдалану және иелену құқығын жүзеге асыруға; 5) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық мiндеттемелердi сақтау жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асыруға; 6) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзiмді баспасөз басылымдарының бақылау даналарын тегiн алуға; 8) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Министрлiктің мүлкi 14. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлген өзге де мүлiктен тұрады. 15. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 16. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуiне құқығы жоқ. Министрлiкке республика заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру 17. Министрлiк, оның аумақтық органдары және ведомстволық бағыныстағы ұйымдары Ақпарат министрлiгiнiң бiрыңғай жүйесiн құрады. 18. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министрдiң екi вице-министр - орынбасарлары оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болады. 19. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады әрi оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi. 20. Осы мақсатта Министр: 1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 2) заңнамаға сәйкес және өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң қызметкерлерiн, аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлiктi бiлдiредi; 4) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiк қызметкерлерiн және аумақтық органдар басшыларын көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi; 5) Министрлiктiң мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық бөлiмшелерi туралы жарғыларын және/немесе ережелерiн бекiтедi; 6) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат санының лимитi шегiнде Министрлiктiң және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын белгiлейдi; 7) Министрлiктiң аумақтық органдарының басшылары кесiмдерiнiң күшiн толығымен не ішінapa жояды немесе тоқтата тұрады; 8) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi; 9) Министрлiктiң жұмыс регламентiн бекiтедi; 10) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 21. Министрлiктiң Министр жанындағы консультативтiк-кеңесшi органы болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi. 5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату 22. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. N 179 қаулысымен тізбе толықтырылды Полиграфия ұйымдары "Мектеп" баспасы ЖАҚ "Алатау" баспа-полиграфия корпорациясы" ААҚ "Қарағанды полиграфиясы" ААҚ "Қазақ энциклопедиясы" ЖАҚ "Елорда" баспасы" РМК "Баспалар үйi" АҚ "Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кiтап палатасы" MM Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" ЖАҚ "Хабар" агенттiгi" ЖАҚ "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" ААҚ "Казахстанская правда" республикалық газетi" ЖАҚ "Қазақ газеттерi" ЖАҚ "Жас өркен" ААҚ "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" РМҚК "Қазбаспасөз" ААҚ "Қазақ ақпарат агенттiгi" ұлттық компаниясы" ААҚ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi Ақмола облысы 1. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Ақмола облысы бойынша Ақпарат басқармасы Ақтөбе облысы 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Ақтөбе облысы бойынша Ақпарат басқармасы Алматы облысы 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Алматы облысы бойынша Ақпарат басқармасы Атырау облысы 4. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Атырау облысы бойынша Ақпарат басқармасы Шығыс Қазақстан облысы 5. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ақпарат басқармасы Жамбыл облысы 6. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Жамбыл облысы бойынша Ақпарат басқармасы Батыс Қазақстан облысы 7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша Ақпарат басқармасы Қарағанды облысы 8. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Қарағанды облысы бойынша Ақпарат басқармасы Қызылорда облысы 9. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Қызылорда облысы бойынша Ақпарат басқармасы Қостанай облысы 10. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Қостанай облысы бойынша Ақпарат басқармасы Маңғыстау облысы 11. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша Ақпарат басқармасы Павлодар облысы 12. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Павлодар облысы бойынша Ақпарат басқармасы Солтүстiк Қазақстан облысы 13. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ақпарат басқармасы Оңтүстiк Қазақстан облысы 14. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Ақпарат басқармасы Астана қаласы 15. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Астана қаласы бойынша Ақпарат басқармасы Алматы қаласы 16. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Алматы қаласы бойынша Ақпарат басқармасы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi 1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат). 2. "Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы N 803 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы. 3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 21-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат). 4. "Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 наурыздағы N 351 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 13-14, 135-құжат). 5. "Қазақстан халқы тарихи-мәдени мұрасының кейбiр объектiлерiн сақтау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 мамырдағы N 779 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 23, 271-құжат). 6. "Жас өркен" ашық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 шiлдедегi N 1110 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 30, 374-құжат). 7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1626 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 531-құжат). 8. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Рауан" республикалық баспасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 қарашадағы N 1701 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 558-құжат). 9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 және 2000 жылғы 31 тамыздағы N 1328 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1807 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 54, 594-құжат). 10. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 88 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 23-құжат). 11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 656 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 231-құжат). 12. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 қазандағы N 1366 қаулысы. 13. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Мектеп" ашық акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қазандағы N 1383 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 486-құжат). 14. "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)" республикалық қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 қарашадағы N 1186 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 39, 402-құжат). 15. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1441 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 49, 489-құжат). 16. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Елорда" Ақмола мемлекеттiк баспасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 35 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 1, 13-құжат). 17. "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 9 сәуiрдегi N 341 қаулысы 5-тармағының 2-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 16, 163-құжат). 18. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 тамыздағы N 872 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы. 19. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi N 906 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |