|
|
|
Осы бап 2004 ж. 7 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672; 27.01.96 ж. N 2830 Заң күшi бар жарлықтарымен; ҚР 07.12.96 ж. N 50-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 29.06.98 ж. N 236-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 03.05.01 ж. N 182-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 15-бап өзгертiлдi 15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы және оның өкiлеттiгi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ең жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының негiзгi функциялары: а) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын әзiрлеу; б) Қазақстан Ұлттық Банктiң банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есепке алудың, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналысының, валюталық операцияларды жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту; в) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құны мен дизайнын анықтау; г) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банктермен жасалатын операциялар бойынша қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгiлеу; е) осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиялар беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу, банк заңдарында көзделген өзге де санкцияларды қолдану туралы шешімдер қабылдау; е-1) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашу шарттарын белгiлеуге; е-2) банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкi берген кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдау шарттарын анықтауға; е-3) алып тасталды ж) банктерге резервтiк талаптардың нормативiн бекiту; з) алтын-валюта активтерiн басқаруды негiзгi принциптерiн белгiлеу; и) Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртiбiн бекiту; к) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентінiң бекiтуiне ұсыну; к-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну; л) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қарау және бекiту; м) Қазақстан Ұлттық Банкінің өзінің жарғылық және резервтік капиталын қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражатын және өзге де мүлкін, бюджетін (шығыстар сметасын) пайдалану тәртібі туралы, ақылы қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі департаментінің директорларын, филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының басшыларын бекіту; о) Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайын, еңбекақы төлеу жүйесi мен мөлшерiн, әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етiлуiн анықтау және бекiту; п) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң халықаралық және осы Заңға сәйкес өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешiм қабылдау; р) Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директорат) құрамын бекiту; с) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есептiң саясаты мен әдiстерiн белгiлеу; у) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс етiлетiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқарудың нәтижелерi туралы есептi бекiту; ф) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлiкпен басқару нәтижелерi туралы ақпарат табыс ету; х) өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару (Өкiлеттi өкiл) жөнiндегi шешiмдердi шұғыл түрде қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасары банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына әкiмшiлiк айыппұл салу туралы мәселенi Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының басқа мүшелерiмен алдын ала келiсiп алады және осы мәселе бойынша тиiстi қаулы нысанында шешiм қабылдайды. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерi егер өздерi оның қабылдануы үшiн дауыс бермесе, бiрақ шешiмнiң қабылдануымен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы дереу мәлiмдеген болса, Басқарма қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi. ц) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таза кiрiсiн бөлу; ч) өкiлеттiгiне Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын мүлiктi сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде берiлген активтердi сенiмгерлiкпен басқару жөнiндегi шешiмдердi шұғыл қабылдау кiретiн лауазымды адамды (Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |