|
|
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы (ҚР Президентiнiң 20.07.95 ж. N 2370; 05.12.95 ж. N 2672; 02.08.95 ж. N 2396; 27.01.96 ж. N 2830 Заң күшi бар жарлықтарымен; ҚР 03.07.96 ж. N 18-1; 07.12.96 ж. N 50-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 08.12.97 ж. N 200-1; 29.06.98 ж. N 236-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 29.03.00 ж. N 42-II; 18.12.00 ж. N 128-II; 02.03.01 ж. N 162-II; 03.05.01 ж. N 182-II; 09.07.03 ж. N 482-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2003 ж. 10 шілдедегі N 483-II ҚР Заңымен енгізілетін өзгерістеріне дейін қолданады ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен тақырыбы өзгертілдi I Тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар) II Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттi, (7 - 8 баптар) функциялары және өкiлеттiктерi ІІІ тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы (9 - 11 баптар) және резервтері IV Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдары. (12 - 20 баптар) Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыреті V Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк (21 - 28 баптар) өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы VI Тарау. Ақша-кредит саясаты (29 - 37 баптар) VII Тарау. Ақша айналысы және ақша бiрлiгi (38 - 47 баптар) YIII тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру (48 - 51 баптар) IХ Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары (52 - 54 баптар) Х Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы экономикалық (55 - 60 баптар) қатынастар саласындағы қызметi. Валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар ХI Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бақылау және (61 - 64 баптар) қадағалау функциялары ХII Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есеп беруi (65 - 68 баптар) ХIII Тарау. Қорытынды ережелер (69 - 74 баптар) ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен кіріспе алып тасталды I Тарау. Жалпы ережелер ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен;ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс. Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi. ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен;ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң құқықтық негiзi Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiнде Конституцияны, осы Заңды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, республиканың басқа да заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келiсiмдердi) басшылыққа алады. ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен 3-бап жаңа редакцияда; ҚР 29.06.98 ж. N 236-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 3-бап өзгертiлдi 3-бап. Қазақстан Ұлттық банкiнiң есептiлiгi Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi. Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсiмiмен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiтуi; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі; Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекiтуi; Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өз құзыретiндегi мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi. ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 4-бап өзгертiлдi 4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi (бұдан былай - банктер) берген лицензияның негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады. ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 5-бап алынып тасталды 5-бап. ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 6-бап өзгертiлдi 6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты Алматы қаласында орналасады. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады. II Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттi, функциялары және өкiлеттiктерi ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1 Заңдарымен 7-бап өзгертiлдi 7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мiндетi Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкiне сонымен қатар: - Қазақстанның экономикалық дамуы мен оның дүниежүзiлiк экономикаға кiрiгуiне қол жеткiзу мақсатында ықпал ететiн ақша айналасы, кредит, банктер мен олардың клиенттерi арасындағы ақша аударымдарын ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекет саясатын әзiрлеу мен жүргiзу; - ақша, кредит және банк жүйесiнiң тұрақты болуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; - банк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру жолымен банктер кредиторлары мен клиенттерiнiң мүддесiн қорғау жүктеледi. ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен;ҚР 07.12.96 ж. N 50-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01ж. N 162-II; 03.05.01 ж. N 182-II; 09.07.03 ж. N 482-II Заңдарымен 8-бап өзгертiлдi 8-бап. Қазақстан Ұлттық банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары Қазақстанның Ұлттық банкi: а) Қазақстан Республикасында айналыстағы ақша көлемiнiң мөлшерiн реттеу жолымен мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi жауап бередi. б) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi; в) банктер ашуға және олардың ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуы мен таратылуына рұқсат бередi, банктерге Қазақстан Республикасы аумағында, ал резидент-банктер үшiн республика аумағынан тыс жерлерде филиалдарын (оларды бiрiктiруге) және өкiлдiктерiн ашуға, жеке және заңды тұлғалардың банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуіне, бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына банктердiң қатысуына, бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру үшiн банктерге лицензия беруге келiсiм бередi, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар бередi; г) белгiленген тәртiппен банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының проспектiлерiне мемлекеттiк тiркеуге дейiн мiндеттi түрде сараптау жүргiзедi, оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi келiседi және банктердiң бағалы қағаздар шығару мен оларды орналастыру жиынтығы туралы есебiне, құрылтай құжаттарына қорытынды бередi, сондай-ақ банктiң құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзуге, оларды қайта тiркеуге, банктiң басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм бередi; д) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады; Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы; е) банктердiң қызметiн бақылап, қадағалайды және оларға белгiлi бiр күнге шектi банк капиталы мөлшерiн пруденциалдық нормативтердi белгiлейдi, сондай-ақ заң актілерінде көзделген санкцияларды қолданады. Банктер несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын (акционерлердiң үлесiн) кейiннен жаңа инвесторларға мiндеттi түрде дереу сатқан жағдайда бұл акцияларды мәжбүрлеп сатып алуға құқылы пруденциалдық нормативтердi белгiлейдi; е-1) ерікті және еріксіз таратылатын банктердің тарату комиссиясының қызметіне бақылау жасайды; ж) Қазақстан Республикасында кредиттер бойынша сыйақының (мүдденiң) ставкаларын реттеудi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында инфляциялық процестерге ақша-кредит әдiстерiмен реттеу арқылы бақылау жасау мүмкiн болмаған жағдайларда, Қазақстан Ұлттық Банкi олар бойынша кредиттер көлемiн және сыйақының (мүдденiң) банктiк ставкаларын шектеуге құқылы. з) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi; з-1) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi; и) Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы; к) банк қызметi, есепке алу, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады; л) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, банктердің бухгалтерлік есебінің стандарттарын белгілейді; л-1) уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді; л-2) өзінің бақылау және қадағалау қызметін қамтамасыз ету үшін заң актілеріне сәйкес банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ олардың аффилиирлендірілген тұлғаларының қаржылық есебінің тізбесін, халықаралық стандартқа сай келетін нысандарын, ұсыну мерзімдерін белгілейді; м) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы; н) Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға құқылы; о) қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды; п) Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады; р) елдiң есептiк төлем балансын қалыптастырады және төлем балансы көрсеткiштерiнiң қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзімді болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, мемлекеттiк кепiлдiгi жоқ мемлекеттік емес сыртқы займдардың шарттарын тіркеу мен мониторингін жүзеге асырады және елдiң жалпы сыртқы борышының бағасын қалыптастырады; с) ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы; т) Қазақстан Республикасының банк жүйесiне кадрлар даярлауды жүзеге асыруға қатысады; у) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi; у-1) банктер ашатын есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) - банктердiң тұрған жерiнен тыс жерде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, заңды тұлға мәртебесiне ие болмаған және өкiлдiктер немесе филиалдар болып есептелмейтiн, аумақтық жағынан ерекшеленген бөлiмшелерiн, ашуға келiсiм бередi және арнайы есебiн жүргiзедi; у-2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады; у-3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады; ф) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады. ҚР 16.07.99 ж. N 436-1 Заңымен 3 тараудың атауы жаңа редакцияда ІІІ тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 29.06.98 ж. N 236-1; 16.07.99 ж. N 436-1 Заңдарымен 9-бап өзгертiлдi 9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы Қазақстан Ұлттық банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң билiгiне негiзгi қорларды беру жолымен және оның таза табысынан алынған аударылымдардан, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржыдан 20 миллиард Қазақстан теңгесi мөлшерiнде құралады. Қазақстан Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен дербес жүзеге асырады. ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 29.06.98 ж. N 236-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 10-бап өзгертiлдi 10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв капиталы, қайта бағалау шоттары және арнайы провизиялары (резервтерi) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв капиталы оның жарғылық капиталы мөлшерiнде құрылып, таза табысы есебiнен толықтырылады әрi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен ережеге сәйкес, тек жүргiзiлген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға арналады. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар түріндегі бағалы қағаздарды қайта бағалау шоты оның iшiнде шетел валютасындағы шот та, олардың құнын қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған. Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және сенімсіз талаптары бойынша кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптары мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса - арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлінбеген таза табыс есебінен - банк активтері бойынша жалпы провизиялар (резервтер) құралады. ҚР Президентiнiң 27.01.96 ж. N 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 11-бап өзгертiлдi 11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң табысы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржылық жыл iшiндегi таза табысы iс жүзiнде алынған кiрiстер мен осы қаржылық жылға қатысты, активтер амортизацияны, соның iшiнде айналысқа шығарылған банкноттар мен тиындарды қоса алғанда, шығыстары (алтын-валюта активтерін қайта бағалау есебіне жатқызылатын жұмсалған кірістің пайда болған сомасын қоспағанда) арасындағы айырма ретiнде анықталады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банк активтері бойынша құрылған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына азайтылған таза табысы Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн абсолюттiк сомада жарғылық және резерв капиталын құрауға бағытталады. Нақты алынған таза табыстың қалған бөлiгi келесi қаржы жылында республикалық бюджетке аударылады. Нақты алынған таза табыс Қазақстан Ұлттық Банкiнiң осы Заңда көзделген жарғылық капитал мен резерв қорын қалыптастыруға жетiмсiз болған жағдайда, пайда болған айырмашылық келесi қаржы жылындағы республикалық бюджет қаржысы есебiнен өтеледi. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары оның табысының деңгейiне тәуелдi бола алмайды және бұларды Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. IV Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдары. Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыреті ҚР Президентiнiң 27.01.96 ж. N 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1 Заңдарымен 12-бап өзгертiлдi 12-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдары Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылым. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлiмшелер, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi. ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672; 27.01.96 ж. N 2830Заң күшi бар жарлықтарымен; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 13-бап өзгертiлдi 13-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Парламенттiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды. Төраға Қазақстан Ұлттық банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiне байланысты мәселелер бойынша, осы Заңда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына арналып ескерiлген өкiлеттiктердi қоспағанда, жедел және атқарушы-өкiмшi шешiмдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi үшiн жауапты. 14-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды. Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды. ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672; 27.01.96 ж. N 2830Заң күшi бар жарлықтарымен;ҚР 07.12.96 ж. N 50-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 29.06.98 ж. N 236-1;16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 03.05.01 ж. N 182-II Заңдарымен 15-бап өзгертiлдi 15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы және оның өкiлеттiгi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ең жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының негiзгi функциялары: а) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын әзiрлеу; б) Қазақстан Ұлттық Банктiң банк қызметiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту; в) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құны мен дизайнын анықтау; г) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банктермен жасалатын операциялар бойынша қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгiлеу; д) банктердi ашуға рұқсат беру және оны қайтарып алу туралы шешiм қабылдау; е) ломбардтарға, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті ұйымдарға берілетін лицензияларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиялар беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу, банк заңдарында көзделген өзге де санкцияларды қолдану туралы шешімдер қабылдау; е-1) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашу шарттарын белгiлеуге; е-2) банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкi берген кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдау шарттарын анықтауға; е-3) банктің және (немесе) банк холдингінің ірі қатысушысының акцияларын Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімгерлікпен басқаруына беру туралы, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімімен банктер кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында және капитал мөлшері теріс екінші деңгейдегі банктердің акцияларын жаңа инвесторларға кейін міндетті түрде тез арада өткізу шарттарымен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешімдер қабылдауға; ж) банктерге резервтiк талаптардың нормативiн бекiту; з) алтын-валюта активтерiн басқаруды негiзгi принциптерiн белгiлеу; и) Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртiбiн бекiту; к) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентінiң бекiтуiне ұсыну; к-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |