|
|
|
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (2001 жылғы 12 маусым N 209-II) (ҚР 21.03.02 ж. N 310-II; 21.03.02 ж. N 312-II; 23.11.02 ж. N 358-II; 08.01.03 ж. N 375-II; 13.03.03 ж. N 394-II; 16.05.03 ж. N 416-II; 04.07.03 ж. N 475-II; 10.07.03 ж. N 483-II; 29.11.03 ж. N 500-II; 29.12.03 ж. N 512-II; 18.03.04 ж. N 537-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 5 шілдеде, 2004 ж. 22 қазанда, 2004 ж. 13 желтоқсанда; 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара Осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы ҚР 2001 жылғы 12 маусымдағы N 210-ІІ Заңын қара 1. Жалпы бөлім (1 - 58 баптар) 1-бөлім. Жалпы ережелер (1 - 23 баптар) 1-тарау. Негізгі ережелер (1 - 10 баптар) 2-тарау. Салық төлеушінің және салық агентінің құқықтары мен міндеттері. (11 - 14 баптар) Салық қатынастарындағы өкілдік 3-тарау. Салық қызметі органдары. Кеден органдары. Салық қызметі (15 - 23 баптар) органдарының басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы 2-бөлім. Салық міндеттемесі (24 - 58 баптар) 4-тарау. Жалпы ережелер (24 - 28 баптар) 5-тарау. Салық міндеттемесін орындау (29 - 38 баптар) 6-тарау. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу (39 - 40 баптар) кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару 7-тарау. Салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау (41 - 44 баптар) мерзімдерінің өзгертілуі 8-тарау. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз (45 - 48 баптар) ету тәсілдері 9-тарау. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары (49 - 56 баптар) 10-тарау. Салық міндеттемесін тоқтатудың негіздері (57 - 58 баптар) 2. Ерекше бөлім (59 - 516 баптар) 3-бөлім. Жалпы ережелер (59 - 76 баптар) 11-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (59 - 64 баптар) түрлері 12-тарау. Салық есебінің ережелері және салық есептілігі (65 - 72 баптар) 13-тарау. Операциялардың жекелеген түрлерінің салық есебінің ерекшеліктері (73 - 76 баптар) § 1. Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі салық салу ерекшеліктері (73 - бап) § 2. Басқа жағдайларда салық салу ерекшеліктері (74 - 76 баптар) 4-бөлім. Корпорациялық табыс салығы (77 - 137 баптар) 14-тарау. Жалпы ережелер (77 - 78 баптар) 15-тарау. Салық салынатын табыс (79 - 114 баптар) § 1. Жылдық жиынтық табыс (80 - 91 баптар) § 2. Шегерімдер (92 - 104 баптар) § 3. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер (105 - 113 баптар) § 4. Ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша табыстар мен шегерімдер (114 - бап) 16-тарау. Салық төлеушілердің кейбір санаттарына салық салу жөніндегі (115 - 121 баптар) жекелеген ережелер § 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына салық салу (115 - 119 баптар) § 2. Басқа санаттардағы салық төлеушілерге салық салу (120 - 121 баптар) 17-тарау. Салық салынатын табысты түзету (122 - бап) 18-тарау. Залалдар (123 - 124 баптар) 19-тарау. Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару тәртібі мен оны (125 - 130 баптар) төлеу мерзімдері 20-тарау. Төлем көзінен ұсталатын салық (131 - 134 баптар) 21-тарау. Салық ставкалары (135 - бап) 22-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы (136 - 137 баптар) 5-бөлім. Инвестициялық салық преференциялары (138 - 140 баптар) 5-1-бөлiм. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарына (140-1 - 140-6 баптар) салық салу ерекшелiктерi 22-1 тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында (140-1 - 140-3 баптар) қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу 22-2-тарау. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық (140-4 - 140-6 баптар) 6-бөлім. Жеке табыс салығы (141 - 174 баптар) 23-тарау. Жалпы ережелер (141 - 145 баптар) 24-тарау. Төлем көзінен салық салынатын табыстар (146 - 162 баптар) § 1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысы (149 - 153 баптар) § 2. Төлем көзінен салық салынатын біржолғы төлемдерден (154 - 155 баптар) түскен табыс § 3. Төлем көзінен салық салынатын жинақтаушы зейнетақы қорларынан (156 - 157 баптар) төленетін зейнетақы төлемдері § 4. Төлем көзінен салық салынатын дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар (158 - бап) түріндегі табыс § 5. Стипендиялар (159 - 160 баптар) § 6. Төлем көзінен салық салынатын, жинақтаушы сақтандыру шарттары (161 - 162 баптар) бойынша табыс 25-тарау. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар (163 - 170 баптар) § 1. Мүліктік табыс (166 - бап) § 2. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы (167 - 168 баптар) § 3. Жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы (169 - бап) § 4. Басқа табыстар (170 - бап) 26-тарау. Жеке табыс салығы бойынша декларация (171 - 174 баптар) 7-бөлім. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері (175 - 204 баптар) 27-тарау. Жалпы ережелер (175 - 178 баптар) 28-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметін (179 - 183 баптар) жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі 29-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге (184 - 186 баптар) асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі 30-тарау. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі (187 - 192 баптар) 31-тарау. Халықаралық шарттар бойынша арнаулы ережелер (193 - 204 баптар) 8-бөлім. Қосылған құн салығы (205 - 254 баптар) 32-тарау. Жалпы ережелер (205 - 207 баптар) 33-тарау. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою (208 - 210 баптар) 34-тарау. Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт (211 - 216 баптар) 35-тарау. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін (217 - 221 баптар) анықтау 36-тарау. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар (222 - 224 баптар) 37-тарау. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт (225 - 234 баптар) 38-тарау. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу (235 - 241 баптар) 39-тарау. Шот-фактура (242 - 243 баптар) 40-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі (244 - 250 баптар) 41-тарау. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара қатынас (251 - 254 баптар) 9-бөлім. Акциздер (255 - 278 баптар) 42-тарау. Жалпы ережелер (255 - 258 баптар) 43-тарау. Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін (259 - 275 баптар) тауарларға және акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу 44-тарау. Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу (276 - 278 баптар) 10-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу (279 - 314 баптар) 45-тарау. Жалпы ережелер (279 - 286 баптар) 46-тарау. Бонустар (287 - 294 баптар) § 1. Қол қойылатын бонус (288 - 290 баптар) § 2. Коммерциялық табу бонусы (291 - 294 баптар) 47-тарау. Роялти (295 - 304 баптар) 47-1-тарау. Экспортталатын шикi мұнайға салынатын рента салығы (304-1 - 304-7 баптар) 48-тарау. Үстеме пайда салығы (305 - 311 баптар) 49-тарау. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi (312 - 314 баптар) 11-бөлім. Әлеуметтік салық (315 - 322 баптар) 50-тарау. Жалпы ережелер (315 - 317 баптар) 51-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі (318 - 321 баптар) 52-тарау. Салық декларациясы (322 - бап) 12-бөлім. Жер салығы (323 - 344 баптар) 53-тарау. Жалпы ережелер (323 - 328 баптар) 54-тарау. Салық ставкалары (329 - 338 баптар) § 1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық (329 - 331 баптар) ставкалары § 2. Елді мекендердің жерлеріне салынатын салық ставкалары (332 - 333 баптар) § 3. Өнеркәсіп жеріне салынатын салық ставкалары (334 - 335 баптар) § 4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының (336 - бап) жерлеріне салынатын салық ставкалары § 5. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар (337 - бап) орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары § 6. Салық ставкаларын түзету (338 - бап) 55-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері (339 - 342 баптар) 56-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы (343 - 344 баптар) 13-бөлім. Көлік құралдары салығы (345 - 350 баптар) 57-тарау. Жалпы ережелер (345 - 346 баптар) 58-тарау. Салық ставкалары (347 - бап) 59-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері (348 - бап) 60-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы (349 - 350 баптар) 14-бөлім. Мүлік салығы (351 - 367 баптар) 61-тарау. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы (351 - 360 баптар) 62-тарау. Жеке тұлғалардың мүлік салығы (361 - 367 баптар) 15-бөлім. Арнаулы салық режимдері (368 - 397 баптар) 63-тарау. Жалпы Ережелер (368 - 369 баптар) 64-тарау. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі (370 - 377 баптар) § 1. Жалпы ережелер (370 - 371 баптар) § 2. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі (372 - 373 баптар) § 3. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі (374 - 375 баптар) § 4. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі (376 - 377 баптар) 65-тарау. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі (378 - 384 баптар) 66-тарау. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға (385 - 390 баптар) арналған арнаулы салық режимі 67-тарау. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы (391 - 397 баптар) салық режимі 16-бөлім. Басқа да міндетті төлемдер (398 - 516 баптар) 68-тарау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым (398 - 400 баптар) 69-тарау. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым (401 - 403 баптар) 70-тарау. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды (404 - 406 баптар) мемлекеттік тіркегені үшін алым 71-тарау. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды (407 - 409 баптар) мемлекеттік тіркегені үшін алым 72-тарау. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік (410 - 412 баптар) тіркегені үшін алым 73-тарау. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік (413 - 415 баптар) тіркегені үшін алым 74-тарау. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым (416 - 418 баптар) 75-тарау. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым (419 - 422 баптар) 76-тарау. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша (423 - 425 баптар) жүргені үшін алым 77-тарау. Аукциондардан алынатын алым (426 - 431 баптар) 78-тарау. Елтаңбалық алым (432 - 437 баптар) 79-тарау. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық (438 - 440 баптар) алым 80-тарау. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік (441 - 444 баптар) спектрін пайдалануға рұқсат бергені Yшін алым 81-тарау. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (445 - 450 баптар) 82-тарау. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы (451 - 458 баптар) 83-тарау. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы (459 - 465 баптар) 84-тарау. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы (466 - 469 баптар) 85-тарау. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы (470 - 474 баптар) 86-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (475 - 478 баптар) 87-тарау. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы (479 - 484 баптар) 88-тарау. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы (485 - 488 баптар) 89-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы (489 - 492 баптар) 90-тарау. Мемлекеттік баж (493 - 514 баптар) § 1. Мемлекеттік баж (493 - 508 баптар) § 2. Консулдық алым (509 - 514 баптар) 91-тарау. Кеден төлемдері (515 - 516 баптар) 3. Салық әкімшілігін жүргізу (517 - 568 баптар) 17-бөлім. Жалпы ережелер (517 - 551 баптар) 92-тарау. Негізгі ережелер (517 - 519 баптар) 93-тарау. Салық төлеушілерді тіркеу (520 - 532 баптар) 94-тарау. Салық тексерулері (533 - 535 баптар) 95-тарау. Салық тексерулерін жүргізу тәртібі (536 - 541 баптар) 96-тарау. Камералдық бақылау (542 - 543 баптар) 97-тарау. Мониторинг (544 - 545 баптар) 98-тарау. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану (546 - 548 баптар) 99-тарау. Акцизделетін тауарларға, мемлекеттің меншігіне айналдырылған (549 - 551 баптар) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртібін сақтауға бақылау жасау, уәкілетті органдарға бақылау жасау 18-бөлім. Салық тексеруі нәтижелеріне және салық қызметі органдары (552 - 568 баптар) лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау 100-тарау. Салық тексеруі нәтижелеріне шағым жасау тәртібі (552 - 565 баптар) 101-тарау. Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (566 - 568 баптар) (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 1. Жалпы бөлім 1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер 1-бап. Осы Кодекспен реттелетiн қатынастар Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөніндегі билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейдi. 2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңдары 1. Қазақстан Республикасының салық заңдары осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі осы Кодексте көзделмеген мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес. 3. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер осы Кодексте белгiленген тәртiпте және жағдайларда белгіленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды. 4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерiнiң арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында осы Кодекстiң нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтiн нормаларды салықтық емес заңдарға енгiзуге тыйым салынады. 5. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Салық заңдарының қолданылуы 1. Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiне қолданылады. 2. Осы Кодекске жаңа салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер белгiлеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізiлуi мүмкін. 4-бап. Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері 1. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді. 2. Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс. 5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. 6-бап. Салық салудың айқындығы принципі Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді. 7-бап. Салық салудың әдiлдiгi принципi 1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады. 2. Жеке сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады. 8-бап. Салық жүйесiнiң бiртұтастығы принципi Қазақстан Республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге қатысты бiртұтас болып табылады. 9-бап. Салық заңдарының жариялылығы принципi Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға тиiс. ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар 1. Салық салу мақсатында осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар: 1) қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында, коммерциялық ұйымдарға, сондай-ақ қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға олардың жарғылық қызметiн қолдау мақсатында өтеусiз негiзде берiлетiн мүлiк; 2) сыйақы - кредиттер үшiн; қаржы лизингi бойынша Қазақстан Республикасының қаржы лизингінің мәселелерін реттейтін заң актілеріне сәйкес сыйақы түрінде берiлген (алынған) мүлiк үшiн; салымдар (депозиттер) бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер - дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып); 3) ұтыстар - конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушiлер алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез келген түрлерi; 4) грант - мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн, мемлекеттiк органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбеге енгiзiлген шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға; шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусiз негiзде беретiн мүлiк; 5) iзгілік көмек - халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, өзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына өтеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бөлетiн мүлiк; 6) дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиiстi табыс; заңды тұлға өз қатысушылары, құрылтайшылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар; 7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе оларды сатып алу (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма; 8) борыштық бағалы қағаздар - заем қатынастарын куәландыратын қаржы құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттiк бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады; 9) қатысу үлесi - жеке және заңды тұлғалардың бiрлесiп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлiк қоғамдарды қоспағанда, мүлкiмен қатысу үлесi; 10) басқа да мiндеттi төлемдер - бюджетке белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер); 11) жеке кәсiпкер - заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға; 11-1) инжинирингтiк қызметтер көрсету - инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн даярлау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнімдердi сату саласындағы ұсынымдарды әзiрлеу; 12) алып тасталды 13) бағамдық айырма (оң, терiс) - шетелдiк валютамен жасалатын операциялар бойынша туындайтын айырма; 14) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - эмитенттiң шығарылым шарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнынан тыс төлейтiн (төлеуге тиiс) сомасы; 15) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шетелдiк заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым осы Кодекстiң мақсаттары үшiн олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесiне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде қарастырылады; 16) есептеу әдiсi - салық есебiнің әдiсi, оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды өткiзу және мүлікті кірiске алу мақсатымен тиеп жiберу кезiнен бастап есептеледi; 17) салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер; 18) салық берешегi - бересi сомасы, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары; 19) салық төлеушi - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын тұлға; 20) салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет жүктелген жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға; 21) салық режимi - осы Кодексте белгiленген салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы; 22) бересi - есептелген және мерзiмiнде төленбеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары; 22-1) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 23) алып тасталды 24) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алу (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма; 25) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активiне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздарға опциондар, своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарийлiк қолхаттар, варранттар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады. Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта және қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкiн; 25-1) қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек (ұжымдық) шарты бойынша тiкелей жұмыс атқаратын жеке адам; мемлекеттiк қызметшiлердi қоспағанда, акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң мүшесi; 26) өткiзу - сату, айырбастау, өтеусiз беру мақсатында тауарларды тиеп жiберу, жұмыстарды орындау және қызметтер ұсыну, сондай-ақ кепiлге берiлген тауарларды кепiл ұстаушыға беру; 27) роялти - мыналар үшiн: пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |