Қазақстан Республикасы Президентінің (2019.18.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік билiк органдары жүйесiнде бiрыңғай әрi тиiмдi кадр саясатын жүргiзу, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік мiндеттердi жүзеге асыру үшін жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін: ҚР Президентінің 2009.27.07. № 852 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын немесе оның келiсуiмен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың лауазымдар тiзбесi; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерi мен өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ереже бекітілсін. 1-1. ҚР Президентінің 2007.13.11. № 436 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 1) «Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы № 132 Жарлығының; 2) «Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметкe келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 87 өкімінiң күшi жойылған деп танылсын. 2-1. ҚР Президентінің 2011.17.06. № 101 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Астана, Ақорда, 2002 жылғы наурыздың 29-ы.
№ 828
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|