Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі (2006.03.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегi Жарлығын, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестіру кеңесi) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Үйлестіру кеңесiнiң құрамы; 2) Үйлестiру кеңесi туралы ереже бекітілсiн. 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесiнiң құрамы Досаев - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Ерболат Асқарбекұлы министрi, төраға Ақанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Айқан Ақанұлы бiрiншi вице-министрi, төрағаның орынбасары Байсеркин - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Бауыржан Сәтжанұлы министрлігі Емдеу-алдын алу жұмысы департаментінің директоры, хатшы; Амангелдиев - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Ардақ Амангелдіұлы вице-министрі;
Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Анатолий министрлігі Мемлекеттік санитарлық- Александрович эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы; Дүйсекеев - Қазақстан Республикасының Парламентi Амангелдi Мәжілісінiң депутаты (келісім бойынша) Дүйсекейұлы Тұтқышев - Қазақстан Республикасының Парламентi Бексұлтан Сенатының депутаты (келісім бойынша) Серiкпайұлы Досжан - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ардақ Дүкенбайұлы Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі; Өскембаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице- Қажымұрат Бейiсұлы министрi
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ержан Жалбақұлы ақпарат вице-министрі;
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия және Асқар Болатұлы сауда вице-министрі;
Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Еңбек және Тамара Босымбекқызы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Пак Лариса - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Юн-Бойевна министрлігі Фармация комитетiнiң төрайымы Сағалбаев - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ерғалы Төлендіұлы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы;
Сүлейменов - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны Нәсіполла Зейнолұлы қорғау министрлігі Табиғат қорғауды бақылау комитетінің төрағасы;
Жүндібаев - Қазақстан Республикасы Энергетика және Валерий Ермекбайұлы минералдық ресурстар министрлігі Ұйымдастыру жұмысы, жиынтық талдау және бақылау департаментінің директоры;
Испусинова - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Светлана Багитовна министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры;
Қожамұратов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Асылбек Әубәкірұлы министрлігі Ветеринария департаментінің директоры;
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасы Экономика және Аида Дәденқызы бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау департаментінің директоры;
Тәшібаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Мұрат Сетжанұлы министрлігі Халықаралық ұйымдар және көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры;
Нұрсұлтанов - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер Бас Серік Қабдешұлы әскери-медициналық қамтамасыз ету басқармасының бастығы;
Біртанов - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Елжан Амантайұлы министрлігі "Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры; Бутина - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Мереке Сағымбайқызы қызметкерлерi кәсiподағының төрайымы (келісім бойынша) Садықова - Қазақстан дәрiгерлерi мен провизорлары Айжан Бегайдарқызы қауымдастығының президентi (келісім бойынша) Сиврюкова - Қазақстанның ?кіметтiк емес ұйымдары Валентина Андреевна конфедерациясының президентi (келісім бойынша) Исманқұлова - Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы Гүлнәр бюросының Қазақстан Республикасындағы Сатыбалдықызы үйлестiру және байланыс жөніндегі басшысы (келісім бойынша) Шарман Алмаз - Қазақстандағы ЮСАИД бағдарламасының үйлестiрушiсi (келісім бойынша) Зуев Александр - Қазақстандағы ЮНИСЭФ өкiлi (келісім бойынша) Әлжанова Аида - БҰҰ (ЮНФПА) тұрғын халықтар қорының атқарушы өкiлi (келісім бойынша) Пейванд Халегиан - Дүниежүзiлiк Даму Банкінің (ДДБ) Қазақстандағы денсаулық сақтау мәселелерi жөніндегі тобының басшысы (келісім бойынша) Шәйкенова - Азия Даму Банкінің (АДБ) жобаларды Анар Блокқызы іске асыру жөніндегі маманы; Локшин - Фармацевтикалық өнiмдерді импорттау Вячеслав Натанович қауымдастығының президентi (келісім бойынша) Юрико Шоджи - Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының тұрақты өкілі; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi туралы ереже ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен ереженің мәтіндегі «Бағдарламалар», «Бағдарламаларда», «Бағдарламалардың» деген сөздер тиісінше «Бағдарлама», «Бағдарламада», «Бағдарламаның» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн, функцияларын, қызметiнiң құқықтық және ұйымдастыру негiздерiн белгiлейдi. 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегi Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен (бұдан әрі - Бағдарлама) көзделген азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі iс-шараларды өткізуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. 2. Үйлестiру кеңесі Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады. 3. Үйлестiру кеңесiнiң құрамына құзыретiне заңнамаға сәйкес Үйлестiру кеңесiне жүктелген мiндеттердi шешу енетiн министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың өкiлдерi, сондай-ақ олардың келісімi бойынша үкiметтiк емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi кiредi. 4. Үйлестiру кеңесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2. Yйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттері мен функциялары 5. Мыналар: 1) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету; 2) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру; 3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру және Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі iс-шараларды өткізу мақсатында халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі негiзгi бағыттарды белгiлеу жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi болып табылады. 6. Мыналар Үйлестіру кеңесiнiң негiзгi функциялары болып табылады: 1) Бағдарламаның iс-шараларын орындау жөніндегі iстердiң жай-күйiн талдау; 2) мынадай: азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру; азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерiн жетiлдiру; денсаулық сақтау мәселелерi бойынша салааралық ынтымақтастықты және реформалар мониторингiн үйлестiрудi күшейту; 3) денсаулық сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік, салалық, (секторалдық) өңiрлiк бағдарламаның iске асырылуын талдау; 4) азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың халықаралық, қоғамдық және басқа да ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығы саласындағы жәрдемдесу; 5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі, оның iшiнде АҚТҚ/ЖҚТБ-мен, туберкулезбен, диабетпен, жүрек-қан тамыры ауруларымен сырқаттанудың және басқа да әлеуметтiк мәнi бар және айналадағылар үшiн қауiп төндiретін аурулардың алдын алу мен төмендету жөніндегі iс-шараларды орындау мәселелерiн қарау. 3. Yйлестiру кеңесiнiң құқықтары 7. Үйлестiру кеңесi жүктелген мiндеттердi iске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында: 1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуға; 2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; 3) Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарына мiндеттердi iске асыруға байланысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға; 4) өзiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және ұсыныстар енгізуге; 5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуы жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 6) азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар. 4. Yйлестіру кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 8. Үйлестiру кеңесiн оның қызметiне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi басқарады, ол отырыстарына төрағалық жасайды, жұмысын жоспарлайды және Үйлестіру кеңесінің шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Үйлестіру кеңесі жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Yйлестіру кеңесі әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде, оның функцияларын орынбасары атқарады. 9. Үйлестiру кеңесiнiң хатшысы оны өткізу үшiн отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және хаттаманы ресiмдейдi. ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 10. Үйлестiру кеңесiнiң отырыстары тоқсанына кемiнде бір рет өткiзiледi. ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 11. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерi міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамалармен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. 12. Шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының басым бөлiгі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. 13. Үйлестiру кеңесiнiң отырысын өткізуге қажетті материалдар дайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы болып табылады, бұл ретте барлық қажетті материалдарды отырысқа дейін кемінде 3 күн қалғанда Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерiне жiбередi. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесi 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі Үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысы. 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 ақпандағы № 166 қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 12 шiлдедегi № 952 қаулысы. 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 3 сәуірдегi № 397 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 10, 98-құжат). 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру жөніндегі Үйлестiру кеңесiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 10 қазандағы № 1045 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 41, 434-құжат). 6. "Жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгiсiнiң және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі Үйлестiру кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегi № 922 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 33, 442-құжат). |