Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi (2014.21.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мүлкiн жедел басқару құқығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне берсiн. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1732 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2009.09.09. № 1328 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.29.10. № 1136 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.16.03. № 338 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 814 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.02.11. № 1396 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 944 бірлік санында бекітілсін. ҚР Үкіметінің 19.11.02 ж. № 1221 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегі агенттігін және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен берілетін штат санының шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 5. ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2009.09.09. № 1328 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де қажеттi шараларды қабылдасын. 8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегi № 993 қаулысымен бекітiлген
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi (бұдан әрi Кеңсе) мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган болып табылады. 2. Кеңсе өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1732 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Кеңсе мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары, оның ішінде валюталық шоттары болады. Кеңсе азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер Кеңсеге заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1732 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Кеңсе өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Кеңсе Басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Кеңсенің басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды. ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1732 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Кеңсенің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. ҚР Үкіметінің 2009.14.03. № 320 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Кеңсенің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 6, «Үкімет үйі». 7. Толық атауы: «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi» мемлекеттік мекемесi. 8. Кеңсенің құрылтайшысы мемлекет болып табылады. Кеңсе туралы ереже оның құрылтай құжаты болып табылады. ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1732 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Кеңсенің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Кеңсеге кәсіпкерлік субъектілерімен Кеңсенің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Кеңсеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне аударылады.
ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1732 Қаулысымен 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Кеңсенің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1732 Қаулысымен 10-тармақпен толықтырылды 10. Кеңсенің миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру. 10-1. Кеңсенiң негізгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкіметінің қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру және мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру; 3) мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi құқықтық, әкiмшiлiк, техникалық және өзге де шараларды әзiрлеу, олардың iске асырылуын және сақталуын бақылау; 4) мемлекеттік органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiн, оның iшiнде ақпараттық дерекқор құpy жөніндегі жұмыстарды үйлестiру; 5) Үкімет пен Премьер-Министрдің кесiмдерiн дайындау және атқару процесінде мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiру; 6) Мемлекет басшысының кесiмдерi мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр шешiмдерiнің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiн бақылау; 7) Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшiн олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде оның нәтижелерi бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын Үкiмет пен Премьер-Министрдің шешiмдерi жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектiлерiне сараптама жүргізу. 11. Кеңсе заңнамаға сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) Премьер-Министр мен Үкiмет басшылығын ақпараттық-талдамалық, құқықтық, ұйымдық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету; 2) өз құзыретінің шегiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентiнiң сақталуын қамтамасыз ету; 3) Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрiнің мүдделерін соттарда бiлдiру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау, сондай-ақ мемлекеттік органдар дайындаған, Қазақстан Республикасының Yкіметiне ұсынылатын талап-арыздық өтiніштер мен талаптарға пiкiрлердің жобаларына сараптама жүргiзу; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің iс қағаздарын, оның ішінде құпия, арнайы байланыс іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргiзу, хат-хабарларды өңдеу, нормативтiк құқықтық кесімдердің талаптарына сәйкес Кеңседе құпиялылық режимiн, өткізу және объектiшiлiк режимдi қамтамасыз ету; 5) мемлекеттік тiлде іс жүргiзудi кезең-кезеңімен енгізу; 6) Үкiмет мүшелерінің, агенттiктер мен акционерлік қоғамдар (ұлттық компаниялар) басшыларының ұсыныстары бойынша Үкiмет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелерi тоқсан сайынғы тiзбесiн дайындауды ұйымдастыру; 7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістеріне күн тәртібін жасау, материалдар дайындау, Қазақстан Республикасының Үкіметі мәжілістерінің материалдарын, хаттамаларын ресiмдеу және жөнелту; 8) Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсенің басшылығында кеңестер өткізудi ұйымдастыру, кеңестердің материалдарын, хаттамаларын ресiмдеу және жөнелту; 9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі енгiзетiн заңдардың және Қазақстан Республикасының Президенті кесiмдерінің жобалары бойынша, сондай-ақ Үкiмет, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсенің Басшысы қабылдайтын шешiмдердің жобалары бойынша қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілерге сараптама жасау, сараптаманың нәтижелерi бойынша қорытындылар (анықтамалар) дайындау; 10) Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмалары бойынша Үкiметтің қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерінің жобаларын дайындау; 11) Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкiмдерiн шығару, оларды жөнелту және сақтау; 12) сараптама жасау барысында келiспеушiлiк туындаған және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiне сәйкес оларды жою жөнiнде тапсырма берiлген жағдайларда Үкiмет қаулыларының жобаларын жетiлдiру; 13) Үкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерінің жобаларын жедел жетілдiру және қол қоюға дайындау мақсатында оларға мемлекеттік органдардың вице-министрлерден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыру арқылы Премьер-Министрдің орынбасарларында, Кеңсенің Басшысында және оның орынбасарларында хаттамалық кеңестер өткізудi ұйымдастыру; 14) Мемлекет басшысының кесiмдерi мен тапсырмаларының, Үкiмет кесімдерінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, Үкiмет мәжілістерінің хаттамалық шешiмдерінің орындалуын бақылау, осы мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдi хабардар ету; 15) мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiру және тиiстi жылға арналған Үкiметтің іс-қимыл бағдарламасы бойынша iс-шаралардың және Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуы жөнiнде Премьер-Министрді хабардар ету; 16) Үкiметтің іс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы туралы Үкiметтiң Қазақстан Республикасының Президентiне тоқсан сайынғы баяндамасын дайындауға қатысу; 17) Мемлекет басшысының кесімдері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Президентiне және оның Әкiмшiлiгiне ақпарат дайындауды ұйымдастыру; 18) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрінің Парламентпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 19) Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіне қаралатын мәселелер бойынша ресми ұстанымын Парламент депутаттарының назарына жеткізу; 20) Премьер-Министрді Үкiмет мүшелерінің атына түскен депутаттық сұрау салулармен жұмыс туралы хабардар ету; 21) Премьер-Министр мен оның орынбасарлары үшiн тұтастай алғанда және аймақтар бойынша Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық жағдайы мен дамуын сипаттайтын материалдарды, сондай-ақ Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша өзге де ақпаратты дайындау; 22) Премьер-Министрдің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз ету; 23) мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің қатысуы; 24) Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының халықаралық кездесулерін, келiссөздерi мен әңгімелесулерiн ұйымдастыруды, сондай-ақ олардың халықаралық iс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету; 25) шетел мемлекеттерiмен ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық комиссиялардың мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiру және бақылау, халықаралық шарттарды, келісімдердi және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды дайындау және iске асыру жөніндегі жұмысқа қатысу; 26) Үкімет басшылығын хабардар ете отырып, мемлекеттік органдардың халықаралық шарттар мен келiсімдердi күшіне енгізу жөніндегi мемлекетiшiлік рәсімдердi уақытылы орындауын ұйымдастыруға қатысу; 27) Премьер-Министр үшiн дипломатиялық қатынастар ұстайтын шет елдердегi саяси және экономикалық ахуал туралы, шет елдермен ынтымақтастық жөніндегi үкiметаралық комиссиялардың жұмысы туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық жөнінде өзге де ақпарат дайындауды қамтамасыз ету; 28) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, жүйелеу және кодификациялау; 29) мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимi және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестiру. Мемлекеттік құпияларды және мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қорғау жүйесiн дамыту мен жетiлдiру; 30) мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшiлік, техникалық және өзге де шараларды әзiрлеу, олардың Қазақстан Республикасының аумағында iске асырылуын және сақталуын бақылау; 31) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi» республикалық мемлекеттік мекемесiне, «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мемлекеттік мекемесiне қатысты уәкілеттi органның; 32) ҚР Үкіметінiң 2005.27.05. № 522 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 33) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы бiрыңғай жүйесiн құру жөніндегі жұмысты үйлестіру; 34) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Премьер-Министр Кеңсесiнің Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе оның келісімi бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшiлер лауазымдарының және өзге де басшы лауазымды тұлғаларының тiзбесiне кiретiн кадрлармен жұмыстар жүргiзуге қатысу; 35) Кеңсе кадрларының оқуын ұйымдастыру; 36) Премьер-Министрдiң және Үкiмет мәжілістерінің, қажет болған жағдайларда Үкiметтің жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың қызметiн құжаттамалық қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету; 37) Кеңседе азаматтар қабылдаудың тоқсан сайынғы кестесiн дайындау және ұйымдастыру; 38) азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiштерiн қарау; 39) оған заңнамамен жүктелген өзге де функциялар. 12. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Кеңсе өз құзыретінің шегiнде мыналарға құқылы: 1) Қазақстан Республикасының Парламентiнде және оның палаталарында Yкіметтің мүддесiн бiлдiруге; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың қарамағындағы кез келген, оның iшінде құпия ақпараттық деректер банкiн пайдалануға; 3) Кеңсенiң қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен арнайы байланыс пен деректер беру жүйесiн пайдалана отырып, қызметтiк, оның ішінде құпия хат алмасуға; 4) мемлекеттік органдар дайындаған заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi кесiмдерінің, Yкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобалары бойынша сараптаманы және қорытындылар дайындауды жүзеге асыруға; 5) Премьер-Министрдiң және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерінің жобаларын дайындауға; 6) заңнамада белгiленген жағдайларда Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерінің жобаларын оларды әзiрлеушiлерге қайтаруға; 7) мүдделi мемлекеттік органдармен бiрге нормативтiк құқықтық кесiмдердің жобаларын келiсудің бар-жоғын бақылауға және ол болмаған жағдайда тиiстi жобаларды келiсу үшiн қайтаруға не олар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiне сәйкес дауыс беру рәсiмiн өткізуге; 8) Үкімет шешiмдерiн талап етпейтiн мәселелер жөніндегі хат-хабарларды тиiстi министрлiктерге, агенттiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға жолдауға және қайтаруға; 9) мемлекет органдардың Мемлекет басшысы, Yкімет және Премьер-Министр кесiмдерінің жобалары жөніндегі, сондай-ақ қабылданған нормативтiк құқықтық кесімдердің орындалуы мәселелерi жөніндегi келiспеушiлiктерiн қарау бойынша кеңестер шақыруға; 10) Кеңсенің нормативтiк құқықтық кесiмдердің жобалары бойынша ескертулерiн жою мақсатында кеңестер өткізiлген жағдайларда, оларға мемлекеттік органдардың вице-министрлерден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыруға; 11) әзiрлеушi сараптама жүргiзу барысында айтылған ескертулердi жоюға келiскен жағдайда мемлекеттік органдармен - нормативтiк құқықтық кесімдердің жобаларын әзiрлеушiлермен бiрлесiп жұмыс тәртібімен Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын жетiлдiруге; 12) Президенттің, Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының кесiмдерi мен тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргiзудi ұйымдастыру мен оған қатысуға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; 13) мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргiзу талаптарының орындалуы бойынша тексерулер, оның iшiнде құпиялылық режимiн қамтамасыз ету және құпия iс жүргiзілуін, сондай-ақ қорғаныс құралдарын және қорғалған баспа-бланк өнiмдерiн пайдалану жағдайын кешендi, тақырыптық және бақылау тексерулерiн жүргiзуге; 14) Үкiметтің немесе оның басшылығының атына келiп түскен депутаттық сауалдарға жауап берудiң мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыруға; 15) Үкiметтің, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар және өзге де мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілiгi туралы ұсыныстар енгізуге; 16) мемлекеттік органдар алқаларының мәжілістерiне қатысуға; 17) қаралатын мәселелер бойынша түсiндiруi үшiн мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын шақыруға; 18) отандық және шетелдiк ұйымдарға елдің экономикасын реформалау мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу тақырыптары мен ақпараттық-талдау сипатындағы жұмыстарды әзiрлеуге осы мақсаттарға көзделген қаржы қаражатының шегінде тапсырыстар беруге; 19) отандық және шетелдiк сарапшылар мен консультанттардың Қазақстан Республикасы Yкіметінің қызметiне қатысты мәселелер бойынша қызметтер көрсетуiн белгiленген тәртіппен пайдалануға; 20) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар, оның ішінде мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн құқықтық реттеу жөнiнде тиiстi шешiмдердiң жобаларын енгізуге; 21) өз құзыретінің шегiнде мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi болатын нормативтік құқықтық кесімдер, әдiстемелік және өзге де құжаттар әзiрлеуге, бекітуге және шығаруға; 22) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсiздіктi қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң талаптарын сақтау мәселелерi бойынша тексерулер жүргізуге және қажеттілігiне қарай Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне тексерулерде мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша белгiленген нормалар мен талаптарды өрескел бұзу фактілері анықталған мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпия сипаттағы жұмыстарды тоқтата тұру туралы ұсыныстар жолдауға; 23) мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер талаптарының орындалмағаны үшiн мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының жауапкершiлiгi туралы ұсыныстар енгізуге; 24) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға. 13. Кеңсенің жауапты қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың жұмысына, сондай-ақ тиiсiнше Үкiметтің және Премьер-Министрдiң шешiмдерi бойынша құрылатын комиссиялар мен жұмыс топтарына қатыса алады. 14. Кеңсенiң мемлекеттік органдардың қажеттi материалдар, мәліметтер беру жөніндегі, сондай-ақ Үкімет пен Премьер-Министр шешiмдерінің жобаларын жетiлдiру жөніндегі талаптары, егер Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмаларында басқа орындау мерзiмдерi көрсетiлмеген болса, заңнамада белгіленген мерзiмде орындалуға тиiс.
15. Кеңсенің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Кеңсенің мүлкi оған мемлекет берген мүлiктің есебiнен құралады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Кеңсесiнің теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады. 16. Кеңсеге бекiтіліп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 17. Кеңсенiң бекітіліп берiлген мүлiкті өз бетiнше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ. Кеңсеге мүлiкке билiк ету құқығы берiлген жағдайда, ол мүлде заңнамада белгiленген шекте билік етедi.
4. Кеңсенiң қызметiн ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 2007.26.12. № 1298 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді 18. Кеңсенi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кеңсенің Басшысы басқарады. Кеңсе Басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерімен Кеңсенің мынадай қызметкерлерi қызметтерге тағайындалады және қызметтерден босатылады: 1) Кеңсе Басшысының орынбасарлары; 2) Кеңсенің құрылымдық бөлiмшелерiнің басшылары; 3) Премьер-Министрдің көмекшiлерi мен кеңесшiлерi; 4) Кеңсенің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының орынбасарлары; 5) бас инспекторлары. Кеңсенің өзге қызметкерлерi Кеңсенің Басшысы заңнамаға сәйкес қызметтерге тағайындайды және қызметтен босатады. 19. Кеңсенің Басшысы Кеңсенiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Кеңсеге жүктелген мiндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi. 20. Осы мақсатта Кеңсенің Басшысы: 1) белгiленген штат санының лимитi шегiнде Кеңсенің құрылымы мен штат кестесiн, Кеңсенің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелерi бекiтедi, олардың өзара iс-қимылын үйлестiредi; 2) өз орынбасарларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 3) заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын адамдарды қоспағанда, Кеңсенің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) заңнамада белгiленген тәртiппен және өз құзыретінің шегiнде Кеңсенiң қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртіптiк жаза қолданады; 5) Кеңсенiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады; 6) Кеңсенiң мүдделерiн мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда бiлдiредi; 7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2009.21.10. № 1626 Қаулысымен мазмұн 8) тармақшамен толықтырылды 8) Премьер-Министрдің Кеңсесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1732 Қаулысымен 5-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Кеңсені қайта ұйымдастыру және тарату
21. Кеңсені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. |