|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының 2002 ж. 10 шілдедегі № 339-ІІ Заңы (2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары 3-бап. Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер 2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу 4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзыреті 6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi 7-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдары 8-бап. Уәкілетті органның құзыреті 9-бап. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері 10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті 11-бап. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар 12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау 12-3-бап. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызмет 13-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет 3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау 14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау 14-1-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі 15-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері 17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары 18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актiлерi 22-бап. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау 26-бап. Ветеринариялық іс-шаралар 26-1-бап. Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану 26-2-бап. Аумақты аймақтарға, компартментке бөлу және өңірлендіру 27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин 28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры 29-бап. Ветеринариялық нормативтер 31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау 32-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есептік нөмірлер беру 33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер 35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздері 36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 37-бап. Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша: «ветеринариялық қадағалау», «ветеринариялық қадағалауды», «ветеринариялық қадағалаудың», «ветеринариялық қадағалауға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылды «ветеринариялық инспекторлар», «ветеринариялық инспекторлары», «ветеринариялық инспекторларының», «ветеринариялық инспекторларымен», «ветеринариялық инспекторларын», «ветеринария инспекторларын», «ветеринариялық инспекторларды», «Ветеринариялық инспекторлардың», «ветеринариялық инспекторлардың», «ветеринариялық инспектор», «ветеринариялық инспектордың», «ветеринариялық инспекторының», «ветеринариялық инспекторда», «ветеринариялық инспекторы», «ветеринариялық инспекторын», «ветеринариялық инспекторларға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық инспекторлар», «ветеринариялық-санитариялық инспекторлары», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларының», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларын», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларды», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларды», «Ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың», «ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың», «ветеринариялық-санитариялық инспектор», «ветеринариялық-санитариялық инспектордың», «ветеринариялық-санитариялық инспекторының», «ветеринариялық-санитариялық инспекторда», «ветеринариялық-санитариялық инспекторы», «ветеринариялық-санитариялық инспекторын», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларға» деген сөздермен ауыстырылды «базарларда», «базарлардағы», «Базарларда», «Базарлардағы», «базардағы», «нарықтардағы», «нарыққа» деген сөздер тиісінше «ішкі сауда объектілерінде», «ішкі сауда объектілеріндегі», «Ішкі сауда объектілерінде», «Ішкі сауда объектілеріндегі», «ішкі сауда объектілеріндегі», «ішкі сауда объектісіне», деген сөздермен ауыстырылды «өнімдерге» деген сөз «өнімдер мен шикізатқа» сөздермен ауыстырылды «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жүктер», «басқа мемлекеттерден ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «базарларды, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүк» деген сөздер тиісінше «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «ішкі сауда объектілерін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті» деген сөздермен ауыстырылды «ветеринариялық бақылау», «ветеринариялық бақылауды», «ветеринариялық бақылауға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылды «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның», «Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен», «Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «Уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «Уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды», «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу мен қадағалау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан тиісінше «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін», «Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдық (селолық)», «ауыл (село), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдың, ауылдық», «ауылдық», «ауыл, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Кеден одағының» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақтың» деген сөздермен ауыстырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-1) аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдаймен сипатталатын, ауру ошағының маңайында оның белең алуына байланысты немесе осы аумақты жұқпалы аурулардың пайда болуынан қорғау үшін ұйымдастырылатын эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ; 2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - эпизоотия ошағы белгіленген аумақ; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор - диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi; 3-2) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі - жеке нөмірлер эмиссиясы) - ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша бөлу; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме - жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшiн пайдаланылатын сырғалар (iлiнетiн, радиожиiлiк таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған атрибуттар - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-6) тармақшамен толықтырылды 3-6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) белгiлеу жөнiндегi лазерлiк станция (бұдан әрi - лазерлiк станция) - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмiр түсіруді жүзеге асыратын ұйым; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) бақылау аймағы - буфер (қорғаныш) аймағы пен қолайлы аймақ арасында белгіленген аймақ; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) биологиялық қалдықтар - жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) буфер (қорғаныш) аймағы - жануарлар ауруын қоздырғыштың әкелінуіне жол бермеу мақсатында ветеринариялық іс-шаралар жүргізу арқылы қолайлы аймақта немесе мәртебесі белгіленбеген аймақта жануарлар субпопуляциясының зоосанитариялық мәртебесін қорғау үшін белгіленетін аймақ; 6) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы; 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) ветеринариялық бақылау бекеті - уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында, сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда орналасқан, қажетті жабдықпен және аспаптармен жарақтандырылған, өткізілетін (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және (немесе) өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің әкелінуі, транзиті туралы алдын ала ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшесі; 8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 9) ветеринариялық құжаттар - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат, ветеринариялық-санитариялық қорытынды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 408-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді 10) ветеринариялық паспорт - электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) ветеринариялық препараттар мыналар: жануарлар ауруларының профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге арналған, қаннан, қан плазмасынан, сондай-ақ жануарлардың ағзаларынан, өсімдіктерден, минералдардан синтез әдістерімен немесе биологиялық технологиялар қолданыла отырып алынған заттар; фармакологиялық белсенділігі бар, өсiмдiктерден, жануарлардан алынатын немесе синтетикалық заттар; жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар; жануарлардың өнімділігін арттыруға, дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға арналған заттар. Осы тармақшаның ережелері ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттарға қолданылады; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 12) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының айналысы - ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткiзу және тiркеу сынақтары (ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары), сәйкестiгiн растау, қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткiзу немесе қолдану; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттiк тiркеу - уәкiлеттi органның ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын олардың сараптамасының, байқаудан өткiзудiң және тiркеу сынақтарын жүргізудің нәтижелерi бойынша ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізбелеріне енгізуі және оларға белгiленген нысандағы тiркеу куәлiктерiн беруi; 14) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімі - уәкілетті орган шығаратын мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары - ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін айқындау; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу - ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын ветеринариялық практикада пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, олардың иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, олардың жануар организміне тигізетін әсерінің салдарлары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, оларды шектеулі зертханалық және (немесе) өндірістік жағдайларда сынақтан өткізу; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 16-1) ветеринариялық пункт - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органдары құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі; 17) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйі; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары3-бап. Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер 2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзыреті6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi7-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдары8-бап. Уәкілетті органның құзыреті9-бап. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті11-бап. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау12-1-бап. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны кері қайтарып алу)12-2-бап. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруден бас тарту, одан айыру (оны кері қайтарып алу), ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату12-3-бап. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызмет13-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет13-1-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар13-2-бап. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламалар 3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау14-1-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі15-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыреті17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актiлерi19-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тәуелсiздiгi20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау21-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау (орнын ауыстыру) кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау22-бап. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау23-бап. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөптік қоспалар айналысын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау 3-1-тарау. Адамдар үшін тағам ретінде қолданылмайтын жануарларға арналған ветеринариялық препараттарға, жемшөптерге және жемшөп қоспаларына қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары24-1-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және өлшеп орау кезіндегі қауіпсіздік талаптары24-2-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) кезіндегі қауіпсіздік талаптары24-3-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары24-4-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары24-5-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне орналастыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары24-6-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары 4-тарау. Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері Жеке және заңды тұлғалар:26-бап. Ветеринариялық іс-шаралар26-1-бап. Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану26-2-бап. Аумақты аймақтарға, компартментке бөлу және өңірлендіру27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры29-бап. Ветеринариялық нормативтер30-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді алып қою, жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау32-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есептік нөмірлер беру 5-тарау. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер34-бап. Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру34-1-бап. Әлеуметтік қолдау 6-тарау. Ветеринарияны қаржыландыру және қазақстан республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны yшін жауаптылық |