Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 4-бап. Жәрдемақылар алу құқығы 5-бап. Жәрдемақыларды тағайындауға өтініш жасау 6-бап. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің тәртібі 7-бап. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау мен төлеу 8-бап. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау мен төлеу 9-бап. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу 9-1-бап. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу 11-бап. Жәрдемақыларды төлеуді тоқтату 13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауыл, ауылдық», «ауылдың, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар түрiнде әлеуметтік қолдау көрсетуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар): бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берілетiн жәрдемақы); бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтімi жөнiндегі жәрдемақы); он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы); мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер; 2) бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлетті орган - уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы; 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі - уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі; 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) отбасы - некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы; 5) отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы; 6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы - отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетін үлесi; 7) өтiнiш берушi - жәрдемақылар тағайындату үшін отбасы атынан өтiнiш беретін адам; 8) учаскелiк комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтiнiш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытынды дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда 10) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 11) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күші Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 3-1-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті Уәкілетті мемлекеттік орган: 1) балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау және төлеу қағидаларын және балаларға арналған жәрдемақыны алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын және Мемлекеттік корпорацияның оны ұсыну мерзімдерін айқындайды; 3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады; 4) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 5) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті Мемлекеттік корпорация: 1) жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі тиісті уәкілетті органға беру үшін құжаттар қабылдауды және олардың жинақталуын тексеруді жүзеге асырады; 2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша жәрдемақылар тағайындау жөніндегі тиісті уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасайды; 3) балалы отбасыларға жәрдемақыларды уақтылы төлеуді қамтамасыз етеді; 4) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді жүргізуді және жаңартып отыруды жүзеге асырады; 5) бала туғанда, бала күтіміне байланысты және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады; 6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттіліктерді және оны төлеу графиктерін қалыптастырады, бала туғанда, бала күтіміне байланысты және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді уәкілетті мемлекеттік органға жібереді; 7) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға береді.
2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Жәрдемақылар алу құқығы 1. Туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың: 1) бала туғанда берілетін жәрдемақы; ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2-тармақша жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 2) мынадай жағдайларда: бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын; 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайларда бала күтімі жөніндегі жәрдемақы; 3) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, балаларға арналған жәрдемақы; 4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар. 2. Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-бап. Жәрдемақыларды тағайындауға өтініш жасау 1. Жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін жүзеге асырылады. 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтініш: 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) Мемлекеттік корпорацияға - бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе Мемлекеттік корпорацияға - балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар отбасының тұрғылықты жерi бойынша беріледі. Тұрғылықты жері бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаған кезде өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақы тағайындау үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш жасайды. Адамдар бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы. Балаға мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы. Жеке өзінің өтініш жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда өтініш беруші белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақылар тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Мемлекеттік корпорация өтініш қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорацияға немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға сұрау салуды жүзеге асырғандар ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Өтініш беруші туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін ақпараттық жүйелер белгіленген тәртіппен растаған кезде бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, балаларға арналған жәрдемақының тағайындалған күні болып өтініш берушінің Мемлекеттік корпорацияға немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға тағайындау үшін өтініш жасаған күні есептеледі. 5. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы мен бала күтiмiне байланысты жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмдерi бала туған күннен бастап он екi айдан аспауға тиiс. 6. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық және анық мәлiметтер ұсынуға мiндеттi.
2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің тәртібі 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Жәрдемақы тағайындау мен төлеуді уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіппен тиісті уәкілетті орган жүргізеді. 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-2. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оларды қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға береді. Учаскелік комиссиялар уәкiлеттi органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда, оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға береді. 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Тиісті уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса, олардың Мемлекеттік корпорацияда немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда - мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің өтініш беруші туралы мәліметтерді растаған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алған электрондық құжаттар мен мәліметтер және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Тиісті уәкілетті орган өтініш берушіге бес жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындау немесе бас тарту (себебін көрсетіп) туралы қабылданған шешім жөнінде жазбаша не Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық құжат жіберу жолымен, ал «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде - бір жұмыс күні ішінде электрондық нысанда хабарлайды. 3. Уәкілеттi орган тиiстi органдардан өтiнiш берушiнiң балаларға арналған жәрдемақы тағайындалу құқығын растайтын мәлiметтер сұратуға құқылы. 4. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi органның әрекетiне және шешімiне жоғары тұрған уәкілеттi органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар. 5. Толық мемлекет қарауындағы балаларға жәрдемақы тағайындалмайды. 6. Төлемдi тағайындайтын немесе төлеудi жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақтылы алынбаған жәрдемақылар сомалары өткен уақыт үшін мерзiмiне шек қойылмай төленедi.
7-бап. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау мен төлеу 1. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады. 2. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.
8-бап 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 8-бап. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны тағайындау мен төлеу ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толық толғанға дейiн тағайындалады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге тағайындалады. 2. Бiр жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi. 2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады. 4. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны тағайындау кезiнде отбасы құрамындағы ата-анасы өздерiне қатысты ата-аналық құқығынан айрылған балалар есепке алынбайды.
9-бап. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу 1. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға тағайындалады. 2. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ескерiле отырып ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтінiш берген айдан бастап ай сайын төленедi. 2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Азаматтар алғаш рет өтініш жасаған кезде, сондай-ақ отбасы табысының мөлшеріне әсер ететін жағдайлар өзгергенде, уәкілетті орган немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуі туралы шешім қабылдайды. Жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша учаскелiк комиссия отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және қорытындысын уәкілетті органға табыс етедi. 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Балаларға арналған жәрдемақыны алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.
2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен мазмұн 9-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 9-1-бап. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу 1. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш жасалған күннен бастап баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады. 2. Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді. 3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алған мүгедек балалары бар отбасыларға мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді 10-бап. Жәрдемақылар мөлшері 1. Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде белгіленеді: 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) бала туғанда берілетін жәрдемақы: бірінші, екінші, үшінші балаға - 38,0 айлық есептік көрсеткіш; төртінші және одан кейінгі балаларға - 63,0 айлық есептік көрсеткіш; 2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы: бірінші балаға - 5,76 айлық есептік көрсеткіш; екінші балаға - 6,81 айлық есептік көрсеткіш; үшінші балаға - 7,85 айлық есептік көрсеткіш; төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,90 айлық есептік көрсеткіш; 3) балаларға арналған жәрдемақы - әрбір балаға 1,05 айлық есептік көрсеткіш; 4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы - жалақының 1,05 ең төмен мөлшері. Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жәрдемақы - ең төмен жалақы мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді. 2. Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы тиісті уәкілетті органды он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті. Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі жәрдемақының, балаларға арналған жәрдемақының және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытылы хабарламаған жағдайда, көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап жәрдемақы мөлшері қайта қаралады, бірақ бұл мерзім оларды тағайындаған кезден ерте болмауға тиіс.
2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-бап. Жәрдемақыларды төлеуді тоқтату 1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеуді тоқтату үшін: 1) баланың қайтыс болуы; ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2-тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы3-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы4-бап. Жәрдемақылар алу құқығы5-бап. Жәрдемақыларды тағайындауға өтініш жасау6-бап. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің тәртібі7-бап. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау мен төлеу8-бап. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау мен төлеу9-бап. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу9-1-бап. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу10-бап. Жәрдемақылар мөлшері11-бап. Жәрдемақыларды төлеуді тоқтату12-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |