|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2019.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар 3-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары 4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi 5-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi 6-бап. Әлеуметтiк төлемдердi алу құқығы 7-бап. Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету 8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын адамдар 8-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті 9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 10-бап. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен міндеттері 10-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті 11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi 2-тарау. Әлеуметтік аударымдар 14-бап. Әлеуметтік аударымдардың мөлшері 15-бап. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі 16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу тәртібі 17-бап. Әлеуметтiк аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін төлеушінің жауапкершілігі 18-бап. Жүргiзiлген аударымдар туралы хабарлау 3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау 22-бап. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi 23-бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi 24-бап. Алып тасталды 4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан ұстап қалу 25-бап. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер 26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу 5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 27-бап. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры 27-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар 29-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi 30-бап. Қордың инвестициялық қызметi 31-бап. Қор активтерiнiң құрылуы 32-бап. Есеп жүргiзу және есеп беру 35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ставкасы», «ставкасынан», «процент», «проценті», «процентінен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемесі», «мөлшерлемесінен», «пайыз», «пайызы», «пайызынан» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң азаматтарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бiрi ретіндегі мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) асыраушы - өзiнiң асырауындағы отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiн өз табысы есебiнен асыраушы адам; 2) асырауындағылар санының коэффициентi - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жарияланған) асыраушының асырауында болған оның отбасы мүшелерiнiң санын ескеретiн коэффициент; 3) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн осы Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер; 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек - әлеуметтік аударымдардың есептелген және мерзімінде аударылмаған сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары; 4) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі - төлеуші) - осы Заңда айқындалған тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеуді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары; 7) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесі - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi; 8) әлеуметтiк қатер - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелерi осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады; 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 9) әлеуметтiк төлемдер - әлеуметтік төлемдерді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер; 10) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі - алушы) - әлеуметтік қатер жағдайы басталғанға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өзіне қатысты әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын, өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (coт хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері; 12) еңбек ету қабiлетiнен айрылу - қызметкердiң жұмыс орындау, қызмет көрсету қабiлетiнен айрылуы, оның дәрежесi айрылған еңбек ету қабiлетiне пайыздық қатынастан көрінеді; 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициентi - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiне қарай айқындалатын коэффициент; 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген күндер санына қарай айқындалатын коэффициент; 13-2) 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 13-3) тармақшамен толықтырылды; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 13-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13-3) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 13-4) тармақшамен толықтырылды 13-4) инвестициялық декларация - Қор активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде инвестициялау үшін объектілер тізбесін, шарттары мен шектеулерін, Қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 13-5) тармақшамен толықтырылды 13-5) инвестициялық кіріс - Қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алуға жататын) ақша; 2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) қатысу өтілінің коэффициентi - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың жалпы өтіліне қарай айқындалатын коэффициент; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі; 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) - асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін - асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне әлеуметтік аударымдар жүргізілген және өздеріне қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға; 16) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 17) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылуына байланысты табыстың бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы; 18) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi - мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен қағидалардың жиынтығы; 2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 18-1) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың жалпы өтілі - әлеуметтiк аударымдар түскен айлардың жалпы саны; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар - төлеушi; өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; Қор; Қазақстан Республикасының Үкiмeтi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкiлеттi органдар; 20) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 20-1) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі; 21) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 22) табысты ауыстыру коэффициентi - әлеуметтiк төлемнiң әлеуметтiк аударымдарды есептеу кезiнде негiзге алынған табыс мөлшерiне қатынасын айқындайтын коэффициент; 23) уәкiлеттi орган - Қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар Осы Заң мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк қатер жағдайының басталуына қарай мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларды әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын құрумен байланысты осы Заңда көзделген қатынастарды реттейдi.
3-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi: 1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай; 2) асыраушысынан айрылған жағдай; 3) жұмысынан айрылған жағдай. ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) 4) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай; ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) 5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдай; ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) 6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдай.
5-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi; 2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi; 3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi; 4) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану; 5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi; 6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау; 7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Әлеуметтік төлемдер алу құқығы Мемлекет азаматтарға әлеуметтік қатер жағдайлары бас талған кезде осы Заңда белгіленген шарттарда міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері бойынша әлеуметтік төлемдер алу құқығына кепілдік береді. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар әлеуметтік төлемдер алу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-бап. Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мемлекет Қор активтерінің сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепілдік береді. 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қор активтерінің сақталуы: 1) Қордың қызметiн, оның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тиiстi нормалар мен лимиттердi белгiлеу арқылы реттеу; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы инвестициялық қызметтi жүзеге асыру; 3) Қор активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде есепке алу; 4) Қордың өз қаражаты мен активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу; 5) Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгізу; 6) жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қордың ұдайы қаржылық есептiлiгi; 8) Қор активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң айқындауы арқылы қамтамасыз етiледi.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап жаңа редакцияда 8-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын адамдар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, жұмыскерлер, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар, шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды 8-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында: 1) Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын жыл сайын белгілейді; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен Қорға аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібін және мерзімдерін бекітеді; 3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы шешім қабылдайды; 5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган: 1) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілейді; 2) Қордың әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды қамтамасыз етеді; 3) Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды қамтамасыз етеді; 4) Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауы, тағайындаудан бас тартуы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы мәселелері бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың шағымдарын қарайды.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен міндеттері 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік корпорацияның: 1) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) осы Заңда көзделген қызметтердi көрсеткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен қаражат алуға; 4) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік корпорация: 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда 1) құжаттар қабылдауды және олардың толықтығын тексеруді жүзеге асыруға, әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға, тоқтатуға арналған істердің макеттерін қалыптастыруға және оларды Қорға беруге; 1-1) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда 3) әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы қайтару қажет болған жағдайда, бұл туралы алушыға хабарлауға; 4) Қорға жасалған аударымдардың мөлшерi мен мерзiмiне қарамастан, мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға тиiстi адамдарға қызмет көрсетудiң тең жағдайларын қамтамасыз етуге; 5) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) алушыларға әлеуметтiк төлемдердiң аударылуын уақтылы қамтамасыз етуге; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) Қордың шешімі негізінде әлеуметтік төлемді жүзеге асыруға, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар3-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi5-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi6-бап. Әлеуметтiк төлемдердi алу құқығы7-бап. Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын адамдар8-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті10-бап. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен міндеттері10-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi12-бап. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi 2-тарау. Әлеуметтік аударымдар14-бап. Әлеуметтік аударымдардың мөлшері15-бап. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу тәртібі17-бап. Әлеуметтiк аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін төлеушінің жауапкершілігі18-бап. Жүргiзiлген аударымдар туралы хабарлау19-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтару 3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау20-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтiнiш беру және әлеуметтiк төлемдер тағайындауға арналған құжаттарды қарау мерзімдері21-бап. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi22-бап. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi23-бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi23-1-бап. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлемдi тағайындау және оның мөлшерi23-2-бап. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi24-бап. 4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан ұстап қалу5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры27-бап. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры27-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар28-бап. Қордың қызметi29-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi30-бап. Қордың инвестициялық қызметi31-бап. Қор активтерiнiң құрылуы32-бап. Есеп жүргiзу және есеп беру 6-тарау. Қорытынды ережелер |