|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 219-I Заңы (2021.25.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдары 3-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi 4-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 6-бап. Мемлекеттік органдардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құзыреті 7-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормалау 8-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге өндiрiстiк бақылау 3-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР 9-бап. Радиациялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн бағалауға қойылатын талаптар 11-бап. Табиғи радионуклидтердiң әсер етуi кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету 14-бап. Сәуле алудың жеке мөлшерiн есепке алу және бақылау 4-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ АВАРИЯ КЕЗIНДЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 15-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың радиациялық авария кезіндегі қызметi 16-бап. Авариялық даярлықты қамтамасыз ету 19-бап. Радиациялық қауiпсiздiк құқығы 6-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК 24-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттар
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтіндегі «өкiлеттi», «өкiлеттiгiне», «Өкiлеттi», деген сөздер тиісінше «уәкiлеттi», «уәкілетігіне», «Уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: араласу деңгейі - жол берілмейтін мөлшердің шамасы, оған жеткен кезде, созылмалы немесе авариялық сәуле алу жағдайы туындаған реттерде қорғау немесе авариядан кейінгі шаралар қолданылады; әсерлі мөлшер - адам организмі мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезімталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейіндегі зардаптарының пайда болу қатерінің шамасы ретінде пайдаланылатын иондаушы сәулелендірудің сіңірілген энергиясының шамасы; бақыланатын аймақ - радиациялық бақылау, адамдарды жіберу және олардың тұруы жөнінде арнаулы ережелер қолданылатын аумақ; иондаушы сәулелендіру - ортамен өзара әрекет кезінде түрлі белгілердегі иондар түзетін, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендіру; пайдаланушы ұйым - атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; персонал - иондандырушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін немесе еңбек жағдайлары бойынша олардың әсер ету аясында болатын жеке тұлғалар; радиациялық авария - атом энергиясын қолдану объектісін қауіпсіз пайдалану шегінің бұзылып, бұл орайда адамдардың немесе қоршаған ортаның белгіленген нормалардан жоғары радиоактивті ластануына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан радиоактивті өнімдердің және (немесе) иондаушы сәулелендірудің қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуі; радиациялық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі; радиациялық қорғаныш - радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық-гигиеналық, жобалау-конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы; радиациялық мониторинг - иондаушы сәулелендіру көздерін пайдаланатын объектілерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйін жүйелі түрде байқап отыру; табиғи радиациялық ая - ғарыш сәулесі және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа элементтерінде, тамақ өнімдері мен адам организмінде өздігінен бөлінген табиғи радионуклидтердің сәулесі шығаратын сәулелендіру мөлшері; техногендік өзгертілген радиациялық орта - адам қызметінің нәтижесінде өзгерген табиғи радиациялық орта; техногендік радиациялық фон - сол жердің табиғи радиациялық фонын сипаттайтын осындай көрсеткіштердің деңгейлерін шегеріп тастағандағы радиациялық жағдайды сипаттайтын көрсеткіштер деңгейі.
2-бап. Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: нормалау принципi - иондаушы сәулелендiрудiң барлық көздерiнен азаматтардың сәуле алуының жеке мөлшерiнiң жол берiлетiн шегiнен асырмау; негiздеу принципi - иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалану жөніндегі қызметтiң барлық түрiне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшiн табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу келтiретiн ықтимал зиян қатерiнен аспайды; оңтайлыландыру принципi - иондаушы сәулелендiрудiң кез келген көзiн пайдалану кезiнде сәуле алудың жеке мөлшерi мен сәуле алатын адамдар санының экономикалық және әлеуметтiк факторларын ескере отырып, мүмкiндiгiнше төмен және қол жетерлiк деңгейде ұстау; авариялық оңтайландыру қағидаты - төтенше (авариялық) жағдайларда қолданылатын шаралардың нысаны, ауқымы мен ұзақтығы радиациялық авария салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың зиянға қарағанда пайдасы көп болатындай етіп оңтайландырылуға тиіс.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Радиациялық қауiпсiздiк: құқықтық, ұйымдық, инженерлiк - техникалық, санитарлық-гигиеналық, профилактикалық, тәрбиелiк, жалпы білім беру мен ақпараттық сипаттағы шаралар кешенiн жүргiзу; Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, жеке және заңды тұлғалардың радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалар мен ережелердi сақтау жөніндегі шараларды iске асыруы; республиканың бүкiл аумағында радиациялық мониторингтi жүзеге асыру; иондаушы сәулелендiру көздерiмен нақты қызметтi жүзеге асырудың барлық деңгейiнде радиациялық қауiпсiздiктi сапалық жағынан қамтамасыз ету бағдарламаларын iске асыру арқылы қамтамасыз етiледi.
2-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ, ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Мемлекеттік органдардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құзыреті 1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне мыналар жатады: 1) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында көзделген халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту; 3) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту; 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыретіне мыналар жатады: 1) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; 2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының кеден органдары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
7-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормалау 1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормалау радиациялық қауiпсiздiк нормаларын, санитарлық ережелердi, гигиеналық нормативтердi, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі әдiстемелiк, нұсқаулық және өзге де құжаттарды белгiлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл актiлер радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі халықаралық стандарттарды ескеруге тиiс және осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуге тиiс. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) 2. Радиациялық қауіпсіздік саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) 3. Радиациялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өкімдік, нұсқаулық, әдістемелік және өзге де құжаттарды уәкілетті мемлекеттік органдар және пайдаланушы ұйымдар өз құзыреттері шегінде радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттер негізінде бекітеді және қабылдайды.
2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге өндiрiстiк бақылау 1. Пайдаланушы ұйымдар радиациялық қорғау сапасының қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылау жүргізеді. 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк бақылауды орындау тәртiбi әрбiр пайдаланушы ұйым үшiн ол орындайтын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайлары ескерiле отырып айқындалады. 3. Пайдаланушы ұйымның радиациялық қорғаудың қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары радиациялық қауiпсiздiк талаптарының, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердiң, радиациялық қауiпсiздiк қағидаларының, құрылыс нормалары мен қағидаларының, еңбекті қорғау қағидаларының, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттардың бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолданады.
3-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9-бап. Радиациялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн бағалауға қойылатын талаптар 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында жоспарлау және шешiмдер қабылдау, олардың тиiмдiлігін талдау кезiнде мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, пайдаланушы ұйымдар радиациялық қауiпсiздiк талаптарын, радиациялық қауiпсiздiк саласындағы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді қамтамасыз ету мақсатында радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды жүргiзедi. 2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган: 1) қоршаған ортаның радиоактивтi ластану сипаттамасы; 2) радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі iс-шаралардың қамтамасыз етiлуiне және радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалардың, ережелер мен гигиеналық нормативтердiң орындалуына талдау жасау; 3) радиациялық авариялардың ықтималдылығы мен олардың ауқымы; 4) радиациялық авариялар мен олардың салдарларын «тиiмдi түрде жоюға әзiрлiк дәрежесi; 5) халықтың жекелеген топтарының барлық иондаушы сәулелендiру көздерiнен алатын сәулелену дозаларына талдау жасау; 6) сәулелену мөлшерiнiң белгiленген шегiнен асып түсетiн мөлшерде сәуле алған адамдарды саны негiзiнде жүзеге асырады. 3. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалау нәтижелерiн атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган талдайды және бекiтедi.
2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 10-бап. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеген кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Пайдаланушы ұйымдар: осы Заңның және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындауға; радиациялық қауiпсiздiктi және иондаушы сәулелендiру көздерiн сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жоспарлап, жүзеге асыруға; иондаушы сәулелендiру көздерi болып табылатын жаңа (жаңғыртылатын) өнiмнiң, материалдар мен заттардың, технологиялық процестер мен өндiрiстердiң радиациялық қауiпсiздiгiн негiздеу жөніндегі жұмыстар жүргiзуге; жұмыс орындарындағы, үй-жайлардағы, ұйымдардың аумақтарындағы, бақыланатын аймақтардағы радиациялық жағдайға, сондай-ақ радиоактивтi заттардың сыртқы шығуы мен тасталуына үнемi өндiрiстiк бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға; қызметшiлердiң жеке сәуле алу мөлшерiне үнемi бақылау жасап, оларды есепке алуға; өндiрiстiк радиациялық бақылау қызметтерiнiң лауазымды адамдары мен қызметшiлерiн, мамандарын, иондаушы сәулелендiру көздерiмен тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн басқа да адамдарды даярлауға және оларды аттестациядан өткiзуге; қызметшiлердi алдын ала (жұмысқа тұрған кезде) және мезгiл-мезгiл медициналық тексеруден өткiзiп тұруды ұйымдастыруға; қызметшiлердiң жұмыс орындарындағы иондаушы сәулелену деңгейлерi туралы және олардың алған жеке сәуле мөлшерiнiң шамасы туралы оларға үнемi хабарлап отыруға; радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдарды авариялық жағдайлар туралы, радиациялық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн технологиялық регламенттiң бұзылуы туралы дер кезiнде хабарлап отыруға; радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар уәкiлдiк берген лауазымды адамдардың қорытындыларын, қаулыларын, нұсқамаларын орындауға; азаматтардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
11-бап. Табиғи радионуклидтердiң әсер етуi кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету 1. Радонның және басқа да табиғи радионуклидтердiң болуына байланысты халық пен қызметшiлердiң сәуле алуы тұрғын үйлер мен өндiрiстiк үй-жайларда белгiленген нормативтерден аспауға тиiс. 2. Халық пен қызметшiлердi табиғи радионуклидтердiң ықпалынан қорғау мақсатында: үйлер мен ғимараттар құрылысы үшiн топырақтан радонның бөлiнуi деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып, жер учаскелерiн таңдау; үйлер мен ғимараттарды осы үй-жайлардың ауасына радон түсуiне жол бермеудi ескере отырып жобалау және салу; үй-жайлардың ауасындағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып, құрылыс материалдарына өндiрiстiк бақылау жүргiзу, үйлер мен ғимараттарды пайдалануға қабылдап алу; үйлер мен ғимараттарды олардағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып пайдалану жүзеге асырылуға тиiс. 3. Үйлер мен ғимараттардағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны кемiту арқылы нормативтердi орындау мүмкiн болмаған жағдайда олардың пайдаланылу сипаты өзгертiлуге тиiс. 4. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сай келмейтiн құрылыс материалдары мен бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды 5. Халықтың табиғи сәулелену көздерінен сәуле алу дозалары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган олар үшін белгілеген нормалардан аспауға тиіс.
12-бап. Тағам өнiмдерiн өндiрген кезде және ауыз суды пайдаланған кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Өндiрiстiк шикiзат, тағам өнiмдерi, ауыз су және дайындау, сақтау, тасымалдау мен сату процесiнде олармен жанасатын материалдар мен бұйымдар радиациялық қауiпсiздiк нормалары талаптарына сай келуге тиiс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 13- бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) 13-бап. Медициналық процедуралар жүргізу кезінде азаматтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету 1. Радиоизотоптарды немесе басқа да иондаушы сәулелену көздерін пайдалану арқылы медициналық процедуралар жүргізілген кезде азаматтарды (пациенттерді) қорғаудың тиісті құралдары пайдаланылады. Пациенттің сәуле алу дозасы радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген деңгейден аспауға тиіс. 2. Медициналық процедуралар жүргізілген кезде пациентке алынатын және (немесе) алған сәуле дозалары туралы және оның әсерінің ықтимал зардаптары туралы толық ақпарат беріледі. Азаматтың (пациенттің), эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті ауруларды анықтау мақсатында жүргізілетін профилактикалық зерттеулерді қоспағанда, осындай медициналық процедуралардан бас тартуға құқығы бар. 3. Иондаушы сәулелену көздерін пайдалану арқылы процедуралар жүргізетін медициналық ұйым, егер осындай себептік байланыс сот тәртібімен дәлелденсе, пациент денсаулығына немесе өміріне келтірілетін ықтимал теріс әсер үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады. 4. Радиоизотоптар немесе басқа да иондаушы сәулелену көздері пайдаланылатын барлық медициналық процедуралар үшін медициналық ұйым осындай процедураларды жүргізген кезде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында медициналық қызметтер сапасын қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеп, оны атом энергиясын пайдалану жөніндегі уәкілетті органда бекітеді. 5. Иондаушы сәулелену көздері пайдаланылатын медициналық қызметке қойылатын біліктілік талаптарында жұмысқа жіберілген мамандардың біліктілігіне, оларды аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібіне қойылатын талаптар, даярлау және қайта даярлау бағдарламасы белгіленеді. 6. Ауруларға диагноз қою, олардың алдын алу және емдеу үшін радиоактивтік заттарды және басқа иондаушы сәулелену көздерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, пациенттердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтитын әдістерге (әдістемелерге) сәйкес қана пайдалануға рұқсат етіледі.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді 14-бап. Сәуле алудың жеке мөлшерiн есепке алу және бақылау Иондаушы сәулелену көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық рәсімдер жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендiк радиациялық аяға байланысты азаматтар алған сәуле алудың жеке мөлшерiн бақылау мен есепке алу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен сәуле алудың жеке мөлшерiн бақылау мен есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.
4-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ АВАРИЯ КЕЗIНДЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.14.05. № 329-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді 15-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың радиациялық авария кезіндегі қызметi Радиациялық авария кезiнде уәкiлеттi мемлекеттік органдар осы Заңды басшылыққа алады және өз қызметiн Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді 16-бап. Авариялық даярлықты қамтамасыз ету Пайдаланушы ұйымдарда: ықтимал радиациялық авариялардың, олардың салдарының болжамы және радиациялық жағдайдың болжамы жасалып, уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісілген тiзбесi; радиациялық авария болған кезде жедел шешiмдер қабылдау өлшемдерi және уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісілiп араласу деңгейi; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келісілген, қызметшiлер мен халықты радиациялық авариядан және оның зардаптарынан қорғау жөніндегі шаралар жоспары; радиациялық аварияны хабарлауға және оның зардаптарын жоюды қамтамасыз етуге арналған құралдар; радиациялық зақымданудың алдын алуға арналған медициналық құралдар және радиациялық авария кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету құралдары; қызметшiлер арасынан құрылатын авариялық-құтқару құрамалары болуға мiндеттi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді 17-бап. Пайдаланушы ұйымдардың радиациялық авария кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi Пайдаланушы ұйым радиациялық авария жағдайында: радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдарға, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына және сәуле алуы жоғары болуы мүмкiн аумақтар халқына радиациялық авария туралы дереу хабарлауға;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдары3-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi4-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету 2-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ, ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті6-бап. Мемлекеттік органдардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құзыреті7-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормалау8-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге өндiрiстiк бақылау 3-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР9-бап. Радиациялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн бағалауға қойылатын талаптар10-бап. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеген кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын талаптар11-бап. Табиғи радионуклидтердiң әсер етуi кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету12-бап. Тағам өнiмдерiн өндiрген кезде және ауыз суды пайдаланған кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету13-бап. Медициналық процедуралар жүргізу кезінде азаматтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету14-бап. Сәуле алудың жеке мөлшерiн есепке алу және бақылау 4-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ АВАРИЯ КЕЗIНДЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ15-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың радиациялық авария кезіндегі қызметi16-бап. Авариялық даярлықты қамтамасыз ету17-бап. Пайдаланушы ұйымдардың радиациялық авария кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi18-бап. Радиациялық аварияның зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi 5-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI19-бап. Радиациялық қауiпсiздiк құқығы20-бап. Ақпарат алу құқығы21-бап. Азаматтардың иондаушы сәулелендiруден сәуле алу кезiнде немесе радиациялық авария салдарынан өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның, мүлiктiк залалдың орны толтырылуына құқығы22-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мiндеттерi 6-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК7-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР |