Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы (2005.08.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 5 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-4 баптар) 2-тарау. Аудитор, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар) 3-тарау. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жӘне (9-13 баптар) аудиторлық қызметті лицензиялау 4-тарау. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14-16 баптар) 5-тарау. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, (17-20 баптар) міндеттері мен жауапкершілігі 6-тарау. Аудиттелетін субъектінің құқықтары, міндеттері (21-25 баптар) мен жауапкершілігі Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді. 1-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады. ҚР 15.01.01 ж. № 139-II Заңымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Аудиторлық қызмет 1. Аудиторлық қызмет дегенiмiз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептiлiк аудитiн жүргiзу жөніндегі кәсiпкерлiк қызметi. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар өз қызметiнiң бағыты бойынша қаржылық есептiлiк аудитiнен басқа мынадай: бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру, қалпына келтiру және жүргiзу, қаржылық және статистикалық есептiлiктер жасау; салықтық жоспарлау, бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi есептеу салық декларацияларын толтыру; қаржы-шаруашылық қызметтi талдау; қаржы, салық, банк және өзге де шаруашылық заңдары мәселелерi бойынша консультация беру және ақпараттық қызмет көрсету; қосымша кәсiби білім ретiнде бухгалтерлiк есепке, салықтық есепке, аудитке және қаржы-шаруашылық қызметке талдау жасауға оқыту; оқытушылық, ғылыми қызмет; бухгалтерлiк есептi автоматтандыру жөнiнде ұсынымдар жасау, автоматтандырылған есеп жүргiзудi оқыту; бухгалтерлiк есеп, салық салу, шаруашылық құқық бойынша ғылыми талдама жасау, әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар шығару; бизнестi бағалау; бағалау қызметi; бағалы қағаздар рыногындағы қызмет; адвокаттық қызметпен байланысты емес заң қызметтерiн көрсету жөнiнде қызметтер көрсете алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы тармақта көзделген жекелеген қызмет түрлерiн көрсету тиiстi лицензия алуды қажет етсе, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың осындай лицензиясыз бұл қызметтердi көрсетуге құқығы жоқ. 2. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметті жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға кәсiпкерлiк қызметтiң осы бапта көзделмеген өзге түрлерiмен айналысуға тыйым салынады. 3-бап. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері: 1) тәуелсіздік; 2) объективтілік; 3) кәсіби біліктілік; 4) құпиялылық болып табылады. ҚР 15.01.01 ж. № 139-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұрынғы ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III; 2005.08.07. № 72-III Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Аудит және оның түрлері 1. Аудит Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес қаржылық есептiлiктiң дұрыс және объективтi жасалғаны туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатында заңды тұлғалардың (бұдан әрi аудиттелетiн субъектiлер) қаржылық есептiлiгiн тексеру (бұдан әрi - аудит) болып табылады. 2. Аудиттiң түрлерi мiндеттi аудит және бастамашылық аудит болып табылады. Мiндеттi жыл сайынғы аудитке: банктер; кредиттiк серiктестiктер; банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар рыногында қызмет iстейтiн ұйымдар; сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компаниялар, инвестициялық қорлар; табиғи монополия субъектiлерi; шетел қатысатын кәсiпорындар; акционерлік қоғамдар жатады; Аудит жүргiзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге жағдайларда да мiндеттi болып табылады. Бастамашылық аудит аудиттелетiн субъектiнiң бастамасы бойынша аудиттелетiн субъектiнің және аудитордың, аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргiзуге жасалған шартта көзделген нақты мiндеттер, аудит мерзiмi мен көлемi ескерiле отырып жүргiзiледi. 2-тарау. АУДИТОР, АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАР, АУДИТОРЛАР ПАЛАТАСЫ 5-бап. Аудитор 1. Аудитор - Біліктілік комиссиясы аттестаттаған, "аудитор" біліктілігінің берілуі туралы куәлік алған жеке тұлға. 2. Аудитор аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы. ҚР 15.01.01 ж. № 139-II Заңымен 6-бап толықтырылды; ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Аудиторлық ұйым 1. Аудиторлық ұйым - ашық үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез-келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық ұйым. 2. Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. 3. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны кемiнде екi адамнан құралуға тиiс. 4. Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесiлі үлес кемiнде 51 процент болуға тиiс. 5. Аудиторлық ұйымның басшысында Қазақстан Республикасы аудиторының біліктiлiк куәлiгiнiң болуы мiндеттi. 1. Аудиторлар палатасы коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. 2. Аудиторлар палатасы заңды тұлға болып табылады және оның мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданған жарғы негізінде әрекет жасайды. 3. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады. 4. Аудиторлар палатасының құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен белгіленеді. 5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында конференцияда (жиналыста) құрылатын, осы аумақта аудиторлық қызметпен айналысушы адамдардың кемінде елу процентінің атынан өкілдік ететін аудиторлардың бір палатасы ғана құрылуы мүмкін. 6. Республикалық аудиторлар палатасын құру, оның жарғысын қабылдау және оның жұмыс органдарын бекіту туралы шешімдер Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметпен айналысатын аудиторларының кемінде елу процентінің атынан өкілдік ететін аудиторлардың Республикалық конференциясында (жиналысында) қабылданады. ҚР 15.01.01 ж. № 139-II; 11.06.03 ж. № 437-II Заңдарымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Аудиторлар палаталарының өкілеттігі 1. Аумақтық аудиторлар палаталары: 1) аудиттің дамуына, оның тиімділігін арттыруға аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіріп отыруға жәрдемдеседі; 2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын сақтауын қамтамасыз етедi; 3) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және аудиттелетін субъектілердің аудиторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларын қарайды; 4) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды аудиторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасының заң актілерімен және әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етеді; 4-1) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етеді; 5) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжірибесіне талдау жасайды, оларды қорытып, таратады; 6) мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүдделерін білдіреді; 7) заңдарға және халықаралық шарттарға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады. 2. Республикалық аудиторлар палатасы: 1) аудиторлар палаталарының қызметін жарғы негізінде үйлестіруді жүзеге асырады; 2) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, шетелдік және халықаралық ұйымдарда аудиторлардың, аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар палаталарының мүдделерін білдіреді; 3) халықаралық практика негiзiнде аудит стандарттарын әзiрлейдi және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын сақтауын қамтамасыз етедi; 4) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және аудиттелетін субъектілердің аудиторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларын қарайды; 5) аудиторлыққа кандидаттарды оқыту мен даярлауды, аудиторлар мен басқа да мамандардың кәсіби оқуын, біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 5-1) уәкiлеттi мемлекеттік органдарға аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияны керi қайтарып алу немесе оның қолданылуын тоқтата тұру туралы ұсыныс айтады және нақты себептерiн көрсетiп, аудитордың біліктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзедi; 6) заңдарға және халықаралық шарттарға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады. 3-тарау. АУДИТОРЛЫҚҚА КАНДИДАТТАРДЫ АТТЕСТАТТАУ ЖӘНЕ АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ҚР 15.02.01 ж. № 139-II Заңымен 9-бап толықтырылды 9-бап. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау 1. Аттестаттау деп Біліктілік комиссиясының уәкілетті орган бекітетін біліктілік талаптарының негізінде емтихандар өткізу арқылы аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін айқындауы ұғынылады. 2. Аттестаттауға жоғары білімi және экономика, қаржы, есептiк-талдау, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында соңғы жетi жылдың бес жылы iшіндегі жұмыс тәжiрибесi бар адамдар, сондай-ақ жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын және осы аталған салаларда соңғы бес жылдың iшiнде кемiнде екi жыл практикалық жұмыс стажы бар адамдар жiберiледi. 3. Аттестаттаудан өткен адамдар аудитор біліктілігі берілгені туралы куәлік және біліктілік куәлігінің нөмірі көрсетілген аудитордың жеке мөрін алады. Біліктілік комиссиясының "аудитор" біліктілігі берілгені туралы шешімі баспасөзде жарияланады. 4. Аттестаттаудан өтпеген адамдар қайта аттестаттаудан өтуге кемінде алты айдан кейін жіберіледі. ҚР 15.01.01 ж. № 139-II Заңымен 10-бап толықтырылды 10-бап. Аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы 1. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы оның құрылтайшылары болып табылатын аудиторлар палаталарының Республикалық конференциясында ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады. 2. Біліктілік комиссиясының құрамына аудиторлардың әрбір палатасынан бір өкілден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, саны Бiлiктiлiк комиссиясы құрамының жалпы санының үштен бiрiн құрауы тиiс мемлекеттік органдардың өкiлдерiкіреді. 3. Біліктілік комиссиясының төрағасы болып оның мүшелерінің ішінен аудиторлық қызметпен айналысатын аудитор сайланады. 4. Біліктілік комиссиясы ол туралы аудиторлар палаталарының Республикалық конференциясында бекітілетін Ереже негізінде әрекет жасайды. 5. Біліктілік комиссиясының қызметін қаржыландыруды, материалдықтехникалық қамтамасыз етуді оның құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 105-бабына сәйкес жүзеге асырады. ҚР 15.01.01 ж. № 139-II Заңымен 11-бап толықтырылды 11-бап. Аудитордың біліктілік куәлігінің күшін жою 1. Аудитордың біліктілік куәлігінің: 1) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға жiберу үшiн берiлген мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған; 2) сот тәртібімен аудитор әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе оның әрекетке қабілеті шектелген; 3) көрінеу жалған немесе біліксiз аудиторлық есеп берген; 4) аудит стандарттарының негізгі талаптарын сақтамаған және кәсiби қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңдарды өзгедей де бұзған жағдайларда күші жойылады. 2. Біліктілік куәлігінің күшін Біліктілік комиссиясы жояды. Біліктілік комиссиясының шешімі аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия берген мемлекеттік органға хабарланып, баспасөзде жарияланады. 3. Аудитор Біліктілік комиссиясының шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. ҚР 18.12.00 ж. № 128-II; 15.01.01 ж. № 139-II; 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен. (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Лицензиялар беру 1. Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензияларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін уәкілетті мемлекеттік орган береді. Банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн жүргiзуге лицензияны аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар болған жағдайда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган өзi белгiлеген тәртiппен бередi. 2. Аудиторлық ұйымдар құрамында жұмыс істейтін аудиторларға лицензиялар қажет емес. 3. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілетін лицензия тұрақты болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. 4. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия тізбесі лицензиялау туралы заңдармен белгіленетін құжаттар негізінде беріледі. 5. Лицензия беру үшін өзге құжаттар табыс етуді талап етуге және қосымша шарттар белгілеуге тыйым салынады. 6. Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және оларға берілген лицензиялар туралы мәліметтер аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізілімінде көрсетіледі. 7. Лицензиялар беруді, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізуді, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың берілуі, кері қайтарып алынуы және күшінің тоқтатыла тұруы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және аудиттелетiн субъектiлердiң аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға байланысты өтiнiштерiн қараудылицензиар болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді. 13-бап. Лицензияны қайтарып алудың және оның күшін тоқтата тұрудың негіздері 1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияларды лицензиар заңдарда белгіленген тәртіппен кері қайтарып алуы мүмкін. 2. Лицензиар тоқтатыла тұру себебін көрсете отырып, лицензияның күшін заңдарға сәйкес алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы. 3. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар лицензия беруден бас тартылу, оның қайтарып алынуы мен күшін тоқтата тұру туралы шешімге сот тәртібімен шағым жасауға құқылы. 4-тарау. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 14-бап толықтырылды 14-бап. Аудит жүргізу шарты 1. Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетін субъектілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт негізінде қалыптасады. 2. Аудит жүргізу және (немесе) аудиторлық қызмет бейіні бойынша қызмет көрсету шартында: шарттың нысанасы, мерзімі, тиісті қызметтер көлемі, ақы төлеу мөлшері мен шарттары, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі көзделеді. Тараптардың келісуімен шартта, сондай-ақ өзге жағдайлар да көзделуі мүмкін. 3. Табиғи монополия субъектiсiнiң аудит жүргiзу шарты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарында белгiленген қосымша талаптарға сәйкес келуге тиiс. ҚР 15.01.01 ж. № 139-II Заңымен 15-бап жаңа редакцияда 15-бап. Аудиторлық есеп 1. Жүргiзiлген аудиттiң нәтижелерi бойынша аудиторлық есеп жасалады, ол аудит стандарттарына сәйкес келуге тиiс. 2. Аудиторлық есеп заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге мiндеттi аудиттелетiн субъектiлердiң қаржылық есептiлiгiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. 3. Жеке кәсiпкер болып табылатын аудитор жасаған аудиторлық есепке ол қол қояды және оны өзiнiң жеке мөрiмен куәландырады. Аудиторлық есепте, сондай-ақ аудитор лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiледi. 4. Аудиторлық ұйымның аудиторлық есебiне атқарушы-аудитор қол қояды, оның жеке мөрiмен куәландырылады, оның аудиторлық ұйымның басшысы бекiтедi және ұйымның мөрiмен куәландырылады. Аудиторлық есепте, сондай-ақ аудиторлық ұйым лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiледi. ҚР 15.01.01 ж. № 139-II Заңымен 16-бап өзгертілді 16-бап. Аудиттің стандарттары 1. Аудитке бiрыңғай талаптар белгiлейтiн және аудит жүргiзудiң принциптерiн, тәртібін айқындайтын нормативтiк құжаттар аудит стандарттары деп түсiнiледi. 2. Аудиттің стандарттары Республикалық аудиторлар палатасының конференциясында (жиналысында) қабылданып, оны уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. 5-тарау. АУДИТОРЛАР МЕН АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚР 15.01.01 ж. № 139-II Заңымен 17-бап өзгертілді 17-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары 1. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың: 1) аудит жүргізу әдістерін өз бетімен белгілеуге; 2) шарттың талаптарын орындау үшін қажетті бухгалтерлік және өзге де қаржы-шаруашылық қызмет құжаттамасын алуға және тексеруге; 3) осы Заңның 20-бабында аталған адамдарды қоспағанда, түрлі саладағы мамандарды аудит жүргізуге қатысуға шарттық негізде тартуға; 4) аудиттелетін субъект аудит жүргізуге жасалған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит жүргізуден не аудиторлық есеп беруден бас тартуға құқылы. 2. Мемлекеттік органдардың, аудиттелетін субъектілердің және кез-келген үшінші тұлғалардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуына жол берілмейді. 3. Қазақстан Республикасы заң актілерінiң негiзiнде тексерулер тағайындау жөнiнде тиiстi өкiлеттiктерi бар мемлекеттік органдардың бастамашылығы бойынша көрсетiлетiн аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметiне ақы төлеу осы органдардың есебiнен жүргiзiледi. ҚР 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілдi 18-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың міндеттері 1. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар: 1) осы Заңның 20-бабында аталған мән-жайлардың салдарынан аудит жүргізудің мүмкін еместігі туралы хабарлауға; 2) аудиттелетін субъектіден алынған және аудит процесінде жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге; 3) аудиттелетін субъектіге қаржылық есептілік пен өзге де құжаттардың заңдарға сәйкессіздігі анықталғаны туралы хабарлауға; 4) аудит нәтижелерінің, сондай-ақ аудит жүргізу кезінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиясының нысанасын құрайтын мәліметтердің құпиялылығын сақтауға ; 5) аудит жүргiзiлген субъектiлердi банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылықтар туралы хабардар ете отырып, қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға хабарлауға мiндеттi. 2. Аудиторлар мен аудиторлық ұйым үшін аудиттелетін субъектінің шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау міндетті. ҚР 15.01.01 ж. № 139-II Заңымен 18-1-баппен толықтырылды 18-1-бап. Аудиторлық қызметтi сақтандыру 1. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар аудиттi жүзеге асыру кезiнде залал келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi. 2. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру Қазақстан Республикасының заң актілерінде айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады. 19-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігі Аудиторлық қызмет туралы заңдарды, сондай-ақ шарт талаптарын бұзғаны үшін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. ҚР 15.01.01 ж. № 139-II Заңымен 20-бап өзгертілді 20-бап. Аудит жүргізу құқығын шектеу Аудиторлық қызметті жүзеге асыру кезінде: құрылтайшылары, қатысушылары, несие берушілері болып табылатын аудит жүргізуге тапсырысшылардың, не құрылтайшысы, қатысушысы, несие берушісі аудиторлық ұйым болып табылатын аудит жүргізуге тапсырысшылардың аудиторлық ұйымына; тапсырыс берушіге бухгалтерлік есепті жолға қою, қалпына келтіру, жүргізу жөнінде, сондай-ақ аудиттелетiн кезең үшiн қаржылық есептілік жасау жөнінде аудит жүргізу қызметтерін көрсеткен аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға; аудиттелетін субъект басшысының, сондай-ақ аудиттелетін субъектінің жарғылық капиталының 10 проценттен астамын иеленген құрылтайшының немесе қатысушының жақын туыстары немесе жекжаттары (ата-аналары, жұбайлары, ағаінілері, апа-сіңілілері, балалары, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңілілері, ата-аналары және балалары) болып табылатын аудиторларға; аудиттелетін субъектінің қызметкерлері, қатысушылары, лауазымды адамдары арасынан шыққан, онда жеке мүліктік мүдделері бар аудиторларға; баланс активтерiнiң сомасы жылына орта есеппен айлық есептiк көрсеткiштiң 40000 еселенген мөлшерiнен асып түсетiн немесе аудит мiндеттi болып табылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жеке кәсiпкерлер санатындағы аудиторлардың аудит жүргiзуiне тыйым салынады. 6-тарау. АУДИТТЕЛЕТІН СУБЪЕКТІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 21-бап. Аудиттелетін субъектінің құқықтары Аудиттелетін субъектінің: аудитордан немесе аудиторлық ұйымнан аудит жүргізуге қатысты заңдардың талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға; аудитордың немесе аудиторлық ұйымның ескертпелері мен қорытындыларына негіз болған нормативтік құқықтық актілермен танысуға; аудитордан немесе аудиторлық ұйымнан қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмейтіні анықталғаны туралы ұсыныстар, ақпарат алуға; аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдар шарт талаптарын бұзған жағдайда олардың көрсететін қызметінен бас тартуға құқығы бар. 22-бап. Аудиттелетін субъектінің міндеттері 1. Аудиттелетін субъект: 1) аудиторға немесе аудиторлық ұйымға уақтылы және сапалы аудит жүргізуі үшін жағдай жасауға, қажетті құжаттамаларды табыс етуге, ауызша немесе жазбаша түрде түсіндірме және түсінік беруге; 2) егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке тиісті мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудитордың немесе аудиторлық ұйымның қызметіне араласпауға; 3) аудитордың немесе аудиторлық ұйымның талап етуі бойынша қажетті ақпарат алу үшін үшінші бір тұлғалардың атына өз атынан жазбаша сауал салуға міндетті. 2. Аудитордың немесе аудиторлық ұйымның шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау аудиттелетін субъект үшін міндетті. 23-бап. Аудиттелетін субъектінің жауапкершілігі 1. Аудиттелетін субъект аудиторға немесе аудиторлық ұйымға аудит жүргізу үшін берген құжаттар мен басқа да ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапты болады. 2. Заңды тұлғаның міндетті аудит жүргізуден жалтаратын не оны жүргізуге кедергі жасайтын басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 3. Аудит жүргізу аудиттелетін субъектіні табыс етілген қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмегені үшін жауапкершіліктен босатпайды. Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар арасында, сондай-ақ олар мен аудиттелетін субъектілер арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі. 1. Осы Заң күшіне енгенге дейін берілген лицензиялар мен біліктілік куәліктері жарамды болады. 2. Осы Заңда көзделген Біліктілік комиссиясы құрылғанға дейін біліктілік куәліктері осы Заң күшіне енгенге дейін қолданылған тәртіп пен шарттарда беріледі. Қазақстан Республикасының
|