|
|
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2017.29.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-1. ҚР Жоғарғы Сотының 2017.29.06. № 5 Нормативтік қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 1-2. ҚР Жоғарғы Сотының 2014.24.12. № 4 Нормативтік қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 1-3. «Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 11 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге): 1) 3-тармақтағы «мен соттардың» деген сөздер алып тасталсын; 2) 5-тармақтағы «немесе төменгі саты сотының қарауы кезінде» деген сөздер алып тасталсын және аталған тармақтағы «ҚІЖК-нің 446-8-бабының 6) тармақшасына» деген сөздер «ҚІЖК-нің 446-8-бабының 8) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) аталған нормативтік қаулы 15-1-тармақпен толықтырылып мынадай редакцияда жазылсын: «15-1. ҚІЖК-нің 59-бабының 4 және 5-бөліктеріне сәйкес, қадағалау сатысындағы сот ҚІЖК-нің 387-бабында көрсетілген мән-жайларды анықтаған кезде ҚІЖК-нің 448-бабының 6-бөлігіне сәйкес орындалатын жеке қаулы шығарады.»; 1-4. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге): 1) 39-тармақтың екінші абзацындағы «575» деген цифрлар «575-1» деген цифрлармен ауыстырылсын, «қадағалау тәртібінде ғана» деген сөздер «талап қараусыз қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кассациялық және қадағалау тәртібінде» деген сөздермен ауыстырылсын. 1-5. «Жеке айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13: 1) 9-тармақтың үшінші абзацы «сотталушымен» деген сөзден кейін «соның ішінде медиация тәртібімен» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 12-тармақтағы «391» деген цифрлар «393» деген цифрлармен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-тармағына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болады әрі жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |