Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 13 маусымдағы № 211-ІІ Заңы (2022.27.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2-бап. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары 3-бап. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi 6-бап. Қазақстан Республикасындағы туризмді сыныптау 7-бап. Туристiк индустриядағы көрсетiлетiн қызметтер экспорты мен импорты 7-1-бап. Шетелдіктер үшін туристік жарна
2-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ 8-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң принциптерi 9-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi 11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 13-бап. Туризм жөнiндегi кеңес 14-бап. Туристiк ақпарат орталығы 14-1-бап. Басым туристік аумақтар 14-2-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау
3-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI ҰЙЫМДАСТЫРУ 15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары 15-1-бап. Туристерді орналастыру орындарының сыныптамасы 15-2-бап. Туристік өнімді қалыптастыру 15-3-бап. Туризм саласындағы хабарламалар 16-бап. Туристік қызмет аясындағы стандарттау 17-бап. Туристiк қызмет көрсету шарты 18-бап. Залалдар мен моральдық зиянды өтеу, туристiк қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары 20-бап. Туристiк индустрия ұйымдарының бiрлестiктерi 21-бап. Туристердiң бiрлестiктерi 22-бап. Туристiк қызмет саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлау 23-бап. Гид, туризм нұсқаушысы, экскурсовод
4-тарау. ТУРИСТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI, ТУРИСТIҢ ҚАУIПСIЗДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 26-бап. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету 27-бап. Туристiк қызметтi жүзеге асыру кезiндегi сақтандыру
27-4-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау тетігі
28-бап. Туристiк қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «туристік ұйымдарының», «туристік ұйымдарды», «туристік ұйымдардың», «Туристік ұйымдардың», «туристік ұйымға», «Туристік ұйым», «туристік ұйым», «Туристік ұйымдар», «туристік ұйымдар», «туристік ұйымдары» деген сөздер тиісінше «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларының», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың», «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға», «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға», «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалары» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред. қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «(гид-аудармашы)», «(гид-аудармашылардың)», «(гид-аудармашылар)», «(аудармашы гидті)», «(аудармашы гидтердің)», «(гид-аудармашымен)» деген сөздер алып тасталды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 1-1) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) гид - Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, туристерге ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтер көрсету үшін кәсіптік даярланған жеке тұлға; 2-1) - 3) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1) келу туризмі саласындағы туристік операторлық қызмет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын туристерге, оның ішінде туристік агенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды 3-2) сақтандыру сертификаты - сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екенін куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптары туралы ақпаратты қамтитын, жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген құжат; 4) тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) туризм - туристің тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты емес саяхатта уақытша болуы; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) туризм инфрақұрылымы - туризм саласының жұмыс істеуіне және туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұйымдар жиынтығы, өндірістік, әлеуметтік және рекреациялық мақсаттағы құрылысжайлар мен желілер кешені; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) туризм нұсқаушысы - тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, кәсіптік даярланған жеке тұлға; 7) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) туристендіру картасы - туристер қызығушылық танытатын, республикалық және өңірлік деңгейлердегі аумақтар; 8) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 8-1) туристік агент (бұдан әрі - турагент) - турагенттік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) туристік агенттік қызмет (бұдан әрі - турагенттік қызмет) - жеке немесе заңды тұлғалардың қосымша көрсетілетін қызметтерді қосу құқығынсыз туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде Қазақстан Республикасының туристік операторы қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі, сондай-ақ туристерге туристік өнім болып табылмайтын қызметтер көрсету жөніндегі қызмет; 10) туристік ваучер - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат; 11) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) туристік код - шығу туризмі саласындағы туроператор туриске беретін, ұйымдастырылған шығу туризмі шеңберінде туроператордың міндеттемелеріне кепілдік беретін бірегей нөмір; 12) туристік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі; 13) туристік көрсетілетін қызметтер - туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің көрсететін қызметтері) және сапар мақсатына қарай көрсетілетін, туристік қызмет көрсету шартында көзделген басқа да көрсетілетін қызметтер); 14) туристік қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемді туристік қызмет көрсету бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға мен туристің арасындағы келісім; 15) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар - турагенттер, туроператорлар, туризм нұсқаушылары, сондай-ақ өз бетінше туристік қызмет көрсететін гидтер, экскурсоводтар; 16) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17) туристік маршрут - туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік қызмет объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды; 18) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімі - туристік маршруттар мен соқпақтарды есепке алу құжаты; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) туристiк операторлық қызмет (бұдан әрі - туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың шығу туризмі саласындағы туристiк өнiмдi қалыптастыру, турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу және келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туристік өнімді қалыптастыру, туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 19-1) туристік оператор (бұдан әрі - туроператор) - туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20) туристік өнім - саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті барлық қажетті туристік көрсетілетін қызметтер кешені; 21) туристік өнімді ұсыну - туристік қызмет көрсетуге бағытталған шаралар (жарнама, мамандандырылған көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристік өнімді өткізу жөніндегі туристік ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) кешені; 22) туристік ресурстар - туристік көрсету объектілерін қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де объектілер; 23) туристік нарық - туристік қызмет саласындағы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) мен ақша айналысы; 24) туристік сала - негізгі қызмет саласы туристік қызмет көрсету, туристік өнім жасау, оларды ішкі және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткізу болып табылатын экономика саласы; 25) туристің төтенше жағдайға ұшырауы - туристің саяхаттан оралмауы, сондай-ақ туристің қаза болуына немесе оның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін авария, зілзала немесе апат нәтижесінде туындаған, саяхат кезінде белгілі бір аумақта болған оқиға; 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 25-1) туроператор-әуе кемесімен жалданушы - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды және багажды тасымалдау үшін бір немесе бірнеше рейстерге бір әуе кемесінің (немесе бірнеше әуе кемелерінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін экипажымен қоса оның пайдалануына беру туралы әуемен тасымалдаушымен (әуе кемесін жалдаушымен) әуе кемесін жалдау (чартер) шартын жасасқан туроператор; 26) уәкілетті орган - туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 26-1) шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны турагенттер арқылы туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнімді турагенттер арқылы туристерге ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 26-2) ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі; 27) экскурсант - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға; 28) экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып, көруі; 29) экскурсиялық қызмет - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарға танымдық мақсатта келуді ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 30) экскурсовод - Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, туристерге уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік көрікті жерлермен таныстыру жөнінде экскурсиялық қызметтер көрсету үшін кәсіптік даярланған жеке тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Туристік қызмет субъектілеріне мыналар жатады: 1) туроператорлар; 2) турагенттер; 3) тармақша 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3) Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтер, экскурсоводтар, туризм нұсқаушылары; 4) туристік қызмет саласындағы қоғамдық бірлестіктер; 5) ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым; 6) тармақша 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 6) шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары. 2. Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттық аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра алатын өзге де объектiлер. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Туристiк индустрия 1. Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы. 2. Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi: 1) турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету; 2) тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету; 3) тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету; 4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету; 5) көлiк қызметiн көрсету; 5-1) көліктің барлық түрлеріне билеттерді және іс-шараларға баруға билеттерді беру бойынша (броньға қоюды, сатуды және жеткізуді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтер; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) көрсетілетін ойын-сауық қызметтері; 7) туристік қызмет көрсету шартында көзделген өзге де туристiк көрсетілетін қызметтер.
5-бап. Туристiк ресурстар Қазақстан Республикасының туристiк ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимi, қоршаған ортаға түсетiн ауыртпалықтың жол берілетiн шегiн ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристiк ресурстары тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтiру жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Қазақстан Республикасындағы туризмді сыныптау 1. Қазақстан Республикасында туризм: 3) субъектілік қағидат бойынша; 4) объектілік қағидат бойынша сыныпталады. 2. Туризм түрлері халықаралық және ішкі туризмді қамтиды. 3. Халықаралық туризм мыналарды қамтиды: 1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың оның шегiндегi саяхаттары деп түсінілетін келу туризмi; 2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхаттары деп түсінілетін шығу туризмi. 4. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаттары ішкі туризм болып табылады. 5. Салалық қағидат бойынша туристік қызметтерді көрсетуге және нақты саладағы объектілермен және қызметпен танысуға деген туристік қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты туризм бағыттары ажыратылады. 6. Субъектілік қағидат бойынша туристердің өздерінің мәртебесіне (жасына, кәсібіне және басқаларына) байланысты туризм бағыттары ажыратылады. 7. Объектілік қағидат бойынша туристердің нақты объектілерге және (немесе) оқиғаларға баруына байланысты туризм бағыттары ажыратылады.
7-бап. Туристiк индустриядағы көрсетiлетiн қызметтер экспорты мен импорты 1. Қазақстан Республикасының аумағына келу туризмiн ұйымдастырумен байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету экспорты болып табылады. 2. Басқа елге шығуға байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету импорты болып табылады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 7-1-бап. Шетелдіктер үшін туристік жарна 1. Қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақ жайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем шетелдіктер үшін туристік жарна болып табылады. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген туристерді орналастыру орындарын қоспағанда, туристерді орналастыру орындарын беретін тұлғалар шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары деп танылады. Шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары шетелдіктер үшін туристік жарнаны алуды және жергілікті бюджетке аударуды жүзеге асыруға міндетті.
2-тарау. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу 8-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң принциптерi Қазақстан Республикасында туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: 1) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау; 2) туристiк қызметтiң басым бағыттарын айқындау және қолдау; 3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел деген түсiнiктi қалыптастыру; 4) Қазақстан Республикасының туристерi мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларының және олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделерi мен мүлкiн қорғау.
9-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi 1. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң негiзгi мақсаттары: 1) азаматтардың тyристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету; 3) туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасау; 4) саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ететiн туристiк индустрияны дамыту; 5) туристік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту; 6) халықаралық туристiк байланыстарды дамыту болып табылады. 2. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң басым бағыттары: 1) туризмдi Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельдi саласы ретiнде қалыптастыру; 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) туристiк ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерiн ескеру, табиғи және тарихи-мәдени мұраларын қорғау; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3) балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың аз қамтылған топтарының арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу; 4) туристiк индустрияны инвестициялау үшiн қолайлы жағдайлар жасау; 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) ішкі туризм мен келу туризмін қолдау және дамыту; 6) iшкi және халықаралық туризм қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн туристiк қызметтiң тиiмдi жүйесiн құру болып табылады. 3. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеу: 1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі саясатты айқындау; 2) туристiк қызмет саласындағы қатынастарды жетiлдiруге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау; 2007.12.07. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туристiк қызметтi лицензиялау; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-1) тармақша жаңа редакцияда 3-1) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес туристік қызмет аясындағы стандарттау; 4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) туристiк қызметтi кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 6) отандық туристердiң, туроператорлар мен турагенттердiң және олардың бiрлестiктерiнiң халықаралық туристiк бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу; 7) iшкi және дүниежүзiлiк туристiк рыноктарда туристiк өнiмдi ұсынуға жәрдемдесу; 8) елдiң туристiк ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: |
Содержание 1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары3-бап. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi4-бап. Туристiк индустрия5-бап. Туристiк ресурстар6-бап. Қазақстан Республикасындағы туризмді сыныптау7-бап. Туристiк индустриядағы көрсетiлетiн қызметтер экспорты мен импорты7-1-бап. Шетелдіктер үшін туристік жарна 2-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ8-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң принциптерi9-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) құзыреті13-бап. Туризм жөнiндегi кеңес14-бап. Туристiк ақпарат орталығы14-1-бап. Басым туристік аумақтар14-2-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау14-3-бап. Ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымның өкілеттіктері 3-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI ҰЙЫМДАСТЫРУ15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары15-1-бап. Туристерді орналастыру орындарының сыныптамасы15-2-бап. Туристік өнімді қалыптастыру15-3-бап. Туризм саласындағы хабарламалар16-бап. Туристік қызмет аясындағы стандарттау17-бап. Туристiк қызмет көрсету шарты18-бап. Залалдар мен моральдық зиянды өтеу, туристiк қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары19-бап. Туристiк ұйымдар20-бап. Туристiк индустрия ұйымдарының бiрлестiктерi21-бап. Туристердiң бiрлестiктерi22-бап. Туристiк қызмет саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлау23-бап. Гид, туризм нұсқаушысы, экскурсовод 4-тарау. ТУРИСТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI, ТУРИСТIҢ ҚАУIПСIЗДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ24-бап. Туристiң құқықтары25-бап. Туристiң мiндеттерi26-бап. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету27-бап. Туристiк қызметтi жүзеге асыру кезiндегi сақтандыру 4-1-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі27-1-бап. Жалпы ережелер27-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері27-3-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің міндеттемелері27-4-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау тетігі 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |