Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы (2015.27.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Заң күшi бар «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң актілері туралы» ҚР Президентінің 1995 ж. 23 наурыздағы № 2147 Жарлығын қараңыз Осы Заңның күшіне енуі туралы ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 ж. 21 қыркүйектегі № 157-XIII Қаулысын қараңыз
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-1-бап. Көліктік логистика қағидаттары 3-бап. Көлiк құралдарына меншiк туралы 4-бап. Көлiк жерлерi. Көлiк мұқтажы үшiн жерлер мен суларды беру тәртiбi 2-бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi 5-бап. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу 6-бап. Көлiктi мемлекеттiк басқару 7-бап. Көлiк қызметiн лицензиялау 8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi 3-бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi 9-бап. Экономикалық және шаруашылық қызмет негiздерi 12-1-бап. Аралас тасымалдар шарты 12-2-бап. Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты 12-3-бап. Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) 14-бап. Жолаушылар мен жүктердi транзиттiк тасымалдау 4-бөлiм. Көліктегі қауіпсіздік, энергия тиімділігі және жауапкершілік 15-бап. Көлiк құралдарына қойылатын талаптар 15-1-бап. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу 15-2-бап. Көлік-логистика орталықтары 16-бап. Көлiк құралдарын басқару құқығы 17-бап. Тасымалдаушының және аралас тасымалдарға қатысушылардың жауапкершілігі 17-1-бап. Жүктердi және жолаушыларды тасымалдау бойынша талап қою мен талап-арыз беру 18-бап. Жолаушыны, жүк пен теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмi және мерзiмiн өткiзгенi үшiн жауапкершiлiк 19-бап. Жолаушының, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушының жауапкершiлiгi 21-бап. Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзету 22-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде көлiк жұмысын ұйымдастыру 22-1-бап. Құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға көлік беру міндеті 23-бап. Көлiкте қауiпсiздiктi және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету 24-бап. Алып тасталды. 24-2-бап. Ақпараттық қамтамасыз ету 25-бап. Көлiктiк бақылау және қадағалау 25-1-бап. Көлік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау 26-бап. Көлiк саласындағы халықаралық қатынастар Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілдi; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілдi; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілдi 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) 1) жеңіл рельстi көлiк - жеке бөлінген жолдар бойынша жолаушыларды және багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын және метрополитен мен темір жолға қарағанда габариттерінің, жүк көтергіштігінің және қатынас жылдамдығының аздығымен сипатталатын қалалық рельстік көлік түрі; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) жолаушыларды әлеуметтiк маңызы бар тасымалдау - тарифтердiң қолжетiмдi деңгейiн және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркiн жүрiп-тұру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын жолаушыларды тасымалдау; 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды 1-2) аралас тасымал - бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатымен (бірыңғай коносаментпен) көліктің екі немесе одан да көп түрімен тасымалдау; 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды 1-3) аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты - аралас тасымалдар операторы мен әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдаушылар арасында жасалған шарт; 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды 1-4) аралас тасымалдар операторы - аралас тасымалды ұйымдастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды 1-5) аралас тасымалдар шарты - аралас тасымалды жүзеге асыру үшін аралас тасымалдар операторы мен клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) арасында жасалған шарт; 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 1-6) тармақшамен толықтырылды 1-6) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) - аралас тасымалдар операторының жүкті межелі пунктке дейін жеткізу үшін өз иелігіне қабылдағанын куәландыратын құжат; 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес, ал аралас тасымалдар кезінде жасалған аралас тасымалдар шартына сәйкес көлiктi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға; 3) көлік инфрақұрылымы объектілері теміржол, трамвай, жеңілрельс, монорельс және ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды, әуеайлақтарды, әуежайларды, көлік-логистика орталықтарын, байланыс, навигация және көлік құралдарының жүрісін басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбыржолдарды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен; 4) көлiк кәсiпорны - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес iс-әрекет жасайтын, жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдау, көлiк құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегі қызметпен айналысатын заңды тұлға; 5) көліктік логистика - тасымалдың (тасымалдаудың) әрбір кезеңінде жүктер қозғалысының мониторингін қамтитын, әртүрлі көлік түрлерін (теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) пайдалана отырып, оңтайлы маршрут бойынша жүк жөнелтушіден (өндірушіден) жүк алушыға дейінгі тасымалды (тасымалдауды) жоспарлау және басқару жөніндегі тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара байланысты іс-қимылдарының жиынтығы; 5-1) көлік-логистика орталығы бұл құрылыстар орналастырылған арнайы бөлінген учаскені қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік және шекаралық операцияларды қоса алғанда, тасымалдаумен қатар жүргізілетін, жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын дайындау, бөлу және қорытындылау технологиялық операцияларын орындауға, оның ішінде қарап-тексеруге арналған көлік инфрақұрылымы объектісі; 6) Қазақстан Республикасының көлігі - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көлігі, қалалық рельстік көлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық құбыр көлігі; 7) қалалық рельстік көлік - қала және қала маңындағы аймақ шекараларында рельстермен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңілрельстік, монорельстік көлік); 8) метрополитен - көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі; 9) тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған белгiленген тәртiппен берiлген тиісті рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралын иеленушi жеке немесе заңды тұлға; 10) 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
28.12.98 ж. № 338-1 ҚР Заңымен; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 2-бап өзгертілдi 2-бап. Көлiк туралы заңдар Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Труба-құбыр көлiгi қызметiне байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi. Тасымалдау шарттары, көлiк құралдарын пайдалану, адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін көлік құралдары мен олардың өмірлік циклінің процестерін техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі - қауіпсіздік) қамтамасыз ету тәртібі тиісті көлік түрлерінде қолданылатын, белгіленген тәртіппен бекітілетін және көлік қатынастарының барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылатын нормативтік актілерде айқындалады
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды 2-1-бап. Көліктік логистика қағидаттары Көліктік логистика қағидаттары мыналар болып табылады: 2) клиенттердің қажеттіліктеріне бағдарлану; 7) жаһандық көлік-логистика жүйесіне кірігу.
28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 340-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 35-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 3-бап өзгертілдi 3-бап. Көлiк құралдарына меншiк туралы Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, кеме жүретiн су жолдары, шамшырақтар, кемелердiң қауiпсiз жүрiсiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, шлюздер, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты инженерлiк желiлер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншiгi болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының аэронавигациялық құрылғылары мемлекет меншігі болып табылады, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жеке меншiкте болуы мүмкiн. Магистральдық теміржол желісі жекешелендіруге жатпайды және кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі. Мемлекет меншігіндегі магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілері кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі. Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттары жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілгендерді қоспағанда, кiрме жолдар мен тар табанды желiлер, сондай-ақ автомобиль жолдары мемлекет меншiгінде де, жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 4-бап өзгертілдi 4-бап. Көлiк жерлерi. Көлiк мұқтажы үшiн жерлер мен Республикадағы көлiк жерлерi болып: - жердi пайдаланушыларға көлiк объектiлерiне деп бөлiнген жерлер; - жолдар мен желiлердi салуды және пайдалануға берудi жүзеге асыратын көлiк, жол және басқа ұйымдарға бөлiнген көлiк жолдары мен желiлерiне арналған жерлер танылады. Көлiкке жер бөлу мен су көлiгiне суларды беру кезiнде туындайтын жер және су қатынастары, оларды пайдаланудың тәртібі жер, су және көлiк заңдарымен реттеледi. Опырылып құлауға, көшкiндеуге, су шайып кетуге, сел тасқыны болуға және басқа қатерлi табиғи құбылыстар әсерлерiне бейiм аудандардағы көлiк құрылыстарының және басқа объектiлерiнiң сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау аймақтар белгiленедi. Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өздерiне берiлген жерлердi оларды беру мақсаттары мен шарттарына сәйкес пайдалануға, өндiрiстiң табиғат қорғау технологияларын қолдануға және аумақта өз қызметi салдарынан экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi.
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi
2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілдi 5-бап. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгiлеу, инвестициялық, бiртұтас әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кәсiпорындарының орындауына бақылау және қадағалау жасау жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге реттерде мемлекеттік органдардың көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне араласуына, сондай-ақ көлiк кәсiпорындарының пайдалану қызметкерлерiн басқа жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қарауындағы теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігін пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер шығарады.
28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 6-бап өзгертілдi 6-бап. Көлiктi мемлекеттік басқару Көлiктi мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмiмен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiткен Ережеге сәйкес iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi мемлекеттік орган жүзеге асырады. Уәкiлеттi мемлекеттік органның негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы экономикалық мүдделi қорғау; көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және ұлттық стандарттарды әзiрлеуге қатысу; инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу; республика экономикасы мен халқының тасымалдауларға, оның ішінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауларға және соларға байланысты көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау; көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау; мемлекеттiң және халықтың тасымалдау қажеттерiне болжамдар әзiрлеу; Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттік реттеу iсiн жүзеге асыру болып табылады.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 7-бап жаңа редакцияда; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 7-бап өзгертілдi 7-бап. Көлiк қызметiн лицензиялау Көлiктегi лицензиялануға тиiс қызмет түрлерiнiң тiзбесi заң актілерімен белгiленедi.
28.12.98 ж. № 338-1; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 8-бап өзгертілдi 8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi «Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жолаушылар көлiгінің республикаішілік тұрақты маршруттарында жолаушыларды тасымалдауларды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушылар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тиісті тасымалдауларды ұйымдастырған жергiлiктi атқарушы органдармен немесе олар уәкілеттік берген органдармен осы маршруттарға қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуы тиiс. Метрополитенмен жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауларды ұйымдастыруды метрополитен орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. Метрополитенде қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін және техникалық құралдардың күтіп-ұсталуын бақылауды метрополитен орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi
28.12.98 ж. № 338-1 ҚР Заңымен; 15.12.01 ж. № 272-II ҚР Заңымен; 24.12.01 ж. № 276-II ҚР Заңымен; 09.07.04 ж. № 596-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілдi 9-бап. Экономикалық және шаруашылық қызмет негiздерi Көлiкте экономикалық және шаруашылық қатынастардың негiзiн көлiк қызметтерiнiң сұраныс және ұсыныстар нарқы қалыптастырады. Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өз қызметiн коммерциялық негiзде жүзеге асырады. Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар жоспарды дербес әзiрлейдi, клиент қажеттерiне сәйкес жұмыстар мен қызметтердi орындауға шарттар жасасады. Рентабельдiлiгi қолданылып жүрген реттелетiн тарифтермен қамтамасыз етiлмейтiн жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөнiнде шешiмдер қабылдаған мемлекеттік органдар тасымалдаушылар залалдарын субсидиялауды бюджет қаражаты есебінен: қала iшіндегі, аудандық маршруттар кезiнде - қалалық, аудандық бюджеттерден; ауданаралық қатынас кезiнде - облыстық бюджеттен субсидия берудi қамтамасыз етедi. Метрополитенмен және жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын жергілікті атқарушы орган айқындайды. Жеңіл рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметті ұсыну жергілікті атқарушы орган мен астананың көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компания арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Кеме жолдарын, шлюздердi, кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қадағалайтын инспекцияларды ұстау бюджет қаражаттары есебiнен жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының мемлекет кемежайларын, магистралдық темір жол желісін пайдаланғаны үшiн, әуе кеңiстiгінде ұшуды басқару мен аэронавигациялық қызмет көрсетiлгенi үшiн заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдердiң заңды және жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде төлемдер төлейдi. Қазақстан Республикасының кеме жүретiн су жолдарын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады. Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн ақының ставкалары, бюджетке есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен ; 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілдi 10-бап. Тарифтер Жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдауға және тасымалдауларға байланысты қызмет көрсетуге, оның ішінде аралас тасымалдар кезінде тасымалдаушылар және көлік кәсіпорындары қызметiн қамтамасыз ететiн ерiктi (шарттық) тарифтер (осы Заңның 9-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайлардан басқа) белгiленедi. Көлiк қызметтерiнiң жеке түрлерi бойынша мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын жүргiзу құралы немесе көлiк саласындағы монополистiк қызметтi жою құралы ретiнде Қазақстан Республикасы заңдары анықтайтын тәртiпте реттелiп отыратын (мемлекет шегiнде бiрыңғай) тарифтер белгiленуi мүмкiн.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен; ҚР 08.05.03 ж. № 414-II Заңымен; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 11-бап өзгертілдi 11-бап. Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы: «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсатқа ие болуға; - клиентпен белгiленген нысанда шарт (келісім-шарт) жасасуға; - сәйкестікті растау саласындағы құжаттары бар көлiк құралдарын беруге; - клиентке және үшiншi тұлғаға келтiрген зияндарды, оның iшiнде зая жiберген уақытты ақшалай тепе-тең өтеуге; - жолаушы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оған қажеттi қолайлы және қызмет көрсету жағдайларын жасауға, ал жолаушы теңдеме жүгiн өткiзген ретте, оның теңдеме жүгiнiң дер кезiнде тасымалдануы мен сақталуын қамтамасыз етуге; - қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге; - көлiк қызметтерi нарығында клиентке таңдау еркiндiгiн қамтамасыз етуге; - жөнелтiлетiн жүктiң өз сертификатына сәйкес келуiн растайтын құжаттарды алуға; арнайы және әскери тасымалдауларды жүзеге асыруға өздерінің құзыреттері шегінде мемлекеттік органдардың талаптарын орындауға (бұл тасымалдауларды жүзеге асыруға жұмсалатын шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеледі); - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен өзінің жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті. Тасымалдаушының, реттелетiн тасымалдарды қоспағанда, баға белгiлеу ережелерiне сәйкес тасымалдау бағасын еркiн белгiлеу құқығы бар. Тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлiк туралы заң актілерінде көзделгендерден өзге реттерде, заңды және жеке тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес. Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiк-экспедиция қызметтерiн жүзеге асыру кезiнде клиенттiң: - өзi мен тасымалдаушы арасында жасалған шарттың орындалуын талап етуге; - тасымалдау сапасы деңгейi оның сертификатына сай келуiне белгiленген тәртiппен дауласуға; - келтiрiлген зиянның, соның iшiнде босқа кеткен уақыттың ақшалай өтелуiн талап етуге құқығы бар. Клиент: - тасымалдаушымен жасалған шарттың ережелерiн сақтауға; - жүктiң өз сертификатына сай келуiн растайтын құжатты тасымалдаушыға беруге; - тасымалдау ережелерiн орындауға; - жүк пен теңдеме жүктi тасымалдауға дайын күйiнде табыс етуге мiндеттi. Жолаушы тасымалдау қағидаларында белгіленген уақыттан кешікпей тасымалдау басталғанға дейін жөнелту пунктіне келуге міндетті. Жөнелту пунктіне келу уақыты билетте көрсетіледі. |