Павлодар қаласының 2017 - 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы (2017.05.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына, сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2017.06.03. № 121/17 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.03.05. № 146/20 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.10.08. № 183/23 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.17.10. № 202/26 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.05.12. № 211/29 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Павлодар қаласының 2017 - 2019 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 58 607 727 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 43 954 706 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 203 032 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2 114 882 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 12 335 107 мың теңге; 2) шығындар - 60 847 158 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 3 403,5 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 3 403,5 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - - 3 363 мың теңге, соның ішінде: мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 3 363 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -2 239 471,5 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 239 471,5 мың теңге. 2. Павлодар қаласының 2017 жылға арналған бюджетінде Павлодар қаласының бюджетінен облыстық бюджетке 21 928 088 мың теңге сомасында бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|